Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Дәулет Рүстем Рысбайұлы

Тараз қаласының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің «1 -желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Санат:
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы жылы еліміз мемлекеттік мәртебеге ие мерекені екінші рет атап өтеді. Бұл атаулы датаның мән мағынасы уақыт өткен сайын артып келеді. 
1991 жылы тәуелсіз Қазақстан халқы ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырды. Халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған Тәуеліздігі мен қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы және өзге де игі істердің бәрінің бастауы осы кезеңнен басталады.
Елбасы Н.Назарбаев тәуеліздік жылдары Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берсе, 2012 жылдың 14 желтоқсанда «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа жолдары қамтылған.
Бұл күнде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, сенімді түрде болашаққа қадам басып келеді. Елбасының алдымызға қойып отырған жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, ел игілігі жолындағы міндеттерді абыройымен жүзеге асырайық.     
Құрметті тараздықтар!
1 –желтосқан Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
 
27 Қараша 2013 Жыл · 1803 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің «Құрбан айт» мерекесіне орай құттықтауы
Блог авторы: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Санат:
 Құрметті тараздықтар!
Сіздерді мұсылмандардың, ұлық мерекесі - Құрбан айтпен құттықтаймын! Құрбан айт– адамдардың бір-біріне өзара мейірімді болуын, қайырымдылық пен ізгілікті насихаттайтын, Жаратушы иемізден жақсы тілек тілейтін мереке.
Бұл мерекенің тағылымы мен тәрбиелік мәні зор. Өйткені құрбан айттың халықтар бірлігін нығайтуда, адамгершілік қасиеттерді ұлықтауға, адамдардың рухани тазаруында, жастарды қазақстандық отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде ерекше орын алады. 
 Мереке күндері мұсылман қауым бір-біріне деген жылылығы мен сыйластығын барынша арттыра түседі. Ұлық мейрамда құрбандық шалудың ең ізгі амалы – аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созу, жетім-жесірлерге қарайласу, араздасқандарды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты имандылық ізгі ниеттермен астасып жатыр.
Қадірменді көпшілік, қасиетті Құрбан айт мерекесі әрбір шаңыраққа құт-береке болып дарысын, Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға ынтымақ пен береке тілеймін. 
Ниеттеріңіз қабыл болсын!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
27 Қараша 2013 Жыл · 2136 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай құттықтауы
Блог авторы: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Санат:

 

 

 Құрметті тараздықтар!

 

  Егемен еліміздің Төл құжаты - Ата заңымыздың қабылданғанына 18 жыл толды. Ең алдымен Сіздерді осынау мәртебелі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Ата заңымыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және мемлекет құрылысына толық баға бере алады деп ашық айта аламыз.  

1995 жылы Конституция қабылданған соң, Қазақстан өзінің болашақ даму жолын түпкілікті анықтады, әлемге өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жария етті.

Ата Заңымыздың 3 бабының 1 тармағында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық» деп айқын көрсетілді. Себебі адам – қоғам байлығы. Біздің Конституцияны Қазақстан халқының саналы таңдауы  және оны келешектің кепілі ретінде бағалауымыз керек.

Баршаңызға мәлім, соңғы жылдары еліміз жаңа жетістіктерге жетті. Оның ішінде Тараз қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз артып келеді. Ағымдағы жылғы есепті кезеңде қала кәсіпорындары 70 миллиард 171 миллион теңгенің өнімдерін өндірді.

Бүгінгі таңда Қазақстан үздік елдердің қатарынан орын алып, халықаралық аренада беделі артуда. Еліміз «ЭКСПО-2017» ірі халықаралық көрмесін өткізу құқын жеңіп алды. Осындай жетістіктердің барлығы қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың арқасы.

 

Құрметті қала тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Конституция күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға тыныштық пен келісім, игілік пен өркендеу, денсаулық пен бақыт тілеймін!

 

 

2 Қыркүйек 2013 Жыл · 2137 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметтi Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, тыл еңбеккерлерi!
Блог авторы: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Санат:

Құрметтi тараздықтар!

Сiздердi Ұлы Жеңiс күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз!

Отан, туған ел үшiн әдiлдiк жолында миллиондаған адамдардың өмiрiн қиған сұрапыл соғыс жер жүзiн мекендеген барша адамзатқа қайғы-қасiрет әкелгенi тарихи шындық. Сол бiр сұрықсыз жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкiлдерiнiң төзiмдiлiгi мен ержүректiлiгi бүгiнгi және келешек ұрпақ санасында нағыз адамдықтың, отансүйгiштiктiң үлгiсiндей болып қала бермек. Тарих бетiндегi ақтаңдақ жылдар ендi ешқашан қайталанбасын деп тiлеп, сондағы айбарлы аға-әпкелерiмiздiң жан аямас жаужүректiлiгi мен тыл еңбеккерлерiнiң ерен еңбектерiне құрметпен бас иемiз.

 Қан майданда ерлiкпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иiп, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерiмiздi қадiрлеу – перзенттiк парызымыз. Бұл – бүгiнгi ұрпақтың аға буын өкiлдерiне көрсеткен қадiр-құрметi мен iзгiлiктi iлтипаттың бiр парасы ғана.

 Бiздерге бақытты күндер мен шуақты сәттердi сыйлаған айбарлы аталарымыз бен ақжаулықты апаларымызға қажеттi әлеуметтiк көмектер көрсету қазiргi ұрпақтың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi.

 Жеңiс күнi – сол кездегi әрбiр төртiншi азаматын соғысқа аттандырған бүкiл қазақстандықтардың және жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсiз Қазақстанның мерейлi мерекесi. Жеңiс күнi – бейбiтшiлiктi жанымен қорғаған әкелер мен аналар ұрпақтарының мейрамы.

 Құрметтi Ұлы Отан соғысының  ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi!

 Сiздер Отанға қалтқысыз қызмет етудiң ең озық үлгiсiн көрсетiп, соғыстан кейiн де аянбай еңбек еттiңiздер. Бiз Сiздердi әрдайым мақтан етемiз, құрмет тұтамыз, ерлiктерiңiзге тағзым етiп, басымызды иемiз.

 Жеңiстiң алпыс алтыншы көктемi көңiлдерiңiзге нұрлы шуақ ұялатып, жаңа да жарқын қуаныштар әкелсiн. Сiздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тiлеймiз!

 

Бекболат Орынбеков,Тараз қаласының әкiмi

 

10 Мамыр 2012 Жыл · 2428 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Тараз қаласының әкімі Б.С. Орынбековтың Наурыз мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Санат:

Құрметті тараздықтар!

 

     Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

      Барша әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін көктемнің осы бір көзайым мейрамы жыл сайын жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде халқымызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді.

      Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт-бағдар жасайтын ерекше сәт. Табиғат ананың оянып, тіршілік атаулының түлейтін  кезеңі.

      Жер-жаһанды жаңғыртып, көктемді ілестіре келетін Наурыз бүгінде ынтымақ пен ырыстың мерейлі мерекесіне айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтетін Наурыз салт-дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, тыныс-тіршілігіміздің өркендеп, дамуына себепші ұлы мерекеге айналды.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекетіміздің ұлтаралық келісім мен берекелі бірлікке негізделген іс-әрекетін әлем жұртшылығы жоғары бағалауда. Жыл сайын жақсылық пен игі істердің бастауындай болған Наурыз осы бейбітшіліктің бейнесін орнықтыра түсетіндей әсер қалдырып келеді.

      Тәуелсіз еліміз әрдайым жаңару үстінде. Жылдан-жылға мемлекетіміз өркендеп, экономикамыз өсіп, әл-ауқатымыз жақсарып келеді. Барға тоқмейілсімей, бәсекеге барынша қабілетті әрі өркениетті елдердің қатарынан орын алуға деген ұмтылыс соның айғағы.

    Бүкіл жаратылыс атаулы асыға күтетін осы мереке жыл сайын еңбекқор Тараз тұрғындарының жетістікке деген үйлесімді ұмтылысын арттырып, баянды болашаққа нық сеніммен жетелейді.

     Қадірлі жерлестер!

      Әз-Наурыз баршаңызға жақсылық сыйлап, шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! 

      Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ардақты ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поздравление акима города

Тараз Б.С. Орынбекова с праздником Наурыз мейрамы

 

Уважаемые таразцы !    

 

От всей души поздравляю с замечательным весенним праздником Наурыз.

Вместе с теплом и надеждами, которые несёт с собой весна, Наурыз способствует духовному очищению, укрепляет мир и согласие. Недаром в старину в эти дни прекращались споры, прощались обиды и за праздничным дастарханом все были равны. Стало доброй традицией сообща, единой семьёй отмечать этот весенний праздник. Можно без преувеличения сказать, что благодаря Наурызу казахстанцы осознают себя одним большим и сплочённым народом.

            Велика роль Президента страны Нурсултана Абишевича Назарбаева в возрождении этого поистине всенародного праздника и наполнении его новым содержанием.

            Еще до обретения страной независимости 15 марта 1991 года Указом Главы государства Наурыз был объявлен официальным государственным праздником.

            Ныне праздник Наурыз включен в список культурного наследия человечества ЮНЕСКО, Генеральной Ассамблеей ООН признан международным праздником.

            И это яркое свидетельство того, что для нас особенно важны национальные ценности и культурное наследие, выступающие мощным фактором, который объединяет людей различных этносов.

            Нынешний праздник мы отмечаем в мирной многонациональной стране с чувством гордости за наш родной Казахстан и его трудолюбивый народ.

            Это надежная гарантия того, что задачи, поставленные Главой государства в Послании народу, будут успешно решены, а наша страна поднимется на еще более высокий уровень развития. Традиционно день весеннего равноденствия знаменует начало нового года. В этот день мы осмысливаем пройденное, подводим итоги сделанного, строим планы на будущее.

            В нашем городе сделано  немало, чтобы снизилась безработица, повысилось благосостояние населения, улучшался облик города, становились качественными образовательные и медицинские услуги.

            В рамках Государственной программы форсированного индустриально-инновационного развития реализуются новые проекты. Создаются условия для динамичного развития малого, среднего бизнеса.

Уважаемые таразцы!

От всей души желаю, чтобы этот замечательный праздник весны и возрождения вдохновил всех нас на новые трудовые и жизненные успехи!

            Пусть Наурыз мейрамы принесет в каждый дом, радость, счастье и добрые надежды!

 Искренне желаю, чтобы в ваших домах царили изобилие, мир и процветание!

 С праздником, уважаемые земляки!

 

27 Наурыз 2012 Жыл · 3304 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 4 5 6 7 8 9  10  11 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Тараз қаласының әкімі

Дәулет Рүстем Рысбайұлы1974 жылы 4 сәуірде Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлік мектебінің кәсіпкер-маркетолог біліктілігін алып шыққан.

2003 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару академиясының мемлекеттік қызметкердің менеджері, 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құқықтану бакалавры біліктілігін алған.

Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық асыл тұқымды совхозында жұмысшы болып бастап, 1992-1994 жылдары «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлік мектебінің білімгері, 1994-1995 жылдары Талас ауданы Бостандық акционерлік қоғамының жұмысшысы, 1995-1997 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі, 1997-1998 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, 1998-2000 жылдары жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімі, 2000-2002 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының тыңдаушысы, 2003 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында ҚР Парламенті Сенаты Аппараты ұйымдастыру бөлімінің консультанты, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда Министрлігі Сауда Комитеті басқармасының бастығы, 2004 жылы «ALIT» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары, 2004-2006 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, 2006-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013-2015 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2015-2017 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2014 жылы «Қазақстан Республикасы маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Отбасылы, 3 ұл тәрбиелеп өсіруде.


Соңғы сұрақтар
Жалгас
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Саламатсыздарма! Мен массив Арайдын тургыны едим, алгашкы 3 кошеде коше жарыгы бар да биз туратын 4ши кошеден бастап жарык жок, тас ...
Наталья Сергеевна
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Доброго времени суток. Окажите пожалуйста помощь в поиске и географической принадлежности организации. Ищу организацию (в народе ...
Жанат
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
2-ой вопрос по поводу отопления в жилых домах. Постановление вышло начать отопительный сезон с 7 октября 2017 года, но в нашем доме по улице 4 ...
Жанат
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте. У меня вопрос по поводу детского седа № 7.Мой сын ходит в данный детский сад в группу "Акбота" . Там маленькие дети 2015 ...
Виктория
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте! Скажите пожалуйста, почему в нашем городе не ремонтируют дороги для пешеходов? Прогуляйтесь вокруг любого микрорайона. ...
Жалгас
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Саламатсыздарма! Мен массив Арайдын тургыны едим, алгашкы 3 кошеде коше жарыгы бар да биз туратын 4ши кошеден бастап жарык жок, тас ...
Ташметов Айдос Рахатбайұлы
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қайырлы күн Даулет Рустем Рысбайұлы! Сізге қояр сұрағымыз жол мәселесі бойынша, біз Есей би кошесінің 2 бұрылысында тұрамыз. Осыдан 2-3 ...
Aiagyl
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Обращаюсь к Вам по поводу ужасного состояния территории в микрорайоне Жансая,между домами № 1,2, 3 и 7,8,9. На ...
Махамбет О
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Коррупцианын алдын алу ушин, кандай жумыстар, ис-шаралар жургизип жатсыздар?! ...
Андакулова Раушан
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Три года назад на улицах: 1 переулок Сулейменова Ы. и Турсынова Б. была произведена работа по газификации ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'