Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Қарабалаев А.Д.
Тараз қаласының әкімі
Нұржігітов Н.М.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә.
Шу ауданының әкімі
АрубаевС.К.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбек М. А.
Меркі ауданының әкімі
Мәдібек Қ. Қ.
Сарысу ауданының әкімі
Ергебеков Н.Ә.
Жуалы ауданының әкімі
Қазанбасов Б.А
Талас ауданының әкімі
Садырқұлов Е. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Алдамжаров Н.Ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Аралбекова Қ.Ә.
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы –Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы
Берікқожа С.Қ.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Шалдаров Ж.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы
Бекбатырова Ж.Е.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Исаева Р.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Нұрымбетов Т.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Досанов Д. І.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы у. а.
Есіркепов Е.C.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасыныңбасшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторыныңуақытша міндетін атқарушы
Әділбақов А. К.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысың міндетін атқарушы
Сариев Ж.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Көпбосынов Б.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нығмашев Б. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Акбердиев Е.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшы міндетін уақытша атқарушы
Жүнісбеков Н.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Жамбыл әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

Ардақты, ағайын! Қадірменді, жерлестер!
Блог авторы: Садырқұлов Е. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Сіздерді халқымыздың бой-тұмарындай болып келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз мерекесі – ынтымақ пен бірліктің, достық пен бауырмалдықтың, көктем мен еңбектің мерекесі.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Бұл – күн мен түн теңесіп, жақсылық пен жарастықтың, шапағат пен қайырымдылықтың, ізгілік пен игіліктің бастау алар күні. Адамзат баласын ізгілік пен игілікке жетелеген осынау мерейлі мереке әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық әкелсін.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілеймін!
 
                                                                                      Т.Рысқұлов ауданының әкімі Садырқұлов Е.С.
14 Наурыз 2019 Жыл · 447 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Ардақты аналар! Құрметті арулар, қарындастар!
Блог авторы: Садырқұлов Е. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Ардақты аналар! 

Құрметті арулар, қарындастар!
Баршаңызды шұғылалы көктемнің айрықша мерекесі 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі.
Ана-қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Біз Ана махаббаты арқылы мейірім мен жылылықты сезінеміз. Әрбір адамзат баласының жеткен жетістігі мен шыққан биігінде Анасының қосқан үлесі зор деп білеміз. Жер бетінде әйел-ананы ұлықтамайтын халық жоқ. Себебі, адамзат тіршілігі аналардан бастау алады. Қарлығаштай баласын қорғаштап аналар, ерлеріне сүйеу бола білген әйелдер, ердің жүгін ерінбей көтерген қыз –келіншектерге біз әр уақытта қарыздармыз. «Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады»,-деген даналық сөз бар. Расында, әйелдің қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Әр үйдің отын өшірмей отырған, халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихы мен тілін қастерлеп, сақтап, қадірін балаларының бойына дарыта білген.  Болашаққа деген нық сеніммен рухани даму жолында атқарылар ауқымды жұмыстар тек Сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асырылады. Сіздер, шын мәнісінде, отбасын ойлайтын тұлға, сонымен бірге егемен еліміздің стратегиялық міндеттерін орындауға, оның барлық жеңістері мен табыстарына зор үлес қосып отырған жансыздар. Ең бастысы, Сіздер қай жерде жұмыс істесеңіздер де сол ортаға жылылық пен жайлылықты, сенімділік пен жауапкершілікті, әдемілікті бірге ала келесіздер. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің кез-келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Олар-педагог,
олар-дәрігер, олар-мемлекеттік қызметші, олар-инженер. Әйел-ананың қоғамдағы рөлі ерекше. Олар отбасына да, Отанға да қызмет етуде.
Ардақты аналар, аяулы арулар!
Бүгінгі әйел-ана-тіршілік шырайы, береке мен бірлік шырағы, ырыс пен ынтымақ тұрағы. Ананы ардақтау, әйелді құрметтеу – баршамыздың қасиетті парызымыз. Сіздерді тағы да көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, болашаққа зор сенім, мәңгі жастық пен сұлулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілеймін!
 
Аудан әкімі                                                                       Е.Садырқұлов
7 Наурыз 2019 Жыл · 520 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Блог авторы: Садырқұлов Е. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. 
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек.
Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Баршаңызға елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілеймін. Мемлекетіміздің мәртебесі мерейлі болып, абыройы арта берсін!
1 Наурыз 2019 Жыл · 427 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті, аудан жұртшылығы, қымбатты жерлестер!
Блог авторы: Садырқұлов Е. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл -  жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін  мереке.  

Өткен 2018 жыл біздің еліміз үшін естен кетпес жарқын оқиғаларға толы болды. Қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы- біздің барлық табыстарымыздың кепілі. Отансүйгіштік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарымыз биік идеал мен асыл мұраттарымыздың орындалуына зор күш берді. Еліміздің өсіп-өркендеуіне индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды серпін жасады.

Туған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуында мол табыстарға қол жеткіздік. Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауынан бастау алған жақсылықтарды өз өмірімізден айқын сезіндік. Елдің дәулеті артты, барлық әлеуметтік топтарға жасалған мемлекеттік қамқорлық бақытты өмірдің айқын көрінісін орнықтырды.

Қазақстанда жүздеген жаңа инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Ірі өндіріс орындары іске қосылды. Аймақта әлеуметтік – экономикалық салада үлкен табысқа қол жеткізілді. Рухани – мәдени өмірімізде игі істер өз нәтижесін берді. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында  жаңа жекеменшік балабақшалар салынды, жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде оң өзгерістер орын алды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар жүзеге асып, аудан республикаға танылды.

Біздің толағай табыстарымыз бен еңбектегі жетістіктеріміз 2019 жылы да жаңа идеялық ізденістермен  және бастамашыл қадамдармен жалғасын таба беретін болады.

Жаңа жылдан күтеріміз мол. Бұл жылы Жамбыл облысының 80 жылдығын атап өтеміз. Барша Жамбылдықтар, оның ішінде Т.Рысқұлов ауданы  жұртшылығы осы жылды зор еңбек тартуларымен, ортақ мемлекеттік мүдде жолында жеке өнегесімен айшықтап, үлес қосатынына сенімдіміз.

 

 

 

 Ардақты ағайын!

Жаңа жыл үлкен үміт пен зор сенімнің, шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт тілейміз! Жаңа жыл баршаңызға жақсылық әкелсін!  Сынаптай сырғыған уақыт ізін білдірместен тағы бір жылды өз әміріне көндірді. Сөйтіп, адамзат баласына жақсылығы мен жамандығын қатар сыйлаған тағы бір жыл тарих қойнауына жол тартты.

Ең бастысы, бірлік пен ынтымақ болса, мол табыстарға қол жеткізетінімізге деген сенім беки түсті. Сондықтан да үмітімізді ақтағаны, несібемізді еселегені үшін өтіп бара жатқан жылға ризашылығымыз шексіз.

Жаңа жылдан да жаңа табыстар мен жетістіктер күтеміз. Алдағы жылы ауданның бірнеше елдімекенінде ауыз су мәселесі шешілмек. Газ құрылысы жалғасады. Кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу мәселесінде де бірқатар шаруалар жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы азаматтарымыздың өсе түсіп отырған талап-тілектерін қанағаттандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында көзделген жұмыстар жеткілікті. Амандық болса, барлығы біртіндеп жүзеге асырылатын болады.

Қымбатты, жерлестер!

Жаңа 2019 жылы елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік, әрбір отбасында шаттық пен қуаныш болсын! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша аудан халқына амандық пен мол жақсылық тілейміз!

 

Аудан әкімі        А.Қырықбаев

 

29 Желтоқсан 2018 Жыл · 565 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті, жерлестер, ардақты ағайын!
Блог авторы: Садырқұлов Е. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті, жерлестер, ардақты ағайын!

Сіздерді Республиканың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.Қазақстан мемлекеті өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні
құтты болсын, ағайын!



 

 

 

 

 

Қазақстан бүгінде, қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды!Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр», - деп атап көрсетті. Аз уақыттың ішінде егемен еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жарқын жолынан өтіп, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыздың татулығы мен ынтымағының арқасында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал қалыптасты. Елбасының Қазақ елінің алдағы жарқын болашағын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиялық бас құжаты - біздің келешек дамуымыздың бағдаршамы. Онда «Мәңгілік Ел» болу мұраты белгіленіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болып түйінделді. Қазақ елі - әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің легіне қосылды. Ал, біздің алдымызда - озық 30 мемлекеттің бірі болу биік міндеті тұр.

 

 

 

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 27 жыл толды. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осы жылдар ішінде ауданда ауқымды істер мен көп тірліктер атқарылды. Құрылыс жанданып, ауылшарушылығы тың серпінге ие болды. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, жаңа білім, денсаулық, спорт және әлеуметтік құрылыс нысандары салынып, ашылды. Ауданның әрбір азаматы - бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етті. Өйткені, күш-қайратын еселі еңбекке жұмылдырған, татулығы мен бірлігі терең тамыр жайған қасиетті  еліміз қашан да өзгелерге үлгі боларлық межелі биіктерден көрініп келеді.

 

 

 

 

 

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!» деп ерекше тоқталған. Олай болса, ынтымағы мен достығы жарасқан Тәуелсіз Қазақ елінің бағын асырып, мерейін тасытатын ұлы істеріңізге сәттілік тілеймін! Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау - басты мұратымыз. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні - Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын, ардақты ағайын!

 

 

Барша бастамалар мен игі істер жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жетістіктер тілеймін. Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі берік, абыройы асқақ болсын!

 





 

14 Желтоқсан 2018 Жыл · 495 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2 3 4  5  6 7 8 9 10 11 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Арман Маратұлы
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Қайырлы күн, Айтқазы Дәулетқұлұлы. Қазіргі уақытта қала бойынша қала көшелерін жарықтандыру мәселесі көтеріліп жатқандықтан, өз ...
Ақерке Кенжебек
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Сәлеметсіз бе, Айтқазы Қарабалаев мырза! Мен 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жанмын. Жолдасым Махамбетов Қайрат та 2 топтағы мүмкіндігі ...
Сансызбаева Карлыгаш
Сұрақ: Өмірбек М. А.
Здравствуйте ! Я хотела уточнить у Вас знаете ли Вы что в школе №39 Им.Т. Кожекеева дают бесплатный обед детям с 1 по 4 класс в месяц ...
Абилова Г.Н.
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Құрметті әкім мырза, менің отбасымда үш бірдей мүгедек адамдар бар оның екеуі 1-топтағы, ал біреуі 2-топтағы мүгедектер. Олар жүріп-тұра ...
Леонид
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Здравствуйте! Огромная проблема с 33 автобусный маршрутом! На маршруте всего несколько автобусов, приходится ждать очень долго, ...
Изатулла
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Добрый день Болельщики ФК "Тараз" хотели бы выслать Вам благодарственное письмо. На сайте е-майл адрес не существующий. Можно ли ...
Нуржан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Уважаемый Аким, к Вам обращаюсь от имени жителей города по адресу массив Бурыл Б, улица Смаилова. У нас сложилась такая ситуация: в жилой ...
Руслан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Ассаляму аллейкум Айтказы Даулеткулович. В самом центре за областным акиматом, после укладки пластикового газопровода между домами не ...
Полякова Надежда Васильевна
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Айтказы Даулеткулович, добрый вечер! В нашем доме ( Желтоксан,237) с начала отопительного сезона нет горячей воды. По полтора часа ...
Гулзахира
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Сәлеметсіз бе! Айтказы Даулеткулович! Менің өтініш жазу себебім 2019 жылдың желтоқсан айының 07 –сі күні АО "ТаразЭнергоОрталық" ...