Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Әбдірайымов Ғ.Р.
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Р.С.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Боранбаева Ғ.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Нұржігітов Н.М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Б.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Қрықбаев А. С.

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

8  наурыз  –  Халықаралық  әйелдер  күнімен МЕРЕКЕЛІК   ҚҰТТЫҚТАУ

Ардақты аналар,  әпке -қарындастар!

Сіздерді  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да гүл-көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.

Қай қоғамда болмасын әйелдер қауымының алар орны айрықша. Өйткені, жер бетіндегі  жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүтінен, ақ ниетінен тарайды.

Ұлт тарихының тереңіне көз жіберсек, ер-азаматтармен бірге атқа қонып, ел намысын  қорғаған ардақты аналарымыздың есімін қадір-құрметпен еске аламыз. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен түсіністіктің ұйытқысы болып, абыройлы биікке көтерілген Ұмай ана, Зере, Ұлпан секілді ардақты ұлт аналарының өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі, ғибрат екені анық. Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр атанған арулар - Әлия, Мәншүк есімдері біздің ұлттық мақтанышымызға айналды.         

Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы, сұлулық пен нәзіктіктің символы. Сонымен бірге, адалдық  пен әділдіктің, жауапкершілік пен тиянақтылықтың жаршысы.

Бүгінгі әйел -  білім-білігі кемел, парасаты биік, мәдениеті өскен, саяси әлеуметтік белсенділігі жоғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бастап мемлекеттік саясатқа дейінгі ел өмірінің барлық құрылымында әйелдер араласпайтын сала  жоқ. Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару салаларында табысты еңбек етіп жүрген аналарымыз бен әпке-қарындастарымыз көпке үлгі көрсетуде.

Сіздер тәуелсіз еліміздегі  бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола алдыңыздар. Қоғамның тыныштығы, бала бақыты тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған дархан жүректі нәзік жандарға тікелей байланысты.Өздеріңіз әрдайым сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсете отырып, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, ел дамуына да зор үлес қосып келесіздер.

Мемлекетімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Жалпы, Ана – әрқашан зор қошеметке лайық жан. Ананы ардақтау – биік парыз, мәртебелі міндет.

Қымбатты аналар,  аяулы арулар!

 Сіздерді тағы да көгілдір көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз мерекесімен  құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендері­ңіз­ге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілей­міз!

 

Аудан әкімі  Ж.Айтақов        Мәслихат хатшысы  Б.Шамаев

 

 

17 Наурыз 2015 Жыл · 2156 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жаңа жыл мерекесімен аудан жұртшылығын құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Жаңа жыл мерекесімен аудан жұртшылығын құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа - 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке.

Жаңа 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді баға­лау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болмақ. Қазақ хандығының  550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың  20 жылдығын, Ұлы Же­ңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы жарасқан елімізде жаңа 2015 жыл  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.

Жаңа жылды біз іргесі берік, мемлекеттігі бекем, аты әлемге танылған қуатты ел ретінде қарсы алып отырмыз. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Осының барлығы Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының жеңісі мен жемісі.

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің қазынасы жыл өткен сайын көбейіп, бюджетіміз артып келеді. Елімізбен бірге ауданымыздың да экономикасы өрлеп, бақ-дәулеті артып, тұрмыс-тіршілігі жақсаруда. Ауданда шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Құрылыс саласында Луговой ауылынан 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Апатты жағдайдағы Подгорное орта мектебінің құрылысы басталды. Ақыртөбе, Болтай батыр, Гагарин, Қ.Сәтбаев мектептерінің ғи­мараты мен Көкдөнен, Құмарық, Қорағаты ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Юбилейное ауылында емхана, Қазақ ауылы мен Луговой ауылы әскери қалашықта медициналық пункт ғимараттары жаңадан соғылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылшаруа ауылында ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Құлан ауылында кәріз суын қайта жаңғырту және  тазалау ғимаратының құрылысы аяқталды.

Қадірлі ағайын!

Осындай жетістіктерге біз аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі, еңбекқорлығының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл жеткен жетістіктеріміз 2015 жылы да жаңа идеялық ізденістермен және бастамашыл қадамдармен жалғасын таба беретін болады.

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа жақсылық пен табыс, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке алып келсін.  Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз.

Аудан әкімі Ж.Айтақов                                  Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

 

30 Желтоқсан 2014 Жыл · 1751 көріп шығу · пікір жазылған 0
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Ұлттық мерекесіне арналған құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Ардақты ағайын!

         Қадірменді аудан тұрғындары!

         Баршаңызды ел өміріндегі орны бөлек Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – көпұлтты еліміздің халқы үшін ең ұлық мереке. Бұл күнді барша қазақстандықтар әрқашан асыға күтеді.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі  туралы» Конституциялық Заң қабылданып, жас Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Сол күннен бастап егемен еліміздің көгінде азаттықтың туы желбіреп, шаңырағымызға тәуелсіздіктің ақ құсының қонғанына биыл жиырма үш жылдың жүзі болды.

         Дана халқымызда «Өткенін білмей, болашақ болмас» деген аталы сөз бар. Олай болса, тәуелсіздік басымыз бен бағымызға бірден қона қоймағандығын, оған жету үшін халқымыз талай тар жол тайғақ кешулерден өткенін ұмытпауымыз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген ойында бостандықтың босағасынан аттау жолындағы күрестің сан ғасырлық шерлі шежіресі көрініс тапқан.

         Татулығы мен бірлігі жарасқан қабырғалы қалың жұрт тәуелсіздік жылдары өсу мен өркендеудің өр белесін бағындырған телегей-теңіз тірліктер атқарып, сырғыған жылдар ағысымен тәуелсіздік деп аталатын тәтті ұғымның жетістіктері мен жемісін, жеңісі мен қуанышты сәттерін бірге көріп келе жатыр. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасуының қайнар бастауы болған осынау ғасырға теңдесі жоқ тарихи жылдар әрбір қазақстандықтың жүрегінің түбінен терең орын алғанына бүгінде ешкім де шүбә келтіре алмас.

         Қазақстан осы жылдары дүрбелең дүниенің додасында қалып қоймай, түрлі дағдарысқа қарсы тұрып, біртұтас мемлекет, еркін ел екендігін айқын дәлелдеді. Ата Заңымыз халқымыздың бас құжатына айналды. Төл рәміздеріміз төрге шығып, ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Мемлекетіміздің мызғымас қорғаны – Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды. Ұлттың ұлы қасиеттерін айғақтайтын білімділік пен біліктілікке жол ашылды. Ғылым мен жаңа технологияны игеру басты мақсатымызға айналды.

Сондықтан, дербес мемлекет ретінде өркендеу жолында нығайып келе жатқан Отанымызға үлкен мақтаныш сезіммен қарауымыз қажет. Қасиетті Тәуелсіздік ұғымы өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Бұл – біздің қасиетті борышымыз.

         Бүгінде мемлекетіміздің келешегін айқындаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты болашақтың сара жолында Тәуелсіздік танымына сергек қарап, оны нығайтудың басты бағыттарын белгілеп берді.

         Тәуелсіздіктің жиырма үш жылында еліміздің барлық саладағы қол жеткізген толағай табыстары мен жетістіктері, игілікті істері алдағы уақытта жарасымды жалғасын тапсын.

Береке-бірлігіміздің кілті болған – тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұлтымыз ғұмырлы, еліміздің келбеті келісті, кемелі жеңісті болсын!

         Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!   

 

 

Аудан әкімі   Ж.Айтақов                                    Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

 

16 Желтоқсан 2014 Жыл · 1535 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

 

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті күні­мен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстан­дық­тар­дың бірауызды дауыс беруімен сайланған Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­ден­ті Н.Ә.Назарбаев осы жылдары елімізді өр­кен­дету мен мемлекетімізді нығайтудың жар­қын болашағына даңғыл жол бастады.

Бүгінде Ұлт Көшбасшысының биік сая­си бей­несі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен ажы­ра­мас егіз ұғымға айналды. Елбасының сын­дар­лы саяса­ты арқасында елімізде әлеу­­­­­мет­тік-экономикалық және қоғамдық-саяси ре­­­формалар табысты жүзеге асып, Қазақ­стан­ды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етті.

Қазақстан аграрлық елден индустриялық даму бағытындағы мемлекетке айналып, әлем­­дегі қарышты дамыған елу елдің қата­рынан орын алды. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­­зарбаевтың көреген саясаты мен ерен еңбегін ерекше бағалаған қос палаталы ел Парламенті 1 желтоқсанды – Қа­зақстан Рес­пуб­лика­сының Тұңғыш Президенті күні – мем­лекеттік мерекесі етіп бекітті.

Елбасы ұсынған «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясы бүгінде ел дамуының бас құ­жатына ай­на­лып отыр. Елбасы елімізде де­мократиялық үрдістерге басымдықтар бере отырып, ұлтаралық татулық пен келісім, ын­тымақ пен бірлік саясатына қанат бітіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір­ге әкелді. Еліміздің Тұңғыш Президенті әлем елде­ріне бейбіт өмір, еркін даму, қауіпсіздік және тұ­рақ­тылық бағытындағы геосаяси идеяның бас­тамашысы ретінде кеңінен танылды.

Елбасының тікелей қолдауымен «Ехро-2017» ха­лықаралық көрмесінің Астанада өте­тіні де бүгінде төрткүл дүние назарын Қазақ­станға ау­дарып отыр.

От шашқан домна пешінің ыстығында  шың­далған Елбасын алға жетелеген елінің  арма­ны, жігерін жаныған ұлтының намысы екені ақиқат. Ол – қазақ халқының қаһармандыққа толы өткенін, жасампаздыққа толы бүгінін ке­мел келешегін жалғаушы заман заңғары!

«Мәңгілік ел» идеясымен ұлт қамын терең ой­лаған, туған елінің туын көкке көтерген Нұр­­сұлтан Назарбаев – Ұлы Даланың Ұлы Пер­зенті! Сондықтан да, оның өмірі мен қыз­меті – ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге.

Қадірлі аудан тұрғындары!

Баршаңызды   мерейлі  мерекемен  құттықтай  отырып,  дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.  Еліміздегі  ынтымақ-бірлік,  ырыс пен бақыт баянды  бола  берсін!

 

Аудан әкімі      Ж.АЙТАҚОВ   

                      

  Мәслихат хатшысы           Б.ШАМАЕВ

1 Желтоқсан 2014 Жыл · 1504 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Мерекесімен құттықтау!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі ағайын!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке көпұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды. Оның идеялары барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету үлгілері еліміздің көпұлтты халқына етене жақын. Сондықтан да, бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.

Біздің еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және оның дәулетін тасытуға зор ықпал етуде.

Татулығы мен бірлігі жарасқан бейбіт елімізді бүгінде бүкіл әлем таниды. Халықаралық дәрежедегі іргелі істерді тындыра алатын өресі биік, өнегесі мол ел екендігін мойындады. Осы жылдары алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар.

Жақында ғана Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының               «Қазастан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбында  өткен ХХІ сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз» деп айрықша атап өткен болатын. Шын мәнінде біз осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, жарасымды бірлігіміз бен табысты тірлігімізді әрі қарай дамытуымыз керек.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген ұлы бабалардан қалған ұлағатты сөз бар. Біз ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты одан әрі бекемдеп, барлық этникалық топтардың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен тілін сақтауға бағытталған жұмыстарды бұдан әрі де жалғастыратын боламыз.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан біздің ауданымызда да әртүрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде. Алдағы уақытта да ауданымыздың әрбір тұрғынының еселі еңбегі экономиканы жаңғыртуды жүзеге асырудың негізі болары сөзсіз.

Құрметті жерлестер!

Ыстық ықылас пен достықтың  мейрамы – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Сіздерге бақыт пен қуаныш, дендеріңізге саулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Аудан әкімі   Ж.Айтақов                        

Мәслихат хатшысы   Б.Шамаев

 

 

13 Мамыр 2014 Жыл · 1947 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2  3  4 5 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Қрықбаев Асқар Санатұлы 1965 жылы туылған, білімі жоғары, 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» және 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Луговой ауданы Қорағаты совхозының егіс бригадасында жұмысшы болып бастаған. 1988-1989 жылдары — Алматы орта кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, лаборант, 1989-1993 жылдары — Алматы облыстық автосервис және сауда кәсіпорнында инженер, шұғыл жөндеу шебері, бастықтың экономика және сауда жөніндегі орынбасары, 1993-2012 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалдарында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшы лауазымын атқарған.


Соңғы сұрақтар
Нусибалиев Рашит
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Курметты Аскар мырза сизге сурагым мен Нусибалиев Рашит Жанатурмыс ауылында турамын менин омир бойына берилген жерим бар еди колеми 15 ...
Наметкулов Адепбай
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Я Наметкулов Адепбай 1925 г прожив.с.Жаксылык прошу Вас оказать помощь по устранению весенних паводковых разрушении у меня дома. Ранее 14 ...
Намекулов Адепбай
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Мен Наметкулов Адепбай 1925 ж Рысқулов ауд№ қурметі азаматы Жақсылық аулында турамын№Осы ақпан аинда болган табиғат апаты,су тасқын ...
Умерзакова Фариза
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Салеметсиз бе!Аким мырза мен Умерзакова Фариза Кокдонен ауылында турамын сиздерден комек сурайын меним 2балам бар 3ши баламды туайын ...
Бауыржан Сейтов
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Ауылда (Абайда) интернет жок есебi. Жылдамдыгы оте томен. Телеком га барсам жылдамдык бары сол-дейдi/ Барi жеке меншiк. Билайын, теле2 ...
Ирина Лучкова (Осауленко)
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Здравствуйте, Аскар Санатович! К вам обращается Лучкова (Осауленко) Ирина Викторовна. Помогите, пожалуйста, получить архивную справку ...
Алтынбек Г
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Саламатсыздар. Сіздерге екінші рет қайырылуға мəжбүрбім. Каңғыбас иттер туралы жазғанымда сіздер берген жауапқа қанағаттанбадым. Екі ...
Тагберлиева Галия Кадимовна
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Здравствуйте. Хочу спросить: когда будут объявлены результаты конкурса слоганов по продвижению программы Президента страны ...
Алтынбек Г.А.
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Здравствуйте Аскар Санатович Перейду сразу к сути вопроса. В 2016 году я была на приеме у акима по поводу отлова собак. На тот момент вроде ...
Чекембаев Сансызбай Мадыкенович
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауыл округінің әкімі ...