Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Әбдірайымов Ғ.Р.
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Р.С.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Боранбаева Ғ.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Нұржігітов Н.М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Б.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні Мерекелік құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті  аудан  тұрғындары!

Сіздерді халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы са­на­ған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттық­таймыз.

Наурыздың келуімен жер – дүние жаңарып , табиғат түлейді, дастарқан аққа толып, елдің мерейі үстем болады, Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Наурыз – осы­­­нау береке мен бірлікті, жақсылық пен ізгілікті, қа­йырым­дылық пен имандылықты уағыздайтын мейрам. Наурыз – ынтымақ пен бірліктің, туған Отанға деген сүйіспеншіліктің ұлы мейрамы.

Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұра­ла­рымыз әз-Наурызбен біте қайнасқан. Ақ пейіл жұртымыз қашанда  Ұлыстың ұлы күніне ақ дастарқан жайып, ақ ті­лекпен қарсы алған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген.

Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен.

Ұлыстың  ұлы күні елдің басы бір арнаға тоғысып, бірлігі бекемделіп, елдік мұраттар сабақталады.    

Тәуелсіздік тарихында берекелі болашағымыз несібелі болсын деген ниетпен рухани құндылықтарымызға жете мән беріліп,  ата дәстүрімізді жаңғыртуға кең жол ашылып келеді. Соның ішінде,  Ұлыстың ұлы күні  – Наурыз мерекесі  елді бейбітшілік пен келісім жолындағы  ырысы мол тұрақты қоғам құруға бағыттауға зор ықпалын тигізіп отыр. Бүгінде Наурыз мерекесі Қа­зақстан халқына тән жалпыға ортақ құндылыққа, елдік дәстүрге айналды.

Бұл күні барша отандастарымыз Наурыздың салтына сай бірін - бірі ақ дастарқанға шақырып, бойына қуат  тілеп, ас тартып, жаңа кезеңде ашық-жарқын  жа­ңаша қарым-қатынасын  бастайды. Наурыз ұлттар арасын­дағы достықты бекітуге, бауырластықты нығайтуға, әр ұлттың салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға үлкен үлесін қосып отыр.

Жыл басын ауданымыз  ынтымақ-берекемен, ақжарқын көңіл-күймен қарсы алып отыр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алып отырмыз! Осынау  ұлы мерекеде ауданымызға тыныштық пен бейбітшілік, халқы­мызға игілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық, бірлік пен береке тілейміз!                  Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

    

 

8 Сәуір 2014 Жыл · 1819 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жамбыл облысы ресми сайтына қош келдіңіз!
Блог авторы: Қарашолақов Б. Ж.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП


Біздің сайтымыз, Сізге облыстағы биліктің өкілді органының қызметі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді деп сенемін.
Билік өкілдері ашық және азаматтар үшін қол жетімді болуы керек.
Сайт, азаматтарды мүмкіндігінше толық ақпараттандыру және сұхбаттасуы үшін құрылып отыр.
Сіз, тек облыстық мәслихатта болып жатқан оқиғалардан хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар өз пікіріңізді, өзіңізді
толғандыратын мәселелер бойынша ұсыныстарыңызды жеткізе аласыз, депутаттардың қызметіне баға беріп, сауал қоя аласыз.
Сіздің пікіріңіздің қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Сондықтан депутат жұмысының бағытын анықтауда біз үшін Сіздің ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз өте маңызды.
Сіздің қалауыңыз болып, Сіздің мүддеңізді білдіре отыра, біз Сіз үшін еңбек етуге дайынбыз.
Құрметпен, Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов


Я верю, что наш сайт полностью позволяет получать информацию о деятельности, представителя органа власти!
Представители власти должны быть откровенны и всегда быть готовы отвечать гражданам.
Наш сайт по возможности полностью информирует граждан о нас.
Также вы сами можете предлагать Ваши предложения, которые заставили Вас задумываться, задать вопросы и оставить мнение о
деятельности депутатов.
Ваши мнения очень важны, чтобы формировать общественное превосходство.
Поэтому Ваши предложения и Ваши пожелания очень важны для нас, в направления работы депутатов.
Мы готовы трудиться, выражая Ваш интерес и быть вашим выбором!
С Уважением, Секретарь областного маслихата Б.Карашолаков

 

24 Ақпан 2014 Жыл · 2154 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!
Блог авторы: Көшербаев Е. Ә.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете ознакомиться с различной полезной информацией о деятельности управления. А также вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем жителей области, знакомиться с мнениями многих людей о проводимой работе по реализации задач в топливно-энергетическом комплексе и жилищно-коммунального хозяйства.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, қоғымымыздағы белгілі бір оқиғалар туралы пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ дер кезінде облыс тұрғындарының барлық мәселелерінен хабардар болуыма, отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуды жүзеге асырудағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықтың пікірін біліп отыруыма көмектеседі.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.
 

7 Ақпан 2014 Жыл · 2247 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Марат Раимбекұлы Смаиловтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздің тарихында айрықша орын алатын Қазақстан Республика­­сы­ның Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – Ұлыстың ұлы күні, барша Қазақстан халқының айрықша ар­дақ­ты күні, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі.

Кең байтақ қазақ елінің бастан кешкен тарихы тереңде. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы күш-жігерін қиын-қыстау жолына жұмсап келді. Еркіндік аңса­­ған қазақ халқының өршіл мінезі, намысты жаныған жастар бұлқынысы Желтоқ­сан­да жанартаудай жарқ етіп, жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекет­тік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, еліміз Тәуелсіз мемле­кет атанып, тарих сахнасынан өз орнын алды.

Өткен жылдардың барлығы біздің мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрғыда қалыптасуының сындарлы сынағы болды. Халқымыздың бірегей, күшті дамыған мемлекет болу жөніндегі арманы шын мәнінде шындыққа айналды.

Еліміз жыл өткен сайын көркейіп, өркендеп келеді. Қазақстан бүгінде  әлемдік қауымдастықтың бөлінбес бөлшегі, беделді де белсенді мүшесі. Бүгінде қазақтың сайын даласын мекен еткен 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыра отырып, өз қолдарымен жасаған игілікті жасампаздықпен одан әрі  жалғастыруда.

«Қазақстан-2050» стратегиясы, елімізде жүріп жатқан реформалар республика экономикасын өркендетудің темірқазығына айналды.

  Әлемнің жүздеген елдері қатысқан Халықаралық Көрмелер бюросының Бас ассамблеясында Қазақстанның басым дауыспен «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізуді жеңіп алуының өзі, ең алдымен, Елбасымыздың дүниежүзілік беделінің, одан кейін Елордамыздың дүниежүзілік  деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қабылдануының нәтижесі.

Еліміздің бүгінгі кемел жетістіктерінде өзінің отансүйгіш күш-қайратымен, ынта-жігерімен жемісті еңбек етіп жүрген аудан халқының қосқан үлесі зор.

Сүйікті Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне лайықты үлесімізді қосып, елдігімізді нығайту жолында табысты еңбек ете берейік!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!

 

18 Желтоқсан 2013 Жыл · 2295 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі М.Р.Смаиловтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

 

Құрметті  аудан жұртшылығы!

Қадірменді ағайын!

Баршаңызды 1-ші желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміздің туын көтерген баршамыз бүгінгі тойлағалы отырған мерейлі мерекенің күнінде өткенімізге қанағат, келер күнімізге аманат болатын тұстарымызды және бір ой таразысынан өткізетініміз мәлім.

Ел егемендігіне – 22 жыл! Көне тарих таразысына салып, уақыт өлшемімен алсақ, бұл қас – қағым ғана сәт. Алайда, Егемендікті жігерлі қадам, жемісті жол, жеңісті сәттермен бастаған Қазақстан осы қысқа мерзім ішінде Республикамызды Отан тарихындағы абыройлы да асқақ табыстармен өрнектей алды.

Жер шарының төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, бұзылмаз көрші тапқан  Қазақстан мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді.

Бұл мерекенің егемен елімізде алар орны ерекше. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан жылдар ішінде Президентіміздің тереңнен толғаған, ел-жұртты қолдаған сан салалы, сапалы реформаларының нәтижесінде қоғамымыз түбірімен айғағындай болған азаматтық туының айбыны асып, абыройы асқақтады.

Тұңғыш Президент күні – елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын сәт, жас ұрпаққа нағыз елжандылық пен отан сүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсеткен күн.

Тәуелсіз жылдары қол жеткен табыстардың барлығы Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара да сындарлы саясатының арқасында мүмкін болып отырғандығы баршамызға аян.

Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – осындай тұлға.

Ел – Елбасыға тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл – бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе - Нұрсұлтан Назарбаев ойға оралады дейді әлем.

Бәрімізге ортақ мерекеміз құтты болсын, ардақты ағайын!

Сіздердің баршаңызға бақ-береке, зор денсаулық, қуаныш пен игілік тілеймін!

7 Желтоқсан 2013 Жыл · 2138 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2 3 4 5 6  7  8 9 10 11 12 13 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Айнұр
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Құрметті қала Ғ.Әбдіраймов мырза сізден өтінетініміз қысқа әрі нұсқа қанша әкім ауысты біреуіде өтініш арызымызды орындамады енді ...
Нұргүл Есмаxан
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Сәлеметсіз бе, Ғалымжан Райлұлы. Мен, Тараз қаласының тұрғыны ретінде, қаламызда жыл сайын жаз маусымы бастала салысымен ыстық судың ...
Арлан Саменов
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Уважаемый Аким, у нас двор утопает в мусоре. Ул. Кунаева д.10. Спасите нас! Умоляем ...
Айдана Насырхан
Сұрақ: Досаев Қ. Ә.
Салеметсізб?!Төле би ауылының Ю.Гагарин көшесінің тұрғынмын. Біздің көшемізің күзі, көктемі балшық, жазы қараңғы. Көше тұрғындарының ...
Жарылкасын
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Қйырлы күн құрметті Ғалымжан Райлович! Менің сұрағым: қаладағы жаңадан соғылып берілген "Арай-2" мөлтек ауданының № 2 үйіне осы ...
Данияр
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Здравствуйте! Вопрос касательно укладки асфальтого покрытия по адресу ул.Койбакова д.18. 2-3 года назад точно не помню приходили ...
Дюсебаева Гульнара Бейсебековна
Сұрақ: Досаев Қ. Ә.
Кайрат Аскербекович! В последние дни месяца Рамазан хотела спросить о не справедливом принятии решения по поводу ТОО Шу Сервис: в мае ...
КСК Жеруйык-Шу
Сұрақ: Досаев Қ. Ә.
Кайрат Аскербекович! Спасибо за ваше содействие на мое увольнение, принцип есть принцип это правильно я без работы не останусь просто у ...
Синицына Анастасия Александровна
Сұрақ: Әбдірайымов Ғ.Р.
Доброго дня, Галимжан Райлович! Обращаюсь к Вам от лица жителей улицы Патриса Лумумбы. в 2017 году был заасфальтирован участок улицы с ...
Нусибалиев Рашит
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Курметты Аскар мырза сизге сурагым мен Нусибалиев Рашит Жанатурмыс ауылында турамын менин омир бойына берилген жерим бар еди колеми 15 ...