Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Список авторов
Сапарбаев Б. М.
Аким Жамбылской области
Карабалаев А.Д.
Акима города Тараз
Нуржигитов Н.М.
Аким Байзакского района
Даулет Р.Р.
Кордай ауданының әкімі
Календеров Н. С.
Аким Шуского района
Арубаев С.К.
Аким Жамбылского района
Мусаев М. Т.
Аким Мойынкумского района
Умирбек М. А.
Аким Меркенского района
Кокей О. Т.
и.о. Акима Сарысуского района
Ергебеков Н.А.
Аким Жуалынского района
Казанбасов Б.А
Аким Талаского района
Садыркулов Е. С.
Аким района Т.Рыскулова
Бердияров О.А.
Руководитель управления ветеринарии акимата Жамбылской области
Алчинбаев Р.М.
Председатель Жамбылского областного суда
Мерманкулова Ш. М.
Начальник Департамента по исполнению судебных актов Жамбылской области
Алдамжаров Н.Ж.
Начальник управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Жамбылской области
Джуманкулов М.С.
Руководитель управления здравоохранение акимата Жамбылской области
Бейсенкулов Д.И.
Руководитель управления внутренней политики акимата Жамбылской области
Аралбекова К.А.
руководитель управления туризма акимата Жамбылской области
Берікқожа С.Қ.
Временный исполняющий обязанности руководителя управления по вопросам молодежной политики акимата Жамбылской области
Жауынбекова Г.А.
Руководитель управления экономики и бюджетного планирования управления акимата Жамбылской области
Шалдаров Ж.Ш.
Руководитель управления строительства акимата Жамбылской области
Ходжабергенова Г. М.
Руководитель управления образования акимата Жамбылской области
Исаева Р.
Руководитель управления финансов акимата Жамбылской области
Баубеков Ж. Н.
Руководитель управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области
Досанов Д. И.
и.о. руководитель Управления архитектуры и градостроительства акимата Жамбылской области
Досаев К.А.
Руководитель управления инспекции труда акимата Жамбылской области - главный государственный инспектор труда по Жамбылской области
Оразбеков А. У.
Руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области
Сариев Ж.Б.
Управление предпринимательства и индустриально – инновационного развития акимата Жамбылской области.
Омаров Ж. Ж.
Управление по делам религий акимата Жамбылской области
Көпбосынов Б.Б.
Руководитель Управления земельных отношений акимата Жамбылской области
Быкыбаев Д. Д.
Управление культуры, архивов и документации акимата Жамбылской области
Нигмашев Б. Б.
руководитель управления сельского хозяйства акимата Жамбылской области
Алиев Д.К.
Руководитель управления государственного архитектурно-строительного контроля акимата Жамбылской области
Жунисбеков Н.А.
Руководитель управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области
Джанибеков Бакытжан Оразалиевич
Руководитель управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жамбылской области

Список категорий

ОБРАЗОВАНИЕ

ЗДРАВООХРАНЕНИЕ

СОЦИАЛЬНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ

РАЗВИТИЕ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА

О РАБОТЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОРГАНОВ (ГОСУСЛУГИ)

МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС

СТРОИТЕЛЬСТВО, ЖИЛИЩНЫЕ ПРОБЛЕМЫ

ФИНАНСЫ

ИПОТЕКА

МОЛОДЁЖНАЯ ПОЛИТИКА

ТРАНСПОРТ

ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ

НАУКА

СПОРТ

РАЙОНЫ

СВОБОДНАЯ ТЕМА

ТУРИЗМ

СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО

КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

ФОТОАЛЬБОМ

ЗАЩИТА МАЛОГО И СРЕДНЕГО БИЗНЕСА


Баннеры:

Блоги руководителей государственных органов Республики Казахстан

Сайт Акимата Жамбылской области

КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ


    Записи в категории Вопросы в категории

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың аудан тұрғындарын Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы
Автор блога: Арубаев С.К.
Категория: КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

 

Құрметті  соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, аудан жұртшылығы! Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл болды. Бұл күн- сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл біздің халқымыздың, ардагер аталарымыз бен тыл еңбеккерлерінің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс еді. Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына және тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ата-апаларымызға бас иіп, әрқашан тағзым етеміз. Қаншама боздақ ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен майдангерлерді ұлықтап, Жеңіс туын желбіреткен жандарды мақтан етуіміз керек.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, аудан жұртшылығы, сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
9 мая 2020 года · 102 просмотра · комментариев 0
Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың аудан тұрғындарын 7 мамыр Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтауы
Автор блога: Арубаев С.К.
Категория: КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

 Ардақты аудан тұрғындары!

Құрметті сарбаздар мен сардарлар!

Сіздерді ел тыныштығын қорғауда қырағылық танытып жүрген Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабамыз аманат еткен ұлан-ғайыр даланы қырағы күзетіп тұрған халқымыздың қорғаны – ұлттық әскеріміздің сарбаздары үшін бұл күн ерекше аталып өтіледі. Отанды қорғау тек ерлердің ғана ісі емес, баршаның қасиетті борышы. Отан – оттан ыстық мекен, ұл-қызға ортақ қазына. Сондықтан да оны қорғау – ұлы абырой.
Қазақстан Қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашанда асқақтай береді.

Қымбатты аудан жұртшылығы!

Ұлтын сүю – ұлылықтың белгісі. Кіндік қаны тамған туған жерді қастерлеу, қорғау – ұлы іс. Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, ерлік даңқы өшпесін! Қорғанысымыз қуатты болсын!

9 мая 2020 года · 96 просмотров · комментариев 0
Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы Арубаевтың аудан тұрғындарын 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Автор блога: Арубаев С.К.
Категория: КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

   Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен – ел бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – халықтар достығы мен өзара түсіністігін нығайтып, бейбіт өмірді қадірлеп-қастерлейтін ерекше күн. Көк тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешкен барша қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігін көрсететін күн. Бұл – ынтымақ пен ырыстың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл – ерен еңбекті паш етіп, ұлы достықты ұлықтайтын сәулелі сәт. Оның қадір-қасиеті сонда, бейбіт елдің ырысы тасиды, бірлігі мығым елді жау алмайды.

Сонау соғыс жылдарында күштеп қоныс аударылған талай халық бақытын қазақ жерінен тапты. Бір қиырдан тағдыр тауқыметімен жер ауып келгендерді кең құшағына алған қазақ халқына өзге ұлттардың ризашылығы шексіз. Бүгінде барлық ұлттың баласы бір мақсат төңірегінде топтасып, игі істердің бастамашысы болып отыр. Қазақ елін мекендеген әрбір ұлттың өкілі татулық пен тұрақтылықты ту етіп, Отанға деген құрметін адал еңбегі арқылы көрсетіп келеді. Қаншама ұлттың басын қосқан қазақтың ұлы шаңырағында тыныштық орнаған. Бәрінің басты байлығы сол – қоғамдық келісім, ұлтаралық татулық, ынтымақ пен бірлік.

Біз береке-бірліктің арқасында дамудың даңғыл жолына түстік. Елімізде азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау ұлттық игілігімізге айналды. Ұлттар мен ұлыстар бір-бірінің салт-дәстүріне, мәдени құндылықтарына құрметпен қарайды. Көзқарастары мен болмыстарын қадірлейді. Осының өзі елімізде саяси тұрақтылықтың қалыптасуына оң ықпалын тигізуде. Аудан халқы да барша қазақстандықтар сияқты ортақ міндеттерді орындау, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп, еселі еңбекке ден қойған. Қазіргідей төтенше жағдайлар кезеңінде де аудан халқы бір-бірімен септесіп ғұмыр кешуде.

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерге шынайы көңілмен амандық пен саулық, бақыт пен шаттық, отбасында береке, еңбекте табыс тілеймін. Сан халықтың құт мекені – Қазақстан өркендей берсін! Егемен еліміздің абыройы асып, мерейі өссін! «Мәңгілік Ел» мұратына жетейік!

1 мая 2020 года · 116 просмотров · комментариев 0
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай аудан әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлының құттықтауы
Автор блога: Арубаев С.К.
Категория: КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

        Құрметті аудан жұртшылығы!

Ел аузында «Ауған соғысы» деп аталып кеткен қасіретті оқиғаға сан мыңдаған қазақстандықтың қатысқаны белгілі.

Сол бір жұмбақ соғысқа Қазақстанның өзінен 22 мыңға жуық жауынгер қатысты. Оның 120-дан астамы – Жамбыл ауданының өрендері болатын.

Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің біріне айналған осы бір күн адам баласының жүрегінде жазылмас жараның ізін қалдырды.

Жүздеген жас азамат жат жерде жан тапсырып, мыңдаған отандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды.

Саяси оқиғаның құрбаны болған боздақтардың есімдері халық жадында мәңгіге жаңғыра бермек. Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толды. Отан алдындағы борышын жат жерде өтеп, сол соғыстың жан жарасынан айыға алмай жүрген азаматтар ортамызда жүр.

Қазір ауданымызда 62 ардагер бар. Олар тәуелсіз еліміздің дамуына жан-жақты үлес қосып, өнегелі отбасының отағасы атанып, ұл-қыз тәрбиелеп, халық үшін қызмет атқаруда.

2011 жылы Аса ауылы аумағынан арнайы жер бөлініп, қазіргі мына біз тұрған Ауған соғысы ардагерлерінің аллеясы салынғанын білесіздер. Бұл саябақта интернационалист жауынгерлер даңқына ескерткіш тақта орнатылуының терең мағынасы бар деп білемін.

Бұл – Ауған соғысы ардагерлеріне деген үлкен құрмет.

Құрметті халайық!

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деп бағалаған дана халық батырларын әрдайым құрметтеп, қадірлеген.

Осы тұста, бүгінгі жас ұрпақ аға буынның ерен ерлігін мақтан тұтып, болашаққа батыл қадам басатынын қуана айтқым келеді.

Әскери борышын өтеу сәтінде атылған оққа қарсы тұрып, майдан шебінде жауға тойтарыс берген батыр ағаларымыз қандай марапатқа да лайық.

Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндеріндегі қуанышты сәттеріміз жалғаса берсін. Ұрпағымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасының амандығын тілеймін.

Ерлік даңқы өшпесін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 февраля 2020 года · 197 просмотров · комментариев 0
Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Қаланұлы Арубаевтың жаңа жылдық мерекелік құттықтауы
Автор блога: Арубаев С.К.
Категория: КУЛЬТУРА И ИНФОРМАЦИЯ

 

Құрметті аудан жұртшылығы!

         Санаулы сағаттардан кейін біз тағы бір жылды артқа тастап, 2020-шы жылға аяқ басқалы отырмыз.

Бұл - өзімен бірге қашанда сән-салтанат пен шаттық, келешекке деген сенім мен үміт әкелетін мереке.

Міне, енді аз ғана уақыттан кейін 2019 жыл да тарих еншісіне енеді. Өзіндік айшықты ізін қалдырып, өтіп бара жатқан жылдың ауданымыз үшін де маңызы айрықша.

2019 жыл жалпы аудан үшін биік табыстар мен жетістіктердің жылы болды десек артық айтпаймыз.

Құрметті жерлестер!

Алдағы жылдың қандай болатындығы ауданымыздың гүлдендіруге деген баршамыздың ынта-жігерімізге байланысты. Табыс тек қана бірлескен белсенді жұмыс және қоғаммен биліктің өзара үйлесімді әрекеті нәтижесінде мүмкін болады.

Аймақты дамыту үшін бізді алдағы жылы да асқаралы міндеттер күтіп тұр. Экономикалық-әлеуметтік және ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, тұрғындардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға ерекше серпін бермек.

Осы тұста мына бір сәтті ерекше атап өткім келеді, еліміздің әрбір тұрғынына лайықты жұмыс істеу мен өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттік билік орындарының негізгі басым жұмысы болып табылады. Біз сіздермен бірге өмірімізді бұдан да жақсарта аламыз. Ол үшін, әрине, еңбектену қажет.

Қадірлі ағайын!

Барлық жетістіктер мен табыстар – сіздердің ынта-жігерлеріңіз бен еселі еңбектеріңіздің нәтижесі деп білемін.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, аудан әлеуетін арттырудағы игі істеріңізді жоғары бағалаймын.

         Сіздерді 2020 – Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

         Жаңа жыл игілікті істерге толы болсын.   Әрбір шаңыраққа шаттық, зор денсаулық, мол бақыт, жаңа табыс, бейбітшілік, келісім мен сүйіспеншілік, жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

31 декабря 2019 года · 271 просмотр · комментариев 0
начало ... <-пред. 1  2  3 4 5 6 след.-> ... конец
Последние вопросы
Дидар
Вопрос: Карабалаев А.Д.
Құрметті Карабалаев Айтказы мырза. Сізге газға байланысты сұрағым бар. Мен Құмшағал ауылды округіне қарасты Шөлдала ауылының ...
Людмила
Вопрос: Карабалаев А.Д.
Здравствуйте уважаемый Аким нашего города. Обращаются к вам жители микрорайона "Акбулак" дома №32 и №41 с жалобой и просьбой ...
Арслан
Вопрос: Джуманкулов М.С.
Әссәләмуьалейкум! Менің танысым ауруханада жатыр, оған дәрі дәрмек керек. Дәрігер айтты біз бәрін өзіміз тегін беруіміз керек деп, ...
Мислимова Рафига Тахиркызы
Вопрос: Календеров Н. С.
Здравствуйте. Я Мислимова Рафига хочу узнать какие пособия положены матерям одиночкам, и почему я ничего не получаю. Ни где мне не дают ...
Жанна 8 776 6022460
Вопрос: Сапарбаев Б. М.
Добрый день. В прошлом 2019 году я подала заявление на сруб дерева, которое находится по адресу ул. Байзак Батыра, д.127. Дерево тополь гниет ...
Айбол
Вопрос: Календеров Н. С.
Шу ауданы Корагаты округіне жол жөнделіп жатыр,сол жол жөндеу сапасы нашар енi қыска iстеген iстерi жай қазылған жерге су сеуіп жатқан ...
Құрманбек Нағима Қаныбек қызы
Вопрос: Сапарбаев Б. М.
Салеметсизбе Сапарбаев Б М мырза сизди мерки ауданы акимдиги мен жумысшылары адам курлы кормейди екен бугин барып сизди айтып едим ол ...
ana
Вопрос: Сапарбаев Б. М.
Сәлеметсіз бе . БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ өтініш оқып танымып шешіп беруіңізді сұранамын. Мен №1 Қалалық көп салалы ауруханасының аушерия ...
ana
Вопрос: Сапарбаев Б. М.
Сәлеметсіз бе . БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ өтініш оқып танымып шешіп беруіңізді сұранамын. Мен №1 Қалалық көп салалы ауруханасының аушерия ...
Болат Исмаилов
Вопрос: Баубеков Ж. Н.
Құрметті Айтқазы Дәулетқұлұлы, ұлым Исмаил Нұралий,2009ж.т., 2012 жылдан бері мүгедек-бала.26.05.2020ж.МӘС-дан қайта куәландырудан өтті.Бірақ ...

  • 5564
  • 139
  • 26
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'