Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Ахаев М.К.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күнімен мерекелік құттықтау АРДАҚТЫ АНАЛАР!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күнімен мерекелік құттықтау

АРДАҚТЫ АНАЛАР!

Қай қоғамда болсын әйелдер қауымының алар орны айырық­ша. Өйткені, жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атауы­ның бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен та­райды.

«Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» дегендей, аналар алмайтын шың, бағындырмайтын асу жоқ. Адамзаттың бас иіп, тағзым етер тәңірі де – ана. Оның ұлылығы мен қадыр-қасиетіне жетер ештеңе жоқ.

Бүгін әйел азаматтарының білім-білігі кемел, парасат­ты­лығы биік, мәдениеті өскен, саяси-әлеуметтік белсенділігі жо­ғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бас­тап мемлекеттік саясатқа дейінгі қоғамдық өмірдің бар­лық құрылымдарында әйелдер араласпайтын сала жоқ. Еге­мен еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінің бар­лығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз әрқашан мақ­тан тұтамыз. Бүгінде ана мен баланы әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын сәбиді күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік кө­мек түрлері көбейіп келеді. Елімізде алтын құрсақты аналар жағ­дайын жақсартудың барлық шаралары жасалуда.

Ана мен баланың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің тыныштығын нығайту міндеттері мемлекет басшысының әрбір Жолдауында нақты көрініс табуда.

Біздің ауданымызда да ана мен баланы қорғауға, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, әйел­дер кәсіпкерлігіне қолдау көрсе­ту­ге мүмкіндігінше жағ­­дай жаса­лып келеді.

Қымбатты аналар, аяулы арулар!

Баршаңызды осы бір тамаша көктем мерекесімен тағы да шын Жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол ба­қыт тілейміз. Ана қуанышы, әйел қуа­ны­шы-үйдің, отбасының, Отанның ме­рейі. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңіл­­де­ріңіз аспан­дай ашық болсын.

Аудан әкімі Ж.АЙТАҚОВ.

 

Мәслихат хатшысы Б.ШАМАЕВ.

24 Наурыз 2016 Жыл · 1183 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Жаңа жылдық құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Жаңа жылдық құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа - 2016 жылымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиял­дар­ға қол создыратын ең сүйікті ме­реке.

Жаңа жыл – әр үйге шат­тық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, шуаққа бөлейтін отбасылық мереке. Барша адамдар бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. 

Өткен 2015 жыл еліміз үшін естен кетпес жарқын оқиғаларға толы болды. Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы  жария­ла­нып, біз  Ұлы Жеңіс­тің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Кон­ституциямыздың 20 жыл­дығын, Қазақ ханды­ғы­­ның 550 жылдығы сынды дү­бірлі мерекелерді сән-сал­та­натпен атап өттік.

Тұтастығы мен бірлігі, та­ту­лығы мен тыныштығы жа­расқан еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып, эко­номикалық дамудың жаңа ке­зеңіне қадам басты.

Жаңа жылды біз іргесі бе­рік, мемлекеттігі бекем, аты әлемге танылған қуатты ел ре­тінде қарсы алып отырмыз. Елі­мізге табысты даму жолын көр­сететін «Қазақстан-2050» стра­тегиялық бағдарламасы, «Нұрлы Жол» жаңа эко­но­микалық саясаты мен «Ұлт жоспары – 100 нақ­ты қадам» және жыл сайын­ғы Қазақстан халқына Жол­дау­лары әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қо­сы­лу жолындағы біздің ау­қымды қадамымыз.

Әлемдік экономикадағы бү­гінгі қиындыққа қа­ра­мастан, биыл да әл ау­қа­тымыз арта түсті. Елімізбен бірге ауданы­мыз­дың да эко­номикасы өрлеп, бақ-дәулеті артып, тұрмыс-тірші­лігі жақ­саруда. Шағын және орта биз­нес саласы, егін және мал ша­руашылығы қарқынды даму үстінде. Жаңа мектеп­тер мен балабақшалар салы­нуда.

Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз 2016 жылы да жаңа идеялық ізденістермен  және бастамашыл қа­дам­дар­мен жалға­сын таба беретін бо­лады.

Жаңа жылдан күтеріміз мол. Бұл жылы ел Тә­уел­сіз­дігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Барша қа­зақ­стан­дықтар, оның ішінде аудан жұртшылығы осы жылды зор еңбек тарту­лары­мен, ор­тақ мемлекеттік мүдде жо­лында жеке өнегесімен ай­шықтап, үлес қосатынына сенім­діміз.

Қадірлі ағайын!

Жаңа жыл әрбір ша­ңыраққа жақсылық пен та­быс, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке алып келсін.

Жаңа жыл үлкен үміт пен зор сенімнің, шаттық пен қуа­ныштың жылы болсын!

Сіздерге мықты ден­саулық, отбасыларыңызға аман­дық, әрбір істеріңізге сәт­тілік тілейміз.

Жаңа жыл құтты болсын!

Аудан әкімі Ж.Айтақов     

Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

4 Қаңтар 2016 Жыл · 1331 көріп шығу · пікір жазылған 0
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Мерекелік құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз тарихи бетбұрыс тұсында, ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырып, егемен еліміздің тұңғыш Президентін сайла­дық.

Таңдауымыздың тағдырлы болғанын ұлы төреші уақыттың өзі дәлел­деді. Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тәуелсіз мемле­кет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дәуірге қадам басқанына биыл 24 жыл толады. Осынау сындарлы кезеңде, тар жол, тайғақ кешу­ден аман-есен алып шыққан Елбасымыздың аз ғана уақыттың ішін­де мемлекетіміздің қарыштап дамуына, тәуелсіздік тұғырының нығаюы­на сіңірген еңбегі зор.

Тәуелсіз мемлекетімізде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар нәтижелі жүзеге асырылды.

Еліміз қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып, дүние­жүзін­дегі алдыңғы қатарлы елдермен үйлесімді стратегиялық әріптестік қарым-қатынас орнатты.

Елбасының тікелей қолдауымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме­сінің Астанада өтетіні де төрткүл дүние назарын Қазақстанға ауда­рып отыр.

Көпұлтты Қазақстан достық пен ынтымақтың, татулық пен бірлік­тің мекеніне айналды. Бүгінде Қазақстанның шаңырағы берік, мерейі үстем, беделі асқақ. Әлемнің белгілі саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды.

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межелеп отыр.

Елімізбен бірге аудан тұрғындарының әл-ауқаты жыл санап артып келеді. Шағын және орта бизнес қанат жая бастады. Әлеуметтік салалар қарқынды дамып, жаңа ғимараттар бой көтеруде.

Халық игілігі үшін қолға алынған бастамалар мен жарқын істеріміз алдағы кезде де жалғасатын болады.

Қадірлі аудан тұрғындары!

 

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектеріңіз бен бағалы бастамаларыңызға сәтті болсын дейміз.

3 Желтоқсан 2015 Жыл · 1513 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Обращение к читателям блога.
Блог авторы: Омаров Ж. Ж.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті блогқа қатысушылар!


XXI ғасыр-ақпараттық технологиялар ғасыры болғандықтан адамдарға көптеген мүмкіндіктер әкелуде. Біз әлемде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырмыз.
Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты да қазіргі қоғам сұранысына сай кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік ақпараттармен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде әлемдегі жаһандық діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері өрбіген заманда еліміздегі қалыптасып үлгерген ішкі саяси тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, дінаралық қатынастардың алдағы уақытта да берік орнығуы көп жағдайларда мемлекеттік органдар мен халықтың бірлесіп атқаратын жұмыстарына байланысты.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен Сіздерді өзімнің блогымда белсенді ақпаратпен алмасу үшін шақырамын.

 

Уважаемые посетители блога!

 

XXI век, будучи веком информационных технологий, дает много возможностей для человека. Мы каждый час, каждый день через интернет получаем новости, которые происходят в мире.
Это и есть основная цель информационных технологий, то есть обеспечение информацией потребителей в любое время согласно спросу современного общества.
Сейчас, когда во всем мире стоит угроза религиозного экстремизма и терроризма, установившаяся стабильность внутренней политики государства, общественное и межконфессиональное взаимодействие и согласие, дальнейшее укрепление незыблемости страны зависит от совместной работы государственных органов и населения области.
Для достижения этих целей и внесения своей лепты в стабильность нашей жизни я приглашаю Вас активно участвовать в обмене информацией в моем блоге.

27 Қазан 2015 Жыл · 1250 көріп шығулар · пікір жазылған 0
1 МАМЫР – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

Сіздерді 1 мамыр – Қа­зақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жү­ректен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің әрбір қа­зақстандық үшін айрықша маңызы бар. Бірлік мерекесі халқымызды етене жа­қын­дастыра түсетін тағы­лымды мереке.

Жеріне құт-береке мен ырыс дарыған, бейбіт­ші­лігі өмірінің мәніне айнал­ған, халқы елдігі мен ынты­мағын көрсетіп, Елбасын алтын тұғырына қайта қондырған елімізде бұл ме­рекені әрбір ұлт, өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.

Елбасы Нұрсұлтан На­­­зарбаев «Біз туған елі­міз­ді бейбітшіліктің бесі­­­гіне ай­налдыра білдік. Тыныш­тық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұ­тас­тық төрімізге озды» деген еді.

Елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен ты­­ныштығын ең басты мақсат еткен елімізде биыл­ғы жыл Қазақстан хал­­­қы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.

Ассамблея жылы – мыз­ғымас бейбітшілік пен келі­сім саясатының, ортақ Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­­ликасының көркеюі мен гүлденуі жолындағы тұ­рақтылықтың, тұтас­тық­тың аясында өтуде.

Ассамблея жылы Ұлы Же­ңістің 70 жылдығы, Конс­­ти­туцияның 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. 

Осыдан 20 жыл бұрын, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін құ­­рылған бірегей инсти­тут – Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде та­тулықтың талбесігіне ғана емес, әлеуметтік-эконо­­­­ми­калық дамуымыздың темір­қазығына айналды.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегия­сы мен «Нұрлы    Жол – бо­ла­шақ­қа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын та­­­бысты жүзеге асыру үшін қоғамның ынтымағы ке­рек. Алдымыздағы ұлы мақ­­саттарға қол жеткізу­де халық болып ұйысып, жұды­рықтай жұмылуымыз қа­жет.

Ұлы бабаларымыз «Ба­­­қыттың кілті – достық­та, достықтың кілті – халықта» деп ұрпағына ұла­­­­ғатты өсиет қалдыр­ған. Қазақ елі бүгінде – осы достықтың кілтімен әрбір жүрекке шуақ шашқан киелі елге айналды.

Қалыптасқан халықтар достығының арқасында бү­­гінде мемле­кетіміз­дің эконо­­­микасы өр­кен­­деп, ілгері басып келеді. Елімізбен бірге ын­ты­мағы ырысқа жал­ғасқан ауданымыздың эконо­ми­касы өрлеп, бақ-дәулеті артып, тұрмыс-тіршілігі жақсаруда. Ауданымызда 20-ға жуық ұлт пен ұлыс­тардың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, егемен еліміздің гүлденуі жолында еңбек етуде.

 

Қадірлі жерлестер!

Ел бірлігі күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге бақыт пен қуаныш, ден­­­де­ріңізге саулық және от­басыларыңызға аман­дық тілейміз!

Тыныштық пен бей­біт­шіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің бо­ла­шағы баянды, іргесі бе­рік болсын!

 

 

6 Мамыр 2015 Жыл · 1636 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2  3  4 5 6 7 8 9 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Алена
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте, пишу вам с города Тараз прошу оказать помощь. 21.02.2018 года обратилась вместе с моими родителями(отец 1965г.р. мать 1968г.р. ...
Темиргалиев Дамир
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Хочу обратится к Вам от имени жильцов ул. Баженова, в прошлом году летом по нашей улице прошла модернизация ...
Меркі ауданы Гранитогор мектеп интернаты
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Құрметті Асқар Исабекұлы Мырзахметов! Меркі ауданы Гранитогор санаториялық мектеп интернатының ұжымы аты-жөнін көрсетуге қорқады. ...
Аслан Әлімбек
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Здравствуйте Уважаемый Аскар Исабекович. Моя супруга работает в ЦРБ Меркенского района. Получает около 60 тыс.тенге. Часто по работе бывает ...
Гульхан
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қайырлы күн! Біз Жамбыл проспектінде орналасқан ресторан, түнгі клуб артында тұрамыз. Аталмыш нысандар таң атқанша тым қатты музыка ...
Гранитогор санаториялык мектеп интернатының ұжымы
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Құрметті Асқар Исабекұлы Мырзахметов! Гранитогор санаториялық мектеп интернатының ұжымы сізге жазған арызымызға оң көзқарасыңызбен ...
Руслан
Сұрақ: Омаров Ж. Ж.
Құрылып жатқан діни бірлестіктің бастамашы азаматтар тізімі қандай нысанда ...
Сейтниязов Донай
Сұрақ: Өмірбеков М. А.
Ассалаумалейкум Асқар аға! Мен Сейтниязов Донай Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінде тұрамын.Жасым 42 де. Қазір Тараз қаласында ...
Арай
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Арайга канализация кашан ...
Сейтниязов Дунай
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Ассалаумалейкум Асқар Мырзахметұлы. Мен Сейтниязов Дунай, Меркі ауданы, Ойтал ауылы ,Кооперативный көшесі 24 үйде тұрамын. Отбасымда 3 ...