Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Қарабалаев А.Д.
Тараз қаласының әкімі
Нұржігітов Н.М.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә.
Шу ауданының әкімі
АрубаевС.К.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбек М. А.
Меркі ауданының әкімі
Мәдібек Қ. Қ.
Сарысу ауданының әкімі
Ергебеков Н.Ә.
Жуалы ауданының әкімі
Қазанбасов Б.А
Талас ауданының әкімі
Садырқұлов Е. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Алдамжаров Н.Ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Аралбекова Қ.Ә.
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы –Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы
Берікқожа С.Қ.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Шалдаров Ж.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Исаева Р.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Нұрымбетов Т.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Досанов Д. І.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы у. а.
Есіркепов Е.C.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасыныңбасшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторыныңуақытша міндетін атқарушы
Әділбақов А. К.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысың міндетін атқарушы
Сариев Ж.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Көпбосынов Б.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нығмашев Б. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Акбердиев Е.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшы міндетін уақытша атқарушы
Жүнісбеков Н.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Жамбыл әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

Жамбыл ауданының әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлының 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күнімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын!

Күллі қазақ жұртшылығы үшін бұл мерекенің жөні бөлек. Өйткені, талай жыл ата-баба арманын ақиқатқа айналдырған Елбасының ел үшін атқарған еңбегі орасан. 1 желтоқсанды – Тұңғыш Президент күні деп бекіту Елбасымызға деген елінің шынайы ризашылығы мен шексіз құрметін білдірмек.

Осыдан 28 жыл бұрынғы тарихқа көз жүгіртер болсақ, Кеңес Одағы тарағаннан кейін оның орнында пайда болған мемлекеттердің барлығы ортақ дағдарысты басынан кешірді. Қалыптасқан орталықтандырылған жүйе ыдырады, зауыт-фабрикалар күйреді, балабақшалар мен мектептер, спорт ғимараттары мен мәдениет орталықтары жабылды. Экономика қиын жағдайға тап болып, халық күйзеліске ұшырады. Жұрт бойында ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болып, үрей биледі. Осындай қиын кезеңде елдікті, егемендікті сақтап қалу мен мемлекетті биік дәрежеде ұстап тұру Елбасыға жүктелді. Елі сенген Елбасы да “Азаттық жолы – азапты, тәуелсіздік жолы – тәуекел”, - деп алға қадам басты.

Бүгінде артымызда ғасырға бергісіз жылдар қалды. Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, жоспарларды абыроймен жүзеге асырған жылдардың тәтті жемісін бүгінде ұрпақ көруде. Шын мәнісінде де, Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолда ұстанған салмақты да салиқалы саясатының негізінде тұрақтылықтың туы тігілген Қазақстандағы  атқарылып жатқан жемісті де жеңісті істерді ешкім де жоққа шығара алмайды. Тіптен, бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың маңдайына ғана емес, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік, ынтымақ, тұрақтылықтың негізін қалаушы тұлға ретінде танылды.  

Алдағы уақытта да егеменді еліміз Елбасы бекіткен маңызы ауқымды Стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламаларды және Жолдаулар мен бағдарламалық мақалаларды негізге ала отырып, көш ілгері баса бермек.

Елбасы өз сөзінде: «Енді біздің ел атқа қонды, дүйім дү­ниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын бо­лады», – деді. Ендеше, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы да сындарлы саясатын сабақтастыра отырып алға нық қадам баса берейік.

Қадірменді халайық!

Тұңғыш Президент күнімен баршаларыңызды тағы да құттықтай отырып, аспанымыз ашық, халқымыз тату, болашағымыз баянды болсын демекпін!

Әр отбасынада амандық, молшылық, тыныштық болсын. Іргелі еліміздің бірлігін тілеп тірлігін түлететін ауызбірлігі жарасқан Ел болайық. Мерекелеріңіз құтты болсын! 

1 Желтоқсан 2019 Жыл · 24 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
«1 қазан - Қарттар күніне» орай аудан әкімі Б.Қазанбасовтың құттықтау сөзі
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

Құрметті, қариялар!

         Халқымыз әрдайым тарихы мен өткенін асыл қазынасына теңеген данагөй қарттары мен қарияларынан біліп, өнегесін солардан алғаны бәрімізге айқын дүние. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар»деп қарттардың қоғам өміріндегі әлеуметтік ролін нақтылау соның айшықты көрінісі.

Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, қоғамның дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын «1-қазан күні Халықаралық қарттар күні» аталып өтілуде.

Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде қарт адамдар күні. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. 

Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір ардагердің, әрбір қарттың қажеттіліктерін ескеру, оларға қамқорлық жасау – біздің басты борышымыз екендігін ескертіп, ерекше мән береді. Бұл сөздер жергілікті билік органдары үшін іс-қимыл бағдарламасы болып табылады және нақты істермен жүзеге асырылуда. Осынау айтулы мерейтойға бүкіл еліміздегідей біздің облысымызда да көптеген жақсы істер, мерекелік шаралар жоспарланған. Олардың барлығы сіздердің тіклей қатысуларыңызбен өтеді деп сенеміз. Әрбір іс-шара жастар мен қариялар арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырады.

Әр азаматқа қартайған шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды шын жүректен даналық пен ізгіліктің мерекесі – Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Әр уақытта сүйікті балаларыңыз, сүйкімді немерелеріңіз бен қамқор замандастарыңыздың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! 

 

1 Желтоқсан 2019 Жыл · 125 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жамбыл ауданының әкімі Б.Қазанбасовтың 30 тамыз ҚР Конституция күніне құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ


 

Құрметті аудан жұртшылығы!

 Сіздерді мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Көптің сөзі-киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы - бүкіл Қазақстан халқы.

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқардық.

Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық.

Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Конституция – еліміздегі барлық қабылданған заңдардың негізі болып табылады.

1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция елдегі қоғамдық-саяси құрылысты түбегейлі өзгертті. Жаңа Конституция Азия елдеріне тән қасиеттерді есепке ала отырып, еуропалық дәстүрлерді, батыс демократиясының үлгісін де біріктірді.

Біздің Конституция әлемдік қоғамдастықпен нарық экономикасын, азаматтық қоғамның барлық институттарын бекіту арқылы ел дамуының демократиялық жолын қамтамасыз ететін құжат ретінде бағаланды.

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

        Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!

 

30 Тамыз 2019 Жыл · 198 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жамбыл ауданының әкімі Б.Қазанбасовтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!

       Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

       Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Негізгі заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр.
       Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.

       Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.

       Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Конституция Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі.
       Қазақстан қазіргі таңда тарихи өрлеу кезеңінде.
Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси жетілуге жол ашылды.

       Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта білікті де құрметті әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтанышпен айтамыз. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстанның даңқы бүгінде әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін қарышты қадамдар жасауда. Бұл Елбасымыз Н.Назарбаевтың табанды түрде жүргізіп отырған салиқалы саясатының жемісі және жеңісі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің уыздай ұйыған ынтымағы мен бірлігінің нәтижесі.

       Құрметті аудан тұрғындары!

       Баршаңызды осы айтулы мерекемен  құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!

29 Тамыз 2018 Жыл · 794 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың аудан тұрғындарын "9 мамыр-Жеңіс күні" мемлекеттік мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

 

Ардақты аудан жұртшылығы!

        Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан болса, Ұлы Жеңіс - аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршаңызды бүгінгі Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бүгінгі мерекенің ел өмірінде алатын орны ерекше. Осыдан 73 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

 «Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз.    Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан осындай батыр ата-апаларымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халқы үшін жанын құрбан еткен жандар.  Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангерлердің есімдері ұмытылмай, олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақтың санасында мәңгі қалмақ.

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша аталып өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

 

        Ардақты ағайын!

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.Ардагерлеріміздің жасаған ерліктері болашақ ұрпақ үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылар үшін жарқын үлгі болып қала бермек. Бүгінде ардагерлердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктері мен тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруде.Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

 

Құрметті көпшілік!       

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт пен отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!

5 Мамыр 2018 Жыл · 966 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы  1  2 3 4 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Абилова Г.Н.
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Құрметті әкім мырза, менің отбасымда үш бірдей мүгедек адамдар бар оның екеуі 1-топтағы, ал біреуі 2-топтағы мүгедектер. Олар жүріп-тұра ...
Абилова Г.М.
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
тұрғын үй мәселесі ...
Леонид
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Здравствуйте! Огромная проблема с 33 автобусный маршрутом! На маршруте всего несколько автобусов, приходится ждать очень долго, ...
Изатулла
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Добрый день Болельщики ФК "Тараз" хотели бы выслать Вам благодарственное письмо. На сайте е-майл адрес не существующий. Можно ли ...
Нуржан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Уважаемый Аким, к Вам обращаюсь от имени жителей города по адресу массив Бурыл Б, улица Смаилова. У нас сложилась такая ситуация: в жилой ...
Руслан
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Ассаляму аллейкум Айтказы Даулеткулович. В самом центре за областным акиматом, после укладки пластикового газопровода между домами не ...
Полякова Надежда Васильевна
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Айтказы Даулеткулович, добрый вечер! В нашем доме ( Желтоксан,237) с начала отопительного сезона нет горячей воды. По полтора часа ...
Гулзахира
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Сәлеметсіз бе! Айтказы Даулеткулович! Менің өтініш жазу себебім 2019 жылдың желтоқсан айының 07 –сі күні АО "ТаразЭнергоОрталық" ...
Айнекбаев Ерболат
Сұрақ: Мырзахметов А. И.
Ассалаумағалейкум Асқар Исабекұлы! Мен Байзақ ауданы Женіс ауылынын тұрғыны Айнекбаев Ерболатпын. 5 балам бар. Жас болсамда Ауыр ...
Арман Маратұлы
Сұрақ: Қарабалаев А.Д.
Ассалаумағалейкум, Айтқазы Дәулетқұлұлы. Тараз қаласындағы Таксопарк жаққа автобус аялдамасын жасауларыңызды сұраймыз. Өйткені, ...