Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы «29» тамыздағы №324-ө өкімімен Ахатаев Әділет Бегалыұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды
Ахатаев Әділет Бегалыұлы 1975 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Талас ауданында «Таласагрострой» акционерлік қоғамында шебер болып бастаған.
2000-2002 жылдары «Адлет» АҚ-да бас маман,2002-2005 жылдары Тараз қаласы әкімиятының инфрақұрылымды дамыту және техникалық бақылау, құрылыс, жер қатынастары және экономика бөлімдерінің бас маманы, 2005-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бас маманы, 2007-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім бастығы, 2010-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. |