Тараз қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.02.2010 жылғы №104 Қаулысымен бекітілді және 22.02.2010 жылғы №113 Қаулысымен Тараз қаласының аумағы Байзақ, Жамбыл аудандары аумағынан елді мекендері жер телімдері есебінен 5954 гектарға үлғайды.
2011-2015 жылдары Тараз қаласының бас жоспары негізінде тұрғын алқаптары «Асқаров көшесінің соңы-312 га», «Көлтоған-250га» «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу-369га», «Арай-35га», «Қарасай-126,6га»,«Хамукат-125га» «Автобекет маңы-100га», «Автобекет-539га», «Арай-14га», «Сүлейменов көшесінің соңы-362,2 га», «Асқаров көшесінің аяғы-312га » және «Орталық базар аумағы- 201 га» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалып бекітілді.
Облыс орталығы Тараз қаласы негізгі көшелерінің келбетін бүгінгі күннің талабына сай ету мақсатында Жамбыл, Абай, Төле би, Сүлейменов, Комратов, Пушкин көшелерінің және Талас өзенінің бойының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын, қаланың бас жоспар жобасына өзгерістер енгізуге 2017 жылға жергілікті бюджеттен (311,0 млн тенге) қаражат қарастырылып,конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалуда. |