Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Мұсаев М.Т.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Рысмендиев Б.Қ.
Талас ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Абилдаев Т.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Тұрмаханбетова Р. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Құрманбекова С. С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қырықбаев А. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алиев Д. Қ.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Көкрекбаев К.Н.

Жамбыл облысының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы К.Көкрекбаевтың партия Жамбыл облыстық филиалының ХIХ кезектен тыс конференциясындағы баяндамасы
24 Ақпан 2017 Жыл · Блог авторы: Көкрекбаев К.Н. · 230 көріп шығулар · пікір жазылған 0

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы К.Көкрекбаевтың партия Жамбыл облыстық филиалының ХIХ кезектен тыс конференциясындағы баяндамасы 23 ақпан, 2017ж.

Құрметті конференцияға қатысушылар! «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы, Қазақстанның тарихындағы маңызды оқиға – Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуі мен Қазақстан халқына Жолдауына байланысты болып отыр. Жыл санап өзгеріп жатқан әлемде Қазақстан да заман талабына сай жаңарып келеді. Әсіресе мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше теңестірілген жүйеге ауысу мәселесін Елбасы өте орынды әрі дер кезінде көтеріп отыр. Бұл – бүгінгі күннің шынайы келбетіне сай жасалған қадам. Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға, биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтетініне және күшті президенттік билікті сақтай отырып, еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеудің берік кепілі болатынына нық сенімдіміз. Жоспарланып отырған өзгерістерге мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінің жұмысын барынша үйлестіруге қуатты негіз қаланып отыр. Мұның ел экономикасының инновациялық дамуы үшін үлкен маңызы бар. Бұл ретте Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкершілігі арта түсетін болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі технологиялық құрылымның түбегейлі өзгерісі бізден экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшуді талап етеді. Сонымен бірге, бүгінде халықаралық ахуалда қарқынды түрде өзгеруде. Соған байланысты жаһанды жайлаған интеграциялық, экономикалық және геосаяси үдерістердің беделді әрі белді қатысушысы болып саналатын Қазақстанда басты әлемдік трендтерге сай дамудың өзіндік жолын қалыптастыруда. Міне, бүгін тарихи қысқа мерзімде еліміз үлкен жетістіктерге жетті, оны бүкіл әлем жұртшылығы мойындады. Оған дәлел, экономикасы дамыған ел ғана Универсиада, ЭКСПО-2017 сияқты ауқымды шараларды өткізе алады. Себебі әлемдік дағдарыс жағдайында қабылданған нақты шаралар өзінің тиімділігін көрсетіп, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуда. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы - сол жұмыстардың нақты жалғасы. Мемлекет басшысының Жарлығында реформаны бір айдың ішінде (26 қаңтардан 26 ақпанға дейін) талқылау көзделсе, аталған тарихи құжаттар партияның облыстық және аумақтық филиалдарында, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» облыстық коалициясының (партияның жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциясы, партия облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестері мен облыстағы барлық саяси партиялар мен ірі үкіметтік емес ұйымдарының басын біріктіретін), «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы «Еркін пікір» дискуссиялық клубының отырыстарында жан-жақты талқылануда. Сонымен қатар, партия Тараз қалалық және аудандық филиалдарының 401 бастауыш партия ұйымдарының ашық партия жиналыстары мен аумақтық филиалдардың конференцияларында талқыланып, оған 49 283 партия мүшесі қатысты. Уважаемые однопартийцы! В условиях роста конкуренции и отсутствия стабильности в мире, в 2014–2016 годах на поддержку экономики республики дополнительно было выделено 1,7 триллиона тенге. В результате в 2016 году обеспечен рост внутренней валовой продукции на 1%. Это особенно важно в нынешних сложных условиях. При этом, 2016 год характеризуется положительной динамикой социально-экономических показателей и стабилизацией уровня инфляции в Жамбылской области. Краткосрочный индикатор ВРП области по объемам продукции в базовых отраслях экономики (промышленность, сельское хозяйство, строительство, торговля, транспорт и связь) составил 103,4 %. Благодаря своевременно принятым мерам, рост показателей достигнут практически во всех отраслях экономики области. Объем производства промышленной продукции вырос на 2,4%, сельского хозяйства - на 8,1%, строительных работ - на 4,2%, внешнеторгового оборота - на 4,2 %. С целью активизации работы по реализации предвыборной программы партии, комиссия при депутатском фракции маслихата по повышению конкурентноспособности субектов агропромыш-ленного комплекса должны усилить работу для достижения конкретных результатов. Уважаемые делегаты конференции! Глава государства в рамках своего Послания определил 5 основных приоритетов. Они призваны обеспечить темпы роста экономики выше среднемировых и устойчивое продвижение в число 30 передовых стран. Президент подчеркнул, что в мире уже началась четвертая промышленная революция, а повсеместная цифровизация экономики ведет к исчезновению целых отраслей и созданию принципиально новых. Эти перемены Нурсултан Назарбаев назвал как историческим вызовом, так и шансом для нации, поэтому была поставлена задача обеспечить третью модернизацию Казахстана, в рамках которой необходимо создать новую модель экономического роста для обеспечения глобальной конкурентоспособности страны. При этом, необходимо культивировать новые индустрии, которые создаются с применением цифровых технологий, развивать такие перспективные отрасли, как 3D-принтинг, онлайн-торговля, мобильный банкинг, цифровые сервисы, в том числе в здравоохранении и образовании. В рамках решения этих задач Правительству поручено разработать новую программу «Цифровой Казахстан». Также на Правительство возложена задача создать на базе одного из объектов «ЭКСПО-2017» международный технопарк IT-стартапов. Он должен стать платформой для привлечения предпринимателей и инвесторов со всего мира. Құрметті әріптестер! Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы басымдылығында, Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде биыл іске асырыла бастайтын «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына тоқталып кетсем. Бұл бағдарлама аса маңызды міндетті орындауға, атап айқанда, алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» қоры арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 103,3 млрд. теңгені құрап. Бұл салаға инвестициялар көлемі 32% - ға өсті (22,67 млрд. теңге). Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, тұрғындар үшін басты әлеуметтік мәселе болып табылады. Өткен жылы «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 318 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға көп. Соның ішінде, бюджет қаражаты есебінен 36,6 мың шаршы метр, жеке қаражат - көлемі 281,6 мың шаршы метр салынды. Кезекте тұрған азаматтар үшін (10,2 мың м2 тұрғын үй) және несие арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша 2 үй пайдалануға берілді (7,9 мың м2). Осы жылы 325 мың шаршы метр тұрғын үй. (291,5 мың ш.м. - меморандум бойынша) салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда, автовокзал аумағы және Сабалақов көшесіндегі екі ықшам ауданындары құрылысын салуға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген, жалпы алғанда осы мақсаттарға 462 гектар бөлініп отыр. Бөлінген телімдер инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылып, көп қабатты үйлердің сметалық - жобалау құжаттамалары әзірленуде. Бұл бағдарлама аясында облыста жұмсалатын қаржы және оның іске асырылуы барысы партия облыстық филиалының тұрақты бақылауында болады. Елбасы Жолдауымен сабақтасып жатқан партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында, баршаға арналған инновациялар – жаңа технологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде дүниежүзінде «жаңа технологиялар пакеті» жинақталатыны және осыған байланысты жоғары технологияларды дамыту міндетін қойып, «цифрлық қоғамды» кеңінен қалыптастыру көзделіп отыр. Осы орайда, 2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы республикалық деңгейде НУРИНТЕХ («NURINTECH) республикалық жастар инновациялық жобалар байқауын өткізуді қолға алды. Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру. Жоба аясында 14 тақырыпта қабылдаулар жүргізілуде. Аталмыш жобаға 2016-шы жылы облыстан 15 жас қатысып, химиялық технология, нано технология және биотехнология бағыты бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Абуталипов Ернұр үшінші орынды иеленіп, 250 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл – Жолдаудың бірінші басымдығы мен партияның сайлауалды бағдарламасындағы мақсатқа жетудегі нәтижелі жоба. Сондай-ақ, облыста бұл бағытта «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Бұл жерде 16 химиялық кәсіпорынның құрылысы жоспарлануда. Бүгінде ішкі және сыртқы инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезегі аяқталуда. Бұл жұмыстар «Казфосфат», «Еврохим» және «Талас инвестмент компани» кәсіпорындарында да жалғасуда. Құрметті делегаттар! Жолдауда аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндеті қойылған Аталмыш салаға қатысты нақты тапсырмаларда субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру, бес жылда 500 мыңнан астам шағын фермерлерді кооперативтерге тарту, өнімнің өңдеу сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету, жерді пайдалану тиімділігін арттыру, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыруды орындау міндеті тұр. Осы ретте, облыста агроөнеркәсіп кешенін қолдауға барлық көздерден 15,8 млрд.теңге бөлініп, 2015 жылдан 2 есеге артты (2015 ж - 7,4 млрд.тенге), оның ішінде республикалық бюджеттен – 10,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 5,4 млрд. теңге бөлінді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуға қол жеткізілді. Өткен маусымда 2 млн.тоннадан астам өнім жиналды. Бұл Тәуелсіздік жылдары жеткен ең жоғары көрсеткіш болды. Жолдауда белгіленгендей, ауыл шаруашылы-ғындағы еңбек өнімділігін арттыру бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Салада техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру, замануи технологиямен жұмыс істейтін жаңа ірі өндірістерді салу бойынша инвестициялық жобаларды іске қосу жұмыстары атқарылуда. Озық технологияларды өндіріске енгізіп, суармалы суды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы нөлдік және минималды технология 26 мың гектарға (2015ж - 25,0 мың га) енгізіліп, 5,2%-ға артты. Су үнемдеу технологиялары 11,9 мың гектарға енгізіліп, 47%-ға ұлғайды. Соңғы жылдары мал өнімдерінің көлемі артып келеді. Өткен жылы ет өндірісі 5,3 пайызға (113,5 мың тонна), сүт - 1 пайызға (295 мың тонна) жоғарыласа, мал басы 2,4 пайызға дейін көбейді. Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының 60 – қадамын (Сүт өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау) орындау мақсатында, сүт кластерін дамыту бойынша Меркі ауданында 42 шаруашылықтан құралған «Меркі өнімдері» және Жуалы ауданында 15 шаруашылықтан құралған «Жуалы-Алатау» ірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. Жалпы, жыл ішінде әртүрлі бағытта 700-ге жуық ұсақ шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтар мүшелері біріктіріліп, барлығы 50 ауылшаруашылық кооперативі ашылды. Аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн.теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Кооперативтердің жұмыстарын және жалпы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында облыстық бюджеттен 300 млн.теңге және «Тараз-Атамекен» микрокредиттік ұйымы арқылы 288 млн. теңге қаржы қарастырылды. Ұлт жоспарының 64-қадамына сәйкес қабылданған заң аясында («Ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы») өткен жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 40-қа жуық ғалымдары облысымызға арнайы келіп, ғылыми жетістіктермен таныстырды, университетпен ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша Меморандум қабылданды. Біз ғылыми-инновациялық жетістіктерді енгізу арқылы ауылшаруашылық өндірісін әлемдік нарыққа шығаруымыз қажет. Осы тұрғыда шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту бойынша жетекші ғылыми ұйымдарымен, жекелеген инвесторлармен қоян-қолтық жұмыс атқарылуда. Мысалы, Т.Рысқұлов ауданындағы «Құдайберген датқа» шаруа қожалығының негізінде Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының жайылымды тиімді пайдалану жобасы бойынша қажетті жабдықтармен, сумен және баламалы электр қуатымен қамтамасыз етілген кешен құрылды. Шаруашылықтың инфрақұрылымына бюджеттен 15,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Меркі ауданында «Agrostanferms» серіктестігінің бордақылау кешенінде канадалық технология бойынша жұмысшыларға күн және жел электр генераторлармен жабдықталған 21 тұрғын үй соғылды. Үйлердің жалпы құны 55 млн.теңгені құрады. Сондай-ақ, Ұлт Жоспарының 61 қадамын жүзеге асыру мақсатында қуаттылығы жылына 1800 тонна ет өңдеу бағытында инновациялық технологиялар бойынша Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал тағамдары» компаниясының зауыты және Байзақ ауданында қуаттылығы 3500 тонна құс етін өндіретін «Әулие Ата Феникс» серіктестігінің фабрикасы іске қосылды. Облыста ғылыми институттар арасына агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстар өткізілуде. Бұл ретте, инновациялық тәжірибені таратып, өнірде енгізуге облыстық бюджеттен өткен жылы 15,0 млн. теңге бөлінсе, ағымдағы жылы ғылыми зерттеулерге 30,0 млн.теңге қарастырылған. Жалпы жыл ішінде облыста құны 24,4 млрд. теңгеден астам 203 инвестициялық жобалар іске асырылып, 1700-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту бойынша партияның сайлауалды бағдарламасында орта тап - елдің жалпы дамуының ресурсы екенін айта келе, 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің үлесін жалпы ішкі өнімнің 50%-ына жеткізу міндеті қойылған. Елбасы айтқандай, «бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады». Жолдауға сай Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруда. Енді Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Бүгінде облыста жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырыла бастады. Аталмыш бағдарлама аясында биылғы жылы 884 адам 2,6 млрд. теңге көлемінде шағын несие алмақ және 500 қосымша жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, іскерлік ахуалды жақсарту бойынша партияның кәсіпкерлік қызметке жасалатын жағдайды әлемдегі жетекші елдердің деңгейіне жеткізу үшін реформаларды жалғастыратыны да құжатта көрсетілген. Өткен жылы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында облысымызға 1 млрд. 520 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Бұл қаржының игерілуі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы жүргізілгенімен, толықтай партияның бақылауында болды. Жолдаудағы макроэкономикалық тұрақтылық басымдығы да партияның сайлауалды бағдарламасымен ұштасып, бюджет саясатының негізгі басымдықтарын оңтайландыру болып айқындалып, бюджет ресурстарын қатаң үнемдеу, Ұлттық қордың қаржысын ұтымды және ұқыпты пайдалану, мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру туралы нақты көрсетілген. Осы орайда, Елбасы нәтижесіз бағдарламалардың қаражатын үшінші жаңғыртуды қамтамасыз ететін жобаларға бөлуді тапсырды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қолдау және одан ары дамыту бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттің 19-шы бағдарламасы аясында іске асырылуда. Оның ішінде аудан бюджетімен қоса ауылдық әкімдіктердің де қаржысы бар. Бұл ретте, бюджеттің орындалуы мен оның мақсатты жұмсалуына партияның жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциясының әр мүшесі жауапкершілікті дұрыс сезініп, тұрақты бақылауға алуы тиіс. Елбасы Жолдауындағы адами капитал сапасын жақсарту басымдығына келетін болсақ, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, Ұлттық адами капитал – тек білім беру ғана емес, әр адамның тұлға және маман ретінде қалыптасып, жетілуіне қатысы бар барлық салалардың тиімді жұмысынан құралатын ортақ нәтиже. Сондықтан адами капиталды жақсарту – салааралық негіздегі жүйелі жұмысты талап ететін күрделі міндет. Өткен жылы облыста білім саласына 92 млрд. теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен. Қазіргі таңда оқушылардың сыни ойлау қабілетінің дамуы мен зерттеу мәдениетінің қалыптасуын анықтау мақсатында 4 мектепте эксперименттік алаңдар жұмыс жасауда. Сондай-ақ, 225 мектепте оқушылардың ғылыми қоғамдары құрылып, оған барлық оқушылардың 35 пайызы қамтылған. 7508 педагог сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз тәжірибесінде қолдануда. Облыстағы 451 мектептің 363-і, яғни 80 пайызы ауылда орналасқан. Сондықтан, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтардың сапалық құрамын жақсарту, білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады. Үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша облыстағы 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі енгізілуде. Облыстағы 8 мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер және үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар ағылшын тілінде жүргізілуде. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласына мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда, осы мамандық бойынша 11 колледжде 2865 оқушы білім алуда, оның 43%-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. 2016-2017 оқу жылынан бастап Жамбыл политехникалық колледжінде «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 орын бөлініп, информатика пәні ағылшын тілінде оқытылуда. Биылғы жылдан бастап Елбасының бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Осы орайда, облыста техникалық кәсіптік білімді мамандар дайындауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі (4123 орынды) 2015 жылмен салыстырғанда 383-ке артты. (2015 жылы - 3740). Бұған қоса, дуальды оқыту жүйесі дамып келеді. Бүгінде 31 колледжде осы жүйе бойынша 2 жарым мың студент оқиды. Қамтылуы 63,3% құрады. (24-тен 31 колледжге артты). Аталмыш жобаларды ауданда жастар арасында түсіндіруде «Жас Отан» Жастар қанатына нақты тапсырмалар берілуі тиіс. Олар, кәсіптік білімнің заман талабы екенін жастарға жете түсіндірулері қажет. Осы орайда, бағыты мен бағдары өзгерген «Сәтті қадам» партиялық жобасының екінші бағытын іске асыруда облыста нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған екінші бағыт бойынша өңірдегі жоғары және орта кәсіптік техникалық оқу орындарын тәмәмдаған жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды жұмыспен қамту мақсатында 60-тан астам екіжақты меморандумға қол қойылып, 2015-2016 жылы оқу бітірген 163 жастың толық ақпараты жиналды. Оның 30-ы партия облыстық филиалының қолдауымен тұрақты жұмыспен қамтылды. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің негізгі тірегі. Облыстың денсаулық сақтау саласы қарқынды даму үстінде. Өткен жылы салаға 41 млрд.теңге бөлінді. Есепті жыл ішінде 6 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. 25 нысан 1 млрд. 174 млн.теңгеге күрделі жөнделді. Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен тағы 12 нысанның құрылысына 855 млн.теңге қарастырылып отыр. Медициналық ұйымдарға 831 млн.теңгеге 76 бірлік қажетті медициналық техника және 121 млн.теңгеге 20 автокөлік сатып алынды. Бұл шаралардың арқасында дәрігерлік ұйымдардың жабдықталу деңгейі 73,6%-ға жетті (ҚР-71,6%). Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген қаржы көлемі 34,6 млрд.теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 14%-ға арта түсті. Сондай-ақ, Елбасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. Осы бағытта партияның облыстық және аумақтық филиалдарының спикерлер пулының мүшелері де түсіндіру жұмыстарына барынша атсалысып, Елбасының тапсырмасын халыққа жеткізуді, оның оңтайлы тұстарын кеңірек баяндауды жандандыру қажет. Жалпы, облыстың әлеуметтік-демографиялық дамуына спорттың оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл бағытта Елбасы қойып отырған үлкен міндеттерге сай, өткен жылы дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналасатындар үлесі 26,7%-ға жетіп, (297,7 мың адам), 2015 жылмен салыстырғанда 15,4 мың адамға көбейді. (2015 ж. - 282,3 мың адам). Құрметті әріптестер! Жолдауда әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр. Осыған орай, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының діни экстремизм мен терроризмге қарсы кешенді іс-шаралары ұйымдастырылуда. Экстремизмнің алдын алуда тек атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының жұмыстары жеткіліксіз екені анық. Сондықтан, партия ұйымдары бұл мәселеге жете көңіл бөліп, оның алдын алуға белсене атсалысу керек. Осы орайда өткен жылы партия Орталық аппаратының бастамасымен ауқымды жұмыс қолға алынып, облысымызда сәтті іске асты. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті деңгейінен өте алмаған және қатыспаған мектеп бітіруші түлектердің оқуға түсуіне, жұмыспен қамтылуын бақылауға алып, жастардың басқа ағымдардың және топтардың жетегінде кетпеуіне мүмкіндік жасау. Бұл - партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу мен жас ұрпақты оң бағытта тәрбиелеуге бағытталған кешенді жұмысы. Өткен жылы облыстағы 4015 жас түлектің 2557-і жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түссе, 20 түлек кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарында оқыған. Ал, 1025 түлек жұмыспен қамтылып, 183-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарында болып отыр. Кезегінде, үстіміздегі жылы да Тараз қаласы мен аудандарда мектеп бітіруші түлектермен жүйелі жұмыс жүргізіп, олардың жұмысқа орналасуы бақылауға алынуы керек. Бұл – аумақтық партия филиалдары төрағалары, «Жас Отан» Жастар қанаты мен жастар саясатымен айналысатын мемлекеттік органдарға жүктелген міндет. Біз партияның бұл бағыттағы жұмысын жандандырып, жастардың дүниетанымы, талғамы, көзқарасын қалыптастыру, жас ұланды ұлтқа, елге қызмет істейтін азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы», «Ұлы дала қазынасы» атты партиялық бағыттарын жалғастырып, аға буын өкілдерін, белсенді партияластарымызды, беделді жақтастарымызды тартуымыз қажет. Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес жүргізуде партияның 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру күнделікті күн тәртібінен түспеу керек деп есептеймін. Осыған орай партияның облыстық, аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиялары бірлескен жұмыстар жүргізеді деп сенемін. Партиялық жауапкершіліктен бастап, ішкі тәртіпті сақтау және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауға алу мәселесінде аталмыш құрылымдар партияның негізгі принциптерінен айнымай жұмыс жасауы тиіс. Құрметті конференция делегаттары! Біз тағы бір тарихи кезеңнің бастауында тұрмыз. Бұл – Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстанның ұлы мақсаттар жолындағы жарқын кезеңі. Сондықтан – Тәуелсіз елімізге қызмет етуден асқан мақсат жоқ. Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз Елбасы Жолдауында айқындалған тарихи міндеттерді аса жоғары жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры мәңгі болсын! Назарларыңызға рахмет!

CopyToBlog блогқа көшірмесін түсіру DiscussNews Пікірлер
Назад НАЗАД
Автор туралы

Жамбыл облысының әкімі

Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаев

Кәрім Нәсбекұлы Көкрекбаев 1957 жылы Жамбыл облысының Шу ауданында туылған. 1983 жылы Алматы темір жол транспорты институтын бітірді, мамандығы - темір жолдарды пайдалану инженері. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Шу станциясы локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастады. Алматы темір жол басқармасында әртүрлі қызметтерде жұмыс атқарды. 1983-1984 жылдары Шу станциясы локомотив депосының Комсомол комитетінің хатшысы, 1986-1987 жылдары Сарыөзек станциясы бастығының орынбасары, 1987 – 1991 жылдары Алматы-2 станциясында бастықтың орынбасары, бас инженер, станция бастығы қызметтерін атқарды.

1993-1995 жылдары ҚР көлік министрлігінің темір жол көлігі департаментінің тасуды үйлестіру және ТМД-мен өзара байланыс жөніндегі бөлімнің бастығы, 1997 жылы «Алматыжелдорэкспедиция» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 1998 жылы «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бас директоры қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының әкімі, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрКазахстанТур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақстан темір жолы» компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры, бас инженері қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 4 бала тәрбиелеуде.


Соңғы сұрақтар
мира
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлына - Ұлы Отан соғысы ардагерлері болған, марқұм Раптаев ...
Аманбеков Серик Сегизбаевич
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Добрый день! Карим Насбекович обратиться к Вам вынудило такое обстоятельство дел.Руководимое мною ТОО "Максер" выиграло тендер по ...
Нариман
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында,небір сұмдықтар орын алуда.Қаракемер ауылының әкімі осындай сұмдық жауыздықтарға жол ...
Мира
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл медициналық колледжінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Бірақ заңсыздықтар бой алып отыр. Сенімгерлік өкілі ...
Алиев М
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Акиму Жамбылской области Кокрекбаеву К. Коллективное заявление от личного состава ...
Айнура Жолдасова
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Уважаемый Карим Насбекович Обращается к Вам жительница г.Жанатас Жолдасова Айнура Баратовна по адресу 3-21/1-35 (арендуемое) Я обращалась ...
Сания
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
прошу вас дать письменные разяснение, осуществляется ли комплектование групп детских дошкольных организаций (дет сады) в любое время ...
Максат
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Добрый день, Карим Насбекович! руководитель зав район, "Отдел образования акимата Сарысуского района" Жамбулской обл, Илияс ...
Карлыгаш
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Саламатсызба! Сізге хат жолдап отырған Жамбыл медициналық колледж ұжымы, хат жазып сіздерден көмек сұраудан басқа амал қалмады. 80 жыл ...
Меруерт
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Жамбылский медицинский колледж один из первых учреждений, который сейчас руководит доворительный управляющий. ТОО "Жамбылский ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'