Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Сапарбаев Б. М.
Жамбыл облысының әкімі
Қарабалаев А.Д.
Тараз қаласының әкімі
Нұржігітов Н.М.
Байзақ ауданының әкімі
Дәулет Р.Р.
Қордай ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә.
Шу ауданының әкімі
АрубаевС.К.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбек М. А.
Меркі ауданының әкімі
Мәдібек Қ. Қ.
Сарысу ауданының әкімі
Ергебеков Н.Ә.
Жуалы ауданының әкімі
Қазанбасов Б.А
Талас ауданының әкімі
Садырқұлов Е. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Алдамжаров Н.Ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Аралбекова Қ.Ә.
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы –Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы
Берікқожа С.Қ.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Шалдаров Ж.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы
Бекбатырова Ж.Е.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Исаева Р.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Нұрымбетов Т.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Досанов Д. І.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы у. а.
Досаев К.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Жамбыл облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы
Оразбеков А. Ұ.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы
Сариев Ж.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Көпбосынов Б.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нығмашев Б. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алиев Д.К.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Жүнісбеков Н.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Жамбыл әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Қарабалаев А.Д.

Тараз қаласының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

№ 9741

Алтынай Сергазиева
Блог авторы: Қарабалаев А.Д.
Санат: ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құрметті Айтқазы Қарабалаев мырза! Сізге Тараз қаласы 2ші Ыбырай Малдарбеков көшесінен өтініш жасағым келіп отыр бұл көшеде тұрып жатқанымызға 30 жылдай болды бірақ әлі күнге дейін жарық жоқ кезінде өз күшімізбен көршілердің бақшасымен жүргізіп алғанбыз бірақ енді ол кісілер өз көшелеріңнен жүргізіңдер деп жатыр .Жарық бұзылған кезде жөндеуге келген адамдар біз "самодельный столбқа" біреудің үйіндегі шықпаймыз деп кетіп қалады. Содан ақылы түрде шақырамыз жел болған сайын өшеді. Басты Малдарбеков көшесінде жарық бар суда кіргізілді ортада үнемі қалып кетеміз. Балалардың мектепке баратын жолы да өте нашар барлығы саз балшық лай. Көшеміздің екі жағында да жарық та суда бар. Біз бұрынғы әкімдерге бірнеше рет көше атынан арыз жазып барғанбыз еш нәтиже жоқ. Жоспарда бар деп көрсетілген шығар. Құрметпен Көп балалы ана.
15 Ақпан 2020 Жыл · 136 көріп шығулар · Жауаптар 1

№ 9738

Тлегенов Нурмахан
Блог авторы: Қарабалаев А.Д.
Санат: ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев мырзаға Қаланың Ә.Жүргенов көшесінің тұрғындарынан ӨТІНІШ-АРЫЗ Құрметті әкім мырза! Біздердің өзіңізге өтінішпен қайырылуға мәжбүр еткен мәселе, тұрған көшеміздің қазіргі келеңсіз жағдайы. Бұл жөнінде сіздің алдыңыздағы әкім Қ.Досаевқа өткен қазанда хатпен қайрылған едік. Бірақ, еш нәтиже болмады. Мәселе былай: 2002 жылы, көшемізге Әбдіқадыр Жүргеновтың есімі берілуіне байланысты, бұрынғы тас төселген көшеміз, Жүргеновтың ұрпақта-рының қаражаты есебінен асфальт төселген еді. Бәрі дұрыс болатын. Сол көшемізді, 2018 жылдың жазында, жер астынан газ құбырын жүргізерде бір шетінен бір метрдей асфальтты талқандап, ең тәуірі, сол жылдың күзінде, ұсқынын кетіре қайта жамап, жоқтан гөрі жоғары етіп, пайдалануға берген болатын. Көп өтпей-ақ, «Тараз-су» мекемесі болу керек, көшеміздің қарсы шетін, Почтовая көшесі жақтан кәріз (канализация) жүйесін тартуға тағы да асфальтты талқандап, сол жылы қарашада трубалар тартып, қайта жапты да, осы уақытқа дейін асфальт төсеместен, шағалмен ғана жауып кетті. Газ мекемесі жамаған асфальт төсенішпен қосқанда, айналдырған екі метрден сәл-ақ асатын асфальтты жолда қарсы келген екі машина сыймай, шетке шығып шаңдатып жүріп жатқаны, бізді шын қынжылтады. Жаяу жол (тратуар) да жоқ. Жүргіншілердің жүретіні де сол қалған асфальт. Көшемізде 43-мектеп орналасқан. Оқушылар сапырылысып сол жолмен жүреді. Өзі тар көшенің шаңды жиегі, жүргіншіге қолайсыз. Айтары жоқ, өмірге өте қауіпті. Осыларды баяндай келе, кәріз тартып, көшемізді бүлдірген мекеме бола ма, жоқ басқа бола ма, көше асфальтын қалпына келтіруге ықпал етіп, біздің көше тұрғындарының тілегінің орындалуын өз бақылауыңызда ұстап, істі оң шешуіңізді сұранамыз. Тұрғындар атынан: 110 үйдің тұрғыны, отставкадағы полковник С.Жартенов, 108 үйдің тұрғыны, зейнеткер Н.Тілегенов, 104 үйдің тұрғыны, зейнеткер Ж.Ералиев, 96 үйдің тұрғыны, зейнеткер Ш.Баймұратов, 100 үй тұрғыны, ҚР мәдениет қайраткері Ж.Әлімбеков. тағы басқа тұрғындар.
15 Ақпан 2020 Жыл · 136 көріп шығулар · Жауаптар 1

№ 9728

Киргизбеков Канат
Блог авторы: Қарабалаев А.Д.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП
Жасыл Тараз фирмасы казир аэропорт катарында жол жиегиндеги талдарды кыркып жатыр. Сол жонинде наразылык билдирсем деген едим. Тусинем мумкин жоспар боиынша истелип жаткан шыгар. Но Тири бутактарды кесип курагандарындар деген жок шыгар и Бет Аллы куземеи Бир Формана келтирип неге стелмеиди. Ол Жер калага киргендеги кала кориниси гои. Бас салып *шаш ал десе бас алмаи* отын сатып Оз паидасын оиламай. Кеширим соткадан грамматика дурыс болмаса
14 Ақпан 2020 Жыл · 113 көріп шыққандар · Жауаптар 1

№ 9726

Айдар
Блог авторы: Қарабалаев А.Д.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Тараз қаласының әкімі А.Д Қарабалаевқа Құрметті Айтқазы Даулетқұлұлы! Облысымыздың сексен жылдығына орай Тараз қаласы Төле би даңғылының бойымен «Көне Тараз» тарихи кешеніне дейін скверде қала тұрғындарының серуен құруына арналып «Арбат» мәдени демалыс орны ашылғаны баршамызды қуантып тастады. Арбат деп аталатын жаяу жүргіншілер алаңы - тұрғындар үшін тынығуға арналған таптырмас орын. «Арбат» бойымен мұражай, сурет галереясын, қолөнершілердің туындыларын тамашалаған қала жұртшылығы МАРТ ойын-сауық орталығына келіп, демалыстарын жалғастыру мүмкіндігі туды. Бұған дейін облыс орталығында мұндай жаяу жүргіншілерге арналған Арбат болған емес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша тарту болып отыр. Жалпы, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағына «Көне Тараз»-дың қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған жәдігерлердің макеттері де аталған аумақтан орын алып, сәулеттік сәнін арттырып тұр. Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы да ерекше архитектуралық құрылыс. Азғана уақыттың ішінде қаланың орталығынан орын алған Арбат мәдени демалыс орны қала халқының және қонақтардың сүйікті орнына айналды. Мұнда қала тұрғындарынан бөлек, көне Тараз шаһарының тарихына деген шетелдік туристердің де қызығушылығын арттырып, елдегі туризмнің дамуына, сол арқылы облысымыздың экономикасын көтеруге ықпалы тиеді деп күтілуде. Кешен аумағында көркемсурет галереясы, облыстық өлкетану мұражайы, көрме залы және тағы басқа мәдени орындар бар. Алайда, осындай болашағынан зор үміт күттіретін жобаға қатысты көңілге кірбің түсіретін тұстары да жоқ емес. Атап айтатын болсақ, облыстық өлкетану мұражайының дәл тұсында, Көшеней көшесінде халық арасында «Шахристан» мал базары және «Чайка» мал базары деп аталатын орындардың саудасы өршіп тұр. Бұл сауда орындары ешқандай рұқсат қағазсыз, санитарлық талаптарға қайшы, мал сату, мал сою және соған қатысты қызметтерді көрсету алаңдарына айналдыруы орынсыз деп ойлаймыз. Бұл қай жағынан алып қарағанда да тарихи- этномәдени кешенге демалуға келген жұртшылық үшін де, қала қонақтары мен шетелдік туристер үшін де өте қолайсыз болары сөзсіз. Сонымен қатар, туризмді дамытамыз, шетелдік туристердің қызығушылығын арттырамыз, сол арқылы жергілікті бюджетке кірісті арттырамыз деп жасалып жатқан жақсы идеяларға, игі істерге кері ықпалын тигізе ме деген де қауіп бар. Сондай-ақ, дәл қала орталығында, мәдени орталықта мұндай кәсіппен айналысуға арнайы рұқсаты бар ма, ондағы санитарлық және басқа да нормалардың сақталуына құзырлы органдар тексеру жүргізе ме деген сауалдар мазалайды. Біздің пайымдауымызша, мұндай кәсіп халық үшін қажет-ақ, бірақ ол үшін қаланың сырт жағынан арнайы жабдықталған, мамандандырылған орын берілсе құба құп болар еді. Біз, төмендегі қала тұрғындары, Сізден осы мәселені оң шешіп беруіңізді сұраймыз: Заукалиева Айжан Кариманова Серикбаев Сабит Айтаров Салимакова Диляра Касымбековна Талибаев Нуржан Оразбеков
14 Ақпан 2020 Жыл · 156 көріп шығулар · Жауаптар 0

№ 9702

Ақерке Кенжебек
Блог авторы: Қарабалаев А.Д.
Санат: ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сәлеметсіз бе! Біз Тараз қаласы, 9 мик, 55 үйде, 4 подьезде Бір пәтер иесінің олақтығынан бүкіл қабаттағы пәтерлер зардап шектік. За моральный, за материальный ущербке жауапты адамды жазалап, штраф жазсын. Жылы суды, жылуды өшірді бәрімізге. Бұған кім жауапты? Келіп, кінәлі адамның трубасын кеседі ме немесе т.б жасайдыма шара қолданып, басқаларымызға қайта жылы су мен жылуды қоссын. Мен өзім денсаулығы жоқ адаммын.
9 Ақпан 2020 Жыл · 99 көріп шығулар · Жауаптар 1
басы ... <-алдынғысы 2 3 4 5 6 7  8  9 10 11 12 13 14 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Тараз қаласының әкімі

ҚР Президент әкімшілігінің және қалалық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданы «Дружба» қызылша кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Алматы қаласы ТЭБ №54 инженер-технигі, Алматы қаласы «Хаир-Иксан» мәдени-ағарту қайырымдылық қоғамының коммерциялық директорының орынбасары, Алматы қаласы «Тигрохауд» сауда-өндірістік қауымдастығының сауда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, Тараз қаласы әкімі жанындағы экономика және сауда басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен кейбір салық төлемдерін жинау жөніндегі агенттігінің директоры, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры, Талас ауданының әкімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры қызметтерін атқарған.


Соңғы сұрақтар
Орынбасар Нурлан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
ТОО «Эксиллон Энерджи» (БИН 030840008270), вид деятельности - энергетическая экспертиза электроустановок, профилактические испытания ...
Орынбеков Ажихан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
ТОО «Тараз энерго-эксперт» (БИН 050840006323), вид деятельности - энергетическая экспертиза электроустановок, профилактические испытания ...
Талгат Нурмагамбетов
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Добрый день! Прошу выделить спецпропуск для передвижения на автотранспорте по городу Тараз в периоде режима карантина на территории ...
маргарита
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
здравствуйте почему после уплаты ЕСП мне не положена выплата в связи с чп? Я на ЕСП чтоб заплатить заняла деньги а теперь что мне делать ...
Арай
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Уважаемый Айтказы Даулеткулович! С 16 марта в стране введен режим чрезвычайного положения, усиленны меры по не распространению вируса, ...
Садовый центр Нури
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Уважаемый Карабалаев Айтказы Даулеткулович!В связи с объявлением Всемирной Организацией Здравоохранения нового коронавируса COVID-19 ...
Шоланов Абзал Аманбаевич
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Исх.564 «03» апреля 2020 года Акимат города Тараз от Директора филиала ТОО «Interoil-Marketing & Services Kazakhstan» в г.Тараз Шоланова А. 8 701 751 99 24 ...
Абильдаева Наталья Петровна
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Уважаемый Айтказы Даулеткулович!К вам обращается жительница города Тараз. В нашем городе закрыли зоомагазины. Хотелось бы узнать, на ...
Самат
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Ассалаумағалейкум Карабалаев Айтказы Даулеткулович мырза сізден сұрайтыным қазіргі таңда Коронавирус індеті үшін көптеген ...
Марат
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Ассаламуалейкум Əкім аға Менің сұрағым қаламызға автобекет жақтан кіре берістегі көпірдің үстін қашан жөндейсіздер. Көліктерімізге ...