 | Авторлар тізімі |  | |
| |
Баннеры:
|
Қарабалаев А.Д.Тараз қаласының әкімі |
Абдулмурат | 23 Қараша 2019 Жыл · Блог авторы: Қарабалаев А.Д. · 174 көріп шыққандар · пікір жазылған 1 | Ассалаумағалейкүм аға. Төңкеріс 10де
жылу жоқ . Батареялар салқын.Түнгі
уақытта мұндай десем артық айтқаным
болмас. Қазы ауа райы -6 ,ал қыста не
болмақ.Жылудың ақшасын сұрағанда есепші
мен білмеймін дейді. Сонда біз кімге
айтамыз, не үшін төлеп отырмыз ақшасын.
Жас отбасымыз кішкентай 2 балам бар
ауырып қала ма деп тоқпен жылытқыш қосып
отырмыз. Осы мәселені шешуге көмек
берсеңіздер. |
блогқа көшірмесін түсіру
|
Жауаптар
|
|
2019-11-28 11:53:43 | Саламатсыз Абдулмурат! «Төңкеріс» көшесі, №10 үй тұрғыны Абдулмураттың жылу мәселесі жайлы өтініші бойынша:
Тараз қаласы, «Төңкеріс» көшесі, №10 көппәтерлі тұрғын үйі кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркелген. Осыған байланысты, пәтер иелерінің құқықтары мен міндеттері сондай-ақ, ортақ мүлікті күтіп ұстаумен басқарудың нормалары Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен реттеледі.
Заңның 6- бабына сәйкес: Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.
Заңның 2 бабының 24 тармағына сәйкес: ортақ мүлік - дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі.
Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес: «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті».
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.
Бүгінгі күні, үйдің басқару органы жоқ, яғни пәтер иелері кооперативіне кірмеген.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай Заң) 42 бабына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай мерзімде жалпы жиналыста кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы мәселенi шешуге тиiс. Мұндай шешiмге дейiн бiртұтас кешен ретiнде кондоминиум объектісіне, сондай-ақ тұрғын үйдi коммуналдық қызметтермен бiр орталықтан қамтамасыз етуге байланысты мiндеттемелер бойынша меншiк иелерi бірлесе жауап бередi. Осыған орай, Заң талаптарына сәйкес, аталған үй пәтер иелері кооперативінің құрамына кіру қажет.
Әлсіз жылудың себебі құбырлардың бітеліп қалу салдарынан болуы мүмкін. Осыған орай Сізге басқа тұрғындармен бірлесіп үйдің жылу беру жүйесіне ревизия (тексеру) жүргізу қажет.
| Досаев К. А.
|
|
|
|
НАЗАД |
 | Автор туралы |  | |
Тараз қаласының әкімі |  | ҚР Президент әкімшілігінің және қалалық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданы «Дружба» қызылша кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Алматы қаласы ТЭБ №54 инженер-технигі, Алматы қаласы «Хаир-Иксан» мәдени-ағарту қайырымдылық қоғамының коммерциялық директорының орынбасары, Алматы қаласы «Тигрохауд» сауда-өндірістік қауымдастығының сауда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, Тараз қаласы әкімі жанындағы экономика және сауда басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен кейбір салық төлемдерін жинау жөніндегі агенттігінің директоры, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры, Талас ауданының әкімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры қызметтерін атқарған. | | |
 | Соңғы сұрақтар |  | |
Арман Маратұлы Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Қайырлы күн, Айтқазы Дәулетқұлұлы. Қазіргі уақытта қала бойынша қала көшелерін жарықтандыру мәселесі көтеріліп жатқандықтан, өз ... | Ақерке Кенжебек Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Сәлеметсіз бе, Айтқазы Қарабалаев
мырза! Мен 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі
жанмын. Жолдасым Махамбетов Қайрат та 2
топтағы мүмкіндігі ... | Абилова Г.Н. Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Құрметті әкім мырза, менің отбасымда үш бірдей мүгедек адамдар бар оның екеуі 1-топтағы, ал біреуі 2-топтағы мүгедектер. Олар жүріп-тұра ... | Леонид Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Здравствуйте! Огромная проблема с 33
автобусный маршрутом! На маршруте всего
несколько автобусов, приходится ждать
очень долго, ... | Нуржан Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Уважаемый Аким, к Вам обращаюсь от имени жителей города по адресу массив Бурыл Б, улица Смаилова. У нас сложилась такая ситуация: в жилой ... | Руслан Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Ассаляму аллейкум Айтказы Даулеткулович.
В самом центре за областным акиматом,
после укладки пластикового газопровода
между домами не ... | Полякова Надежда Васильевна Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Айтказы Даулеткулович, добрый вечер!
В нашем доме ( Желтоксан,237) с начала
отопительного сезона нет горячей
воды. По полтора часа ... | Гулзахира Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Сәлеметсіз бе! Айтказы Даулеткулович!
Менің өтініш жазу себебім 2019 жылдың
желтоқсан айының 07 –сі күні АО
"ТаразЭнергоОрталық" ... | Арман Маратұлы Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Ассалаумағалейкум, Айтқазы Дәулетқұлұлы. Тараз қаласындағы Таксопарк жаққа автобус аялдамасын жасауларыңызды сұраймыз. Өйткені, ... | Mira Сұрақ: Қарабалаев А.Д. | Сәлімітсіз бе, Айтқазы Дәулетқұлұлы!
Сізге хат жазу себебіміз, Самал (7) м/
ауданында С.Сейфуллин көшесінен 39
мектеп-гимназиясы мен №6 ... | | |
|