Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Мұсаев М.Т.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Рысмендиев Б.Қ.
Талас ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Абилдаев Т.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Тұрмаханбетова Р. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Құрманбекова С. С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қырықбаев А. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алиев Д. Қ.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі К.Н.Көкрекбаевтың партия Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында сөйлеген сөзі
Блог авторы: Көкрекбаев К.Н.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі К.Н.Көкрекбаевтың партия Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында сөйлеген сөзі Құрметті «Нұр Отан» партиясының мүшелері! Биылғы жыл ел өмірінде қоғам дамуында ерекшеліке толы жыл болып отыр. Жыл басында Парламент Мәжілісі мен мәс¬лихаттар депутаттарының сайлауын сәтті өткіздік. Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтудеміз. Ширек ғасыр ішінде біз алдымызға әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастадық. Тәуелсіздік жылдарында облысымыз ауқымды жетістіктерге жетті. Ширек ғасыр ішінде 2,8 млн.шаршы метр тұрғын үй, 136 білім беру нысаны, 162 денсаулық сақтау, 302 спорт нысаны салынды. 229 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді (61% деңгейге қол жеткізілді), газдандырылған елді мекен саны 158-ге жетті (42% қол жеткізілді), жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 41-ден 75%-ға өсті, «Батыс Еуропа – Батыс Кытай» халықаралық дәлізі іске қосылды. Тараз қаласындағы әуежай халықаралық стандартқа сай қайта жаңғыртылды. Тәуелсіздік жылдарында «Казфосфат» ЖШС химия өнеркәсібі дамып, металлургия саласында Тараз металлургиялық зауыты іске қосылды, қант зауыттары қайта жанданды. Амангелді кен орнында табиғи газ өндіру басталды, натрий цианидін өндіретін «TalasInvestment Company» серіктестігінің бірегей зауыты іске қосылды, «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймақ жобасы іске асырылуда. «Еврохим-Удобрения» компаниясының құны 2,0 млрд. доллар құрайтын минералды тыңайтқыштар зауытын салу мегажобасы облысымызды ерекше өркендете түспек. Қайта жаңартылатын қуат көздері нысандарын іске қосуда облысымыз Қазақстанда көш бастап келеді. Бүгінде жалпы қуаты 114 МВт құрайтын 9 станция жұмыс істеуде. (4 ГЭС, 3 жел, 2 күн станциялары). Индустрияландыру картасы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жалпы құны 173 млрд.тенге 49 инвестициялық жобаны іске асырып, 6 мың жаңа жұмыс орнын ашумен жетіп отырмыз. Биыл инвестиция көлемі 18,7 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асырып, 446 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, жыл басынан құны 4,6 млрд.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды (235 жаңа жұмыс орны құрылды). Бүгінде облысымызда өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үстіміздегі жылдың 9 айында 253 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, көлемі 4 пайызға артты. Тәуелсіздік жылдары ауылшаруашылық дақылдарының алқабы 25 есе, ет өнімі 97%-ға, сүт пен жұмыртқа өндірісі 3 есе өсті. Осы үрдіс биылғы жылы да сақталуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9 ай ішінде 159 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 85 470,9 млн. теңге (НКИ – 106,1%), мал шаруашылығы – 73311,2 млн. теңге (НКИ – 101,7%). Тәуелсіздіктің ширек ғасырына Тараз қаласы да айтарлықтай жетістіктермен жетіп отыр. Қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемі осы жылдары 13,5 есеге артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 есеге ұлғайды. Қалалық бюджет кірісі 3,5 есеге, бюджеттік шығыстары 96 есеге өсті. Халықтың номиналды ақшалай табысы 12,6 есеге, орташа еңбекақысы 10 есе өсті. Бүгінде Елбасының жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының арқасында қалыптасқан тұрақтылық пен бірлікті насихаттауға, дәстүріміз бен құндылықтарымызды дәріптейтін көптеген шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойының қарсаңында небір көрікті архитектуралық нысандар мен скверлер соғылып, қаламыздың қалай абаттанып, көркейгенін білесіздер. Оған өздеріңіз де үлес қостыңыздар. Биыл соның жалғасы – «Көне Тараз» тарихи –мәдени орталығында Достық үйінің құрылысы аяқталды. Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Әль-Фараби және Төле би көшелер қиылысында арнайы монумент тұрғыздық. Жамбыл өңірінің рухани мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалар мен ірі қайраткерлердің еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай «Руханият» орталығы ашылғалы отыр. Бұл орталық - қазақ халқының рухани мәдениетін насихаттап, зерттеуге атсалысатын шығармашыл адамдардың жиналатын орны болмақ. Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған емес. Биылғы жылы Айша биби көшесінің соңында 20 жыл бойы аяқталмай тұрған көпірдің құрылысын қолға алдық. Жалпы құны 1,9 млрд.теңгені құрайтын бұл көпірдің темір жолдың арғы жағында тұратын 100 мыңнан астам тұрғындардың көлікпен қозғалуына және Тараз қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізбек. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тараз қаласында 4,5 млрд.теңгеге 26 шақырымнан астам (14%) магистралдық жылу беру құбырын жаңартық. Іске асырылған жобалар Тараз қаласының тұрғындарын 30 жыл бойы апатсыз жылумен қамтамасыз етуге жоспарланған. Сондай-ақ, қаланың РК-4 қазандығының қуаттылығын сағатына қосымша 100 Гкал-ға ұлғайту мәселесін шешуге кірістік. Бұл мақсатқа 1,3 млрд. теңге қажет. Осы жоба іске асырылған жағдайда қосымша 13 мыңнан астам тұтынушылар тұрақты жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Жаңа 14-ші, 15-ші мөлтек аудандарын соғуға дайындық жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда аталған алқаптарда инженерлік инфрақұрылым тартылуда. Екі мөлтек ауданының құрылысы аяқталғанда 700 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. 2017 жылы Тараз қаласында «Барысхан» және «Бурыл» тұрғын алқабтарында, жалпы құны 2,7 млрд. теңге, жаңа подстанцияларының құрылысы жоспарлануда. Жобалар іске асқан кезде Қазпоселок және Қызыл жұлдыздан бастап, қолданыстағы айналма автожолға дейінгі аймақты және 14-ші мөлтек ауданы тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі. 2012-2019 жылдарға арналған газ желілерін жаңғырту бағдарламасы бойынша 22,2 млрд. теңгеге 940 шақырым жерасты полиэтилендік газ құбырларын ауыстыру қарастырылған. Бүгінге оның 701 шақырымы ауыстырылды (74,5%). Осылайша, қыс мерзіміне жоспарлы түрде кірсек те, облыстың тыныс-тіршілігіне табиғат өз түзетпесін қосқанын білесіздер. Тараз қаласы мен 5 аудан аумағында 3 қарашада соққан дауыл желдің салдарынан электр жүйелері істен шығып, бірқатар өмір тіршілігі нысандарының жұмысы тоқтады, әлеуметтік нысандар және тұрғын үйлердің шатырлары жұлынып түсті. Барлығы 1754 нысан зардап шекті, 53 мыңға жуық абонент жарықсыз, 5 елді мекен газсыз қалды. Келтірілген шығын жобамен 470 млн. теңгені құрады. Бірлесіп атқарған жұмыстың арқасында, 3-4 күннің ішінде энергетикалық нысандар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Тараз қаласында тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандардың 60%-ы қалпына келтірілді. Бұған Үкімет тарапынан да көмек көрсетілуде. Осындай сын сағатта біз бірлігіміз бен тынымды тірлігімізді көрсете білуіміз керек. Құрметті партияластар! Еліміздің 25 жылдағы осындай жетістіктерге қол жеткізуі – Тұңғыш Президентіміз, партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығының арқасында болып отыр. Ал, бұның бәрін халыққа жеткізу, Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға қазақстандықтарды жұмылдыру - жетекші саяси күш ретінде, «Нұр Отан» партиясына міндеттелген. «Нұр Отан» партиясы бүгінде, құрамында 1 миллионға жуық мүшесі бар, үлкен саяси күшке айналып отыр. Соңғы екі жылдағы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде партия қатары жігері мол, еліне адал 9 мың жаңа мүшеге толып, жалпы саны 70 мыңға жуықтап қалды (Республика бойынша 5-ші орында) Тараз қаласындағы партияластарымыздың қатары екі жылда 1328-ге артты. Партия Төрағасы дәстүрлі Жолдауларында «Нұр Отан» партиясының жұмысына басымдық беріп, қоғам тынысындағы күрделі мәселелерге партияның араласуына жол ашып келеді. Соның негізінде, Саяси кеңес пен Бюро мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары жанданып, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері оңтайлы шешілуде. Осы тұрғыдан, «Нұр Отан» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп гүлденуіне өзінің қомақты үлесін қосып келеді. Бұл облыс тұрғындарының «Нұр Отан» партиясына деген сенімін жоғарылата түсті. Сондықтан, біз бүгін партия мүшелерінің санын ғана көбейтуді мақсат тұтпай, сапалық құрамын жақсартуды көздеп отырмыз. Оның қатарына ең лайықты, жауапты адамдарды тарту. Мәселен, партия мүшелерінің арасында шағын және орта бизнес өкілдерінің үлес салмағы әлі де төменгі деңгейде екенін айтуымыз керек. Мысалы, қалалық филиалдағы 16141 партия мүшесінің 2,2 пайызы ғана шағын және орта бизнес өкілдері. Партия болашағы қатарымыздың тазалығына, ішкі партиялық және әр партия мүшесінің тәртібіне тікелей байланысты. Бастауыш партия ұйымдары, бірінші кезекте, партия мүшелерін тәрбиелеуді назардан тыс қалдырмауы керек. Бұл - өте маңызды. Бұл талаптар партия Төрағасының әрдайым назарында. Жалпы, биылғы жыл партия ұйымдары үшін аса жауапты жыл болды. Өйткені, жақында ғана бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау науқаны аяқталды. Облыс бойынша барлық 401 бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді, 122 бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері ауысты. Бұл барлық бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің 30 пайызын құрайды. Бұл жиналыстарда партия ұйымдарының соңғы екі жылда атқарған сан-салалы жұмыстарына талдау жасалып, алдағы міндеттер айқындалды. Есеп беру-сайлау науқаны Тараз қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің 17 пайызының белсенділігінің әлі де болса төмен екендігін байқатты. Бұл - қоғам өмірінде өз орнын айқындаған партия құрылымдарына ішкіпартиялық менеджментті жетілдіруге қатысты жаңа көзқарастар қажет деген сөз. Қалалық филиал төрағасы Нұржан Сәбитұлы бастауыш партия ұйымдарында өткен бірде-бір есеп беру-сайлау жиналыстарына қатыспады. Бұны қалай түсіндіруге болады? Филиалдар мен бастауыш партия ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында партия Орталық аппараты өткен жылдан бері ең үздік бастауыш партия ұйымына республикалық байқау жариялап келеді. 2015 жылғы байқауда Талас ауданындағы «Аққұм» бастауыш партия ұйымы республикада 1-ші орынды жеңіп алды. Тараз қаласындағы «Арайстроймаркет-2003» және Сарысу ауданындағы «Қаратау» бастауыш партия ұйымдары партия Орталық аппаратының арнайы дипломдарымен марапатталған болатын. Биылғы жылы Тараз қаласындағы «Бәйтерек» (төрағасы М.Бердалиев) және «Арайстроймаркет-2003» (төрағасы А.Еділбаев) бастауыш партия ұйымдары өз санаттарында топ жарып республикалық байқауға жолдама алды. Осы байқау аясында бастауыш партия ұйымдарының жеке жұмыс кабинеттерін ашу талабы барлық партия филиалдарының алдына қойылған болатын. Ал, партияның Тараз қалалық филиалына қарасты 62 бастауыш партия ұйымының 34-інде ғана жұмыс кабинеттері бар. Оның ішінде, биылғы жылы 7 ғана кабинет ашылған. Қалада жұмыс кабинеттерін ашуға мүмкіндік мол. Алдағы жылы барлық бастауыш партия ұйымдарын түгелдей қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жұмыс кабинеттерімен қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыстың әр ауданы мен қалаларында да "нұротандықтар" игі бастамаларға ұйытқы болуда. Бүгінгі күні саяси ұйымның әлеуметтік топтарға бағытталған 9 жобасы бар. Сол бастамалардың ішінде «Мәңгілік ел» идеясы ұлттық идеологияның басты ұстанымына ие болып отыр. 2017 жылы партияның филиалдары жұмысын бағалауда тұрғындардың Елбасы Жолдауының негізгі шарттарын білуі мен қабылдауы негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде қабылдайтын болады (75 пайыздан кем болмау). Сондай-ақ, партия филиалдарының қызметіне халықтың берген оң бағасы (50 пайыздан төмен болмау), партияның жүзеге асыратын жобаларынан хабардар болуы (20 пайыздан төмен болмау) бағаланады. Ендеше, партия мүшелерін осы шараларға жұмылдыру - негізгі міндетіміз. Сонымен қатар, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында қоғам мен мемлекеттің бірлескен іс-қимылын үйлестіру - бастауыш партия ұйымдарының басты назарында болуы тиіс. Өйткені, тек бастауыш партиялық ұйымдар арқылы сайлаушылармен қарым-қатынас, халықпен кері байланыс жасау, олардың проблемаларын білуге болады. Сондықтан, партия филиалдары, барлық деңгейдегі депутаттық фракциялар жергілікті жерлерде саяси шешімдер қабылдаудың орталықтарына айналу керек. Алдағы уақытта Сайлауалды бағдарламаны тиімді іске асыру үшін әлеуметтік топтармен жұмысты айтарлықтай күшейтуіміз қажет. Құрметті әріптестер! Партияның қоғамдық қабылдаулары халықпен кері байланысты тиімді қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдарында 12 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Партия қоғамдық қабылдауларының тұрғындар арасындағы беделінің артып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Есеп беру мерзімі аралығында Тараз қалалық филиалына 2 жылда 1331 өтініш түсіп, оның 534-і немесе 40 пайызы оң шешімін тапқан. Тұрғындардың өтініш-тілектері мен арыз-шағымдарын шешуде партия қоғамдық қабылдауларының әлеуетін алдағы уақытта да барынша тиімді пайдалануымыз қажет. Бастауыш партия ұйымдары жұмысының шешушi бағыттарының бiрi - жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жас ұрпақ тәрбиесi үшiн күрес,- деп есептеймiн. Бүгінде Мем¬лекет басшысының тапсырмасымен жоғары немесе арнаулы орта оқу орнына түсе алмай қалған мектеп түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орналастыру бо¬йын¬ша ауқымды республикалық жоба қолға алынды. Қазіргі таңда, облысымызда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған және тестілеудің шекті деңгейінен өте алмаған 3870 түлек болса, оның 2292-сі Тараз қаласының жастары. Солардың 39-ы бүгінгі күнге дейін не жұмыспен, не оқумен қамтылмаған. Осы түлектерді жұмысшы мамандықтар бо¬йын¬ша оқытып, мемлекеттік бағ¬дар¬лама¬лар аясында тұрғызылып жатқан нысандарға жіберу жұмыстарын 1-желтоқсанға дейін шешуді филиал төрағасына тапсырамын. Құрметті «нұротандықтар»! Біз партия ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыра отырып, шын мәніндегі халықтық партия екенімізді іс жүзінде дәлелдеуіміз қажет. Бұдан басқа ой да, жол да болуы мүмкін емес. Халқымызда «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген дана сөз бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына кіргізу – халқымыз алдындағы ең үлкен мұрат, ұлы мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс» - деп айтқан болатын. Ендеше мен де сіздерді партия мәртебесі, абыройы үшін «езіле», «жұмыла» жұмыс істеуге шақырамын. Тараз қалалық партия филиалының атқарған жұмыстары және бағындыратын биік белестері алда деп есептеймін. Ең бастысы, біз ел сенген, ел сенім артқан Көшбасшы партияның мерейін арттыруға тиіспіз. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

2 Желтоқсан 2016 Жыл · 355 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Б.Нарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ
Блог авторы: Нарбаев Б. Ж.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті аудан тұрғындары!

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Бұл күн - біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні.

Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.

Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.

Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық тәжірибесі біздің ел үшін тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 25 жылға жуық уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басым бағыттарын орындаудың жаңа міндеті алдымызға қойылды.

Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте - Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты.

Аз ғана уақыттың ішінде сәні мен салтанаты жарасқан Астана тұрғызылды. Бүгінде бұл шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізетін алаңға айналды. Келер жылы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізетін боламыз.

Қазіргі таңда барша әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана әрі дара саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес.

Сарысу ауданы да Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.

Аудан экономикасымен қатар халық саны да артуда. Бүгінгі таңда 9 ауылдық округіне қарасты 26 елді мекен мен аудан  орталығы Жаңатас қаласында 43896  адам тұрады.

Көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсарып келеді. Ауданда өнеркәсіп саласында шығарылған өнім және тартылған инвестиция көлемдері де артып отыр.

Бұл - ел бірлігінің, ағайын татулығының арқасы.

Қадірменді сарысулықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!

Еліміздің болашағы - баянды, келешегі - кемел, бірлігіміз - берекелі, татулығымыз - берік болсын!

30 Қараша 2016 Жыл · 403 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Обращение к читателям блога
Блог авторы: Өмірбеков М. А.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Бүгінгі заман талабына сай ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сәйкес, «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің ресми web-сайтының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бұқарамен тығыз байланыс орнатуға қол жеткізіліп отыр. Қазақстан Республикасының даму шапшандығы болашаққа үлкен сеніммен қарауға жетелеп отыр. Аталған мемлекеттік іске біздің ауданда елеуілі үлесін қосуда. Оның бірден бір дәлелі тарихи – мәдени қоры мол, экономикалық - әлеуметтік салалары уақыт өткен сайын қарқынды даму жолына бет алған. Ұлы Жібек жолының бойында Шу мен Аспара, Меркі мен Қорағаты өзендерінің ортасында және асқақтаған Қырғыз Алатауының шатқалына қоныс тепкен өңіріміз таза ауасымен, шипалы «Радон» суымен, саналуан өсімдік пен жануарларымен, әсем табиғатымен баурап тұрғандай.
Сонымен қатар ауданымыздың негізгі бағыттары мал шаруашылығы, ауылшаруашық, өнеркәсіп, инфрақұрылым және сауда - саттығы сияқты салаларында ілгерушіліктер көрініс алған. Көлемі 70 мың шаршы шақырымда орналасқан ауданымызда 40 шақты ұлт өкілдерінен құрылған 75 мыңға жуық халық татулықта өмір сүруде.
Осы орайда өңіріміздің барлық іс-әрекетін қамтитын осы электрондық жүйенің Сіздерге ауқымды мағлұмат берер мүмкіндігі мол.

В соответствии современными принципами информационного обеспечения, используя возможности официального веб-сайта акимата Меркенского района, по государственной программе «Электронное правительство» достигнуто тесное взаимодействие района с центром. Неуклонное развитие Республики вселяет надежду на будущее, и наш район вносит свой вклад в развитие нашего государства. Доказательство этому социально-экономическое развитие региона, с богатым, историко-культурным фондом. Расположенное на великом Шелковом пути, опоясанный реками Шу и Аспара Мерке и Корагаты. Предгорьях Киргизского Алатау наш регион знаменит своим чистым воздухом, целебными «Радоновыми» водами разнообразием растительного и животного мира. Вместе с тем отличается улучшение показателей по основным направлениям. Это животноводство, сельское хозяйство, промышленность, инфраструктура и торговая деятельность. На территории района площадью более 70000 км2, мирно проживают более 75000 человек, 40 национальностей. Связи с вышеуказанным это электронная система даст Вам возможность получать полную информацию по всем сферам деятельности и развития нашего региона.

Құрметпен, аудан Әкімі Өмірбеков Мейрхан Азатұлы!

 

27 Қыркүйек 2016 Жыл · 1754 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Астана күні мерекесімен құттықтау
Блог авторы: Айтақов Ж.Ә
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды мемлекетімізді ұлықтайтын бүкіл халықтық мереке – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл барша Алаш жұрты ардақ тұтқан Елордамызға 18 жыл толып отыр.

Бұл күн - күллі қазақстандықтардың қуанышы, ел мерекесі. Өйткені, Елордамен мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері, мыңдаған қазақстандықтардың армандары, үміттері және болашағы байланысты.

Ұлы дала төрінен бой көтерген Астана - тәуелсіздігіміздің табысы, мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен жеңістерінің жарқын айнасы.                 Астана жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның айшықты нышаны, ұлттық рухтың символы, еліміздің мақтанышы.

«Мәңгілік Ел» мұратын ұстанған еліміздің Астанасы көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр.

 Бүгінде Астана әлем төріне айналды. Он сегіз жыл ішінде Астана Шығыс пен Батысты, әртүрлі мәдениеттер мен өркенниеттерді жақындастырды. Қазақстан елордасында мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды насихаттауға бағытталған түрлі халықаралық шаралардың өткізілуі осының айғағы.

Халықаралық маңызы биік, мәртебесі жоғары «ЭКСПО - 2017» көрмесін Астанада өткізу құқығына ие болу сөз жоқ дәуір дарабозы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев саясатының салтанат құруымен үндесіп жатыр. Бұл әлемдік ауқымдағы іс-шараларды өз деңгейінде өткізу тәжірибесімен ерекшеленген Астанамыздың әлем мойындаған келбеті.

Сондықтан да Астананың туған күні Елбасының кемелі, еліміздің мерейі. Алдағы уақытта  да халқымыз еңсесі биік  Елордасымен, ойы кемел Елбасымен бірге жаңа белестерге көтерілетініне сенімдіміз.

 

Қадірлі  жерлестер!

Сіздерді осы бір жарқын мерекемен құттықтай отырып, зор денсулық, табысты еңбек, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілейміз.

Елдік пен тұтастықтың туын көкке көтерген Астана қаласының келешегі кемел, болашағы баянды болсын!

Асқақтаған Астанамыз гүлденіп, өркендей берсін!  

 

 

 

Аудан әкімі Ж.Айтақов                     Мәслихат хатшысы   Ш.Қосалов

6 Шілде 2016 Жыл · 566 көріп шығулар · пікір жазылған 0
8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күнімен мерекелік құттықтау АРДАҚТЫ АНАЛАР!
Блог авторы: Айтақов Ж.Ә
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күнімен мерекелік құттықтау

АРДАҚТЫ АНАЛАР!

Қай қоғамда болсын әйелдер қауымының алар орны айырық­ша. Өйткені, жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атауы­ның бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен та­райды.

«Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» дегендей, аналар алмайтын шың, бағындырмайтын асу жоқ. Адамзаттың бас иіп, тағзым етер тәңірі де – ана. Оның ұлылығы мен қадыр-қасиетіне жетер ештеңе жоқ.

Бүгін әйел азаматтарының білім-білігі кемел, парасат­ты­лығы биік, мәдениеті өскен, саяси-әлеуметтік белсенділігі жо­ғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бас­тап мемлекеттік саясатқа дейінгі қоғамдық өмірдің бар­лық құрылымдарында әйелдер араласпайтын сала жоқ. Еге­мен еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінің бар­лығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз әрқашан мақ­тан тұтамыз. Бүгінде ана мен баланы әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын сәбиді күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік кө­мек түрлері көбейіп келеді. Елімізде алтын құрсақты аналар жағ­дайын жақсартудың барлық шаралары жасалуда.

Ана мен баланың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің тыныштығын нығайту міндеттері мемлекет басшысының әрбір Жолдауында нақты көрініс табуда.

Біздің ауданымызда да ана мен баланы қорғауға, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, әйел­дер кәсіпкерлігіне қолдау көрсе­ту­ге мүмкіндігінше жағ­­дай жаса­лып келеді.

Қымбатты аналар, аяулы арулар!

Баршаңызды осы бір тамаша көктем мерекесімен тағы да шын Жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол ба­қыт тілейміз. Ана қуанышы, әйел қуа­ны­шы-үйдің, отбасының, Отанның ме­рейі. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңіл­­де­ріңіз аспан­дай ашық болсын.

Аудан әкімі Ж.АЙТАҚОВ.

 

Мәслихат хатшысы Б.ШАМАЕВ.

24 Наурыз 2016 Жыл · 767 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1  2  3 4 5 6 7 8 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Жиенбеков Жандарбек
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Доброе время суток Рустем Рысбаевич. Я являюсь владельцем магазина двух этажного с общей площадью 1300 м2. По адресу 8 мкр. (Алатау) ул. ...
Шахтыбай
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
В течений длительного времени, на перекрёстке улиц Сухамбаева и Баласагуни происходят дорожно- транспортные происшествия с частотой ...
Асқар Махамбет
Сұрақ: Бықыбаев Д. Д.
Құрметті Дүйсеналы мырза! Сізге қоятын сұрағым тұрғын үйдің немесе басқа бір ғимараттың қабырғасына мемориалдық тақта орнату жұмыстары ...
Алима
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте уважаемый Аким г. Тараз. Пишу Вам в надежде на помощь либо содействие в решении вопроса. Живем мы не далеко от жд вокзала, а ...
Гозаль
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте! Спасибо большое за оперативное содействие. Во дворе прибрали, чистенько так. Теперь будем ждать когда приедут убирать ...
Джувалышбаева Акбота
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қайырлы күн, құрметті Рүстем Рысбайұлы! Мен 8 м-ауд, 42 үй тұрғынымын. Менің және 41 - 42 үйлердің тұрғындарының үлкен өтініші бар. Біздің ...
Талгат
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте! Хозяйка нотариуса Улбосын по адресу ул.Салтанат дом 19 не соблюдает чистоту своего заведения,конкретнее, не убирается на ...
Олег
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
о Приятно удивлён такой оперативностью работы с письмами.На улице Рахимова по моему сообщению уже уложили бетонные лотки и трубу,но ...
Оксана Александровна
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Добрый день! Обратиться к Вам с данным письмом меня подтолкнули жизненные обстоятельства, с которым столкнулся близкий мне человек. ...
Олег
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
По улице Рахимова, при прокладке трубопровода горячего водоснабжения, была нарушена арычная система, в районе термо-компенсационного ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'