Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Ахаев М.К.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

 

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті күні­мен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстан­дық­тар­дың бірауызды дауыс беруімен сайланған Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­ден­ті Н.Ә.Назарбаев осы жылдары елімізді өр­кен­дету мен мемлекетімізді нығайтудың жар­қын болашағына даңғыл жол бастады.

Бүгінде Ұлт Көшбасшысының биік сая­си бей­несі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен ажы­ра­мас егіз ұғымға айналды. Елбасының сын­дар­лы саяса­ты арқасында елімізде әлеу­­­­­мет­тік-экономикалық және қоғамдық-саяси ре­­­формалар табысты жүзеге асып, Қазақ­стан­ды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етті.

Қазақстан аграрлық елден индустриялық даму бағытындағы мемлекетке айналып, әлем­­дегі қарышты дамыған елу елдің қата­рынан орын алды. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­­зарбаевтың көреген саясаты мен ерен еңбегін ерекше бағалаған қос палаталы ел Парламенті 1 желтоқсанды – Қа­зақстан Рес­пуб­лика­сының Тұңғыш Президенті күні – мем­лекеттік мерекесі етіп бекітті.

Елбасы ұсынған «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясы бүгінде ел дамуының бас құ­жатына ай­на­лып отыр. Елбасы елімізде де­мократиялық үрдістерге басымдықтар бере отырып, ұлтаралық татулық пен келісім, ын­тымақ пен бірлік саясатына қанат бітіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір­ге әкелді. Еліміздің Тұңғыш Президенті әлем елде­ріне бейбіт өмір, еркін даму, қауіпсіздік және тұ­рақ­тылық бағытындағы геосаяси идеяның бас­тамашысы ретінде кеңінен танылды.

Елбасының тікелей қолдауымен «Ехро-2017» ха­лықаралық көрмесінің Астанада өте­тіні де бүгінде төрткүл дүние назарын Қазақ­станға ау­дарып отыр.

От шашқан домна пешінің ыстығында  шың­далған Елбасын алға жетелеген елінің  арма­ны, жігерін жаныған ұлтының намысы екені ақиқат. Ол – қазақ халқының қаһармандыққа толы өткенін, жасампаздыққа толы бүгінін ке­мел келешегін жалғаушы заман заңғары!

«Мәңгілік ел» идеясымен ұлт қамын терең ой­лаған, туған елінің туын көкке көтерген Нұр­­сұлтан Назарбаев – Ұлы Даланың Ұлы Пер­зенті! Сондықтан да, оның өмірі мен қыз­меті – ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге.

Қадірлі аудан тұрғындары!

Баршаңызды   мерейлі  мерекемен  құттықтай  отырып,  дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.  Еліміздегі  ынтымақ-бірлік,  ырыс пен бақыт баянды  бола  берсін!

 

Аудан әкімі      Ж.АЙТАҚОВ   

                      

  Мәслихат хатшысы           Б.ШАМАЕВ

1 Желтоқсан 2014 Жыл · 1364 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Вступительное слово
Блог авторы: Алиев Д.Қ.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті блогқа қатысушылар!
Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер!


Бүгінгі техникалық жағынан дамыған заманда қашықтықтан байланыс орнатудың түрлі тәсілдері бар. Соның бірі – жеке блог жүргізу. Менің бұл жеке блогым аудан тұрғындарымен қолжетімді, әрі тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Менің ресми блогымда әрбір пайдаланушы өз пікірлерін қалдыруына, сұрақтар қоюға, ұсыныс енгізуіне мүмкіндігі бар. Әрбір өтініш білдіруші өзінің сұрақтарына дәйекті жауаптар алатынына сенімдімін.
Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу ауданның экономикалық - әлеуметтік дамуына септігін тигізеді.
Бүгінгі ақпараттық-технологияның дамыған заманында осындай мүмкіндікті пайдалану сіздерге де маған да тиімді болатынына үміт артамын.

Уважаемые посетители!
Добро пожаловать на мой официальный личный блог.


Блог-платформа – это еще одна уникальная возможность для общения, которую предоставляют нам современные высокие технологии.
С помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я обязуюсь отвечать на ваши вопросы и каждое поступившее обращение не останется без внимания.
Думаю, благодаря нынешнему развитию информационных технологий это будет полезно, как для вас, так и для меня.
 

14 Қазан 2014 Жыл · 2008 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті Жамбыл ауданы әкімі аппаратының сайтын пайдаланушылар!
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті Жамбыл ауданы әкімі аппаратының сайтын пайдаланушылар!

         Жамбыл ауданы Жамбыл облысының батыс аумағында орналасқан, алаңы 431,8 мың шаршы метр. Ауданының әкімшілік-аумақтық бөлігіне 17 ауылдық округтер, 43 елді мекендер, аудан орталығы – Аса  ауылы. Аудан Қазақстан Республикасының өзіндік кіру карточкасы болып табылады. Өзге елмен шекаралас жатқан аудан мәртебесі басшылықты және тұрғындарды көпке міндет етеді. Бүгін ол күшті инфрақұрылыммен, қуатты кадрлық потенциалмен Жамбыл облысының экономикалық даму ауданы болып табылады.  Аумағымыз туралы жедел, объективті және нақты ақпарат алу үшін, біздің сайтымыз  қамтамасыз ететініне сенімдімін. Жемісті қарым-қатынысқа үміттенемін! Жұмыстарыңызда береке, табыс тілеймін!

7 Шілде 2014 Жыл · 2150 көріп шығулар · пікір жазылған 0
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Мерекесімен құттықтау!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі ағайын!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке көпұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды. Оның идеялары барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету үлгілері еліміздің көпұлтты халқына етене жақын. Сондықтан да, бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.

Біздің еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және оның дәулетін тасытуға зор ықпал етуде.

Татулығы мен бірлігі жарасқан бейбіт елімізді бүгінде бүкіл әлем таниды. Халықаралық дәрежедегі іргелі істерді тындыра алатын өресі биік, өнегесі мол ел екендігін мойындады. Осы жылдары алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар.

Жақында ғана Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының               «Қазастан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбында  өткен ХХІ сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз» деп айрықша атап өткен болатын. Шын мәнінде біз осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, жарасымды бірлігіміз бен табысты тірлігімізді әрі қарай дамытуымыз керек.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген ұлы бабалардан қалған ұлағатты сөз бар. Біз ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты одан әрі бекемдеп, барлық этникалық топтардың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен тілін сақтауға бағытталған жұмыстарды бұдан әрі де жалғастыратын боламыз.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан біздің ауданымызда да әртүрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде. Алдағы уақытта да ауданымыздың әрбір тұрғынының еселі еңбегі экономиканы жаңғыртуды жүзеге асырудың негізі болары сөзсіз.

Құрметті жерлестер!

Ыстық ықылас пен достықтың  мейрамы – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Сіздерге бақыт пен қуаныш, дендеріңізге саулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Аудан әкімі   Ж.Айтақов                        

Мәслихат хатшысы   Б.Шамаев

 

 

13 Мамыр 2014 Жыл · 1792 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр – Жеңіс күні мерекелерімен ҚҰТТЫҚТАУ
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті Отан қорғаушылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері  мен  тыл  еңбеккерлері!

Ардақты аудан тұрғындары!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және

Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Отан қорғаушы» деген ұғымның мәні – терең, құны-қымбат. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.

Бұл Жеңіс - аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлінің жеңісі.

Ұлы Отан соғысы қатыгездігі мен қан төгіс жағынан тарих білген қақтығыстардың барлығынан да асып түсті. Жан алысып, жан беріскен бұл соғыс Қазақстан халқы үшін де өте ауыр сын болды. Өйткені, соғыс оты айналып өтпеген отбасы жоқ десек те болады.

Біздің ауданымыздан майданға 3520 азамат аттанып, 1728 жауынгер ерлікпен қаза тапқан. Майданда ерлік көрсеткен жерлестеріміз, тыл ардагерлері өзінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.

Бүгінде Ұлы Отан соғысындағы от пен оқтың арасынан аман-сау оралған майдангерлердің 17 ардагері ортамызда жүр. Олар еліміздегі бейбітшілік пен достықты қолдай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосуда. Біз үшін ардақты ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі, азаматтық ұстанымдары, ақыл-кеңестері қашанда қымбат, қашанда бағалы.

Сондықтан да Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолындағы аға ұрпақтың ерлігі мен еңбегі ешқашанда ұмытылмайды.

Жеңіс пен жетістік ұғымдары қашанда қанаттас келеді. Бүгін біздер берекелі дәуірде, бейбіт елде ғұмыр кешудеміз. Аға буынның ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Біздің міндет – қол жеткен құндылықтарымызды сақтай отыра, елімізді өркендету жолында жұмыла еңбек ету!

Ардақты Отан қорғаушылар, ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілейміз.

Ардагерлеріміздің  дені  сау   болып, сардарлар мен сарбаз­дарымыз табысты қызмет ете берсін!

Туған Отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемел, қамалы берік болсын!

 

Аудан әкімі Ж.Айтақов      

Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

 

 

 

13 Мамыр 2014 Жыл · 3110 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2 3 4  5  6 7 8 9 10 11 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Алена
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте, пишу вам с города Тараз прошу оказать помощь. 21.02.2018 года обратилась вместе с моими родителями(отец 1965г.р. мать 1968г.р. ...
Темиргалиев Дамир
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Хочу обратится к Вам от имени жильцов ул. Баженова, в прошлом году летом по нашей улице прошла модернизация ...
Меркі ауданы Гранитогор мектеп интернаты
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Құрметті Асқар Исабекұлы Мырзахметов! Меркі ауданы Гранитогор санаториялық мектеп интернатының ұжымы аты-жөнін көрсетуге қорқады. ...
Аслан Әлімбек
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Здравствуйте Уважаемый Аскар Исабекович. Моя супруга работает в ЦРБ Меркенского района. Получает около 60 тыс.тенге. Часто по работе бывает ...
Гульхан
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қайырлы күн! Біз Жамбыл проспектінде орналасқан ресторан, түнгі клуб артында тұрамыз. Аталмыш нысандар таң атқанша тым қатты музыка ...
Гранитогор санаториялык мектеп интернатының ұжымы
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Құрметті Асқар Исабекұлы Мырзахметов! Гранитогор санаториялық мектеп интернатының ұжымы сізге жазған арызымызға оң көзқарасыңызбен ...
Руслан
Сұрақ: Омаров Ж. Ж.
Құрылып жатқан діни бірлестіктің бастамашы азаматтар тізімі қандай нысанда ...
Сейтниязов Донай
Сұрақ: Өмірбеков М. А.
Ассалаумалейкум Асқар аға! Мен Сейтниязов Донай Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінде тұрамын.Жасым 42 де. Қазір Тараз қаласында ...
Арай
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Арайга канализация кашан ...
Сейтниязов Дунай
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Ассалаумалейкум Асқар Мырзахметұлы. Мен Сейтниязов Дунай, Меркі ауданы, Ойтал ауылы ,Кооперативный көшесі 24 үйде тұрамын. Отбасымда 3 ...