Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

ЕРКІН ТАҚЫРЫП


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

8  наурыз  –  Халықаралық  әйелдер  күнімен МЕРЕКЕЛІК   ҚҰТТЫҚТАУ

Ардақты аналар,  әпке -қарындастар!

Сіздерді  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да гүл-көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.

Қай қоғамда болмасын әйелдер қауымының алар орны айрықша. Өйткені, жер бетіндегі  жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүтінен, ақ ниетінен тарайды.

Ұлт тарихының тереңіне көз жіберсек, ер-азаматтармен бірге атқа қонып, ел намысын  қорғаған ардақты аналарымыздың есімін қадір-құрметпен еске аламыз. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен түсіністіктің ұйытқысы болып, абыройлы биікке көтерілген Ұмай ана, Зере, Ұлпан секілді ардақты ұлт аналарының өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі, ғибрат екені анық. Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр атанған арулар - Әлия, Мәншүк есімдері біздің ұлттық мақтанышымызға айналды.         

Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы, сұлулық пен нәзіктіктің символы. Сонымен бірге, адалдық  пен әділдіктің, жауапкершілік пен тиянақтылықтың жаршысы.

Бүгінгі әйел -  білім-білігі кемел, парасаты биік, мәдениеті өскен, саяси әлеуметтік белсенділігі жоғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бастап мемлекеттік саясатқа дейінгі ел өмірінің барлық құрылымында әйелдер араласпайтын сала  жоқ. Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару салаларында табысты еңбек етіп жүрген аналарымыз бен әпке-қарындастарымыз көпке үлгі көрсетуде.

Сіздер тәуелсіз еліміздегі  бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола алдыңыздар. Қоғамның тыныштығы, бала бақыты тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған дархан жүректі нәзік жандарға тікелей байланысты.Өздеріңіз әрдайым сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсете отырып, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, ел дамуына да зор үлес қосып келесіздер.

Мемлекетімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Жалпы, Ана – әрқашан зор қошеметке лайық жан. Ананы ардақтау – биік парыз, мәртебелі міндет.

Қымбатты аналар,  аяулы арулар!

 Сіздерді тағы да көгілдір көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз мерекесімен  құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендері­ңіз­ге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілей­міз!

 

Аудан әкімі  Ж.Айтақов        Мәслихат хатшысы  Б.Шамаев

 

 

17 Наурыз 2015 Жыл · 1872 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың облыс жұртшылығы алдында сөйлеген сөзі. Выступление главы региона Карима Кокрекбаева на отчетной встрече перед населением области.
Блог авторы: Көкрекбаев К.Н.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті жамбылдықтар!
Қадірменді қауым!


Жыл сайын өткізілетін есепті кездесуге қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынға Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев, Мәжіліс депутаттары Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев, Азамат Рахатұлы Әбілдаев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Василий Леонидович Крылов қатысып отыр.
Бас қосуымыздың негізгі мақсаты – облысымыздың 2014 жылғы даму нәтижелерін қорытындылап, Сіздермен бірге биылғы жылы атқарылатын міндеттерді белгілеу.
Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайынғы есепті кездесулер өңірдегі проблемалар мен өзекті мәселелерді шешуге уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы, өткен жыл бүкіл ел үшін де, біздің Жамбыл облысы үшін де табысты әрі маңызды оқиғаларға толы болды.
Бірлігі жарасқан еліміз Еуразия Экономикалық одағы келісіміне қол жеткізді.
Елбасы Жолдауындағы міндеттер басшылыққа алынып, «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру қолға алынды.
Облыс экономикасының өсу қарқынының негізгі көрсеткіштерінен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын» іске асырудағы алғашқы нәтижелерін байқауға болады.
Салық түсімдерінен бастап, облыс өмірінің барлық салаларында, соның ішінде кәсіпкерлік пен өндірісте, әлеуметтік сала мен білімде, спорт пен мәдениетте айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Өздеріңіз білесіздер, 11 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкімет¬тің кеңейтілген отырысында әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық дүрбелең қазақстандық эконо¬миканың дағдарысы емес екенін айта келе, билік пен жалпы жұртшылық алдында тұрған негізгі міндеттерді тағы бір мәрте айқындап берді.

Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орын¬дарын құруға бағытталған «Нұрлы Жол» бағ¬дарламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал екеніне назар аударды. Оны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөлінуде. Соның 180 миллиарды биылғы жылы пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ, Елбасы ұлттық экономиканың потенциалы мен жинақ¬талған қаржы көзінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды нықтап айтты.
Жалпы алғанда, барлық деңгейдегі бюджеттер оңтайландырылады.
Алайда, ешқандай да әлеуметтік төлемдер қыс¬қар¬май, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру салаларында реформа жалғасын таба бермек.
Президент ірі компаниялар басшыларының назарын жұмыс орындарын қысқартпауға аударды.
Бұл жұмыстар біздің облыста да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күннің өзінде облыс бойынша ірі кәсіпорындармен 153 меморандум жасалды.
«Казфосфат» компаниясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі 9,0 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 90 мың тонна аммофос сату жөнінде меморандумға қол қойды.
Өңірде жұмыс орындарын сақтап қалуға және тұрғындарды жұмыспен қамту үшін «Нұрлы жол»
Жаңа экономикалық саясатында көрсетілген инфрақұрылымдарды дамыту бағыттары бойынша 8 мыңға жуық адамды жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз.
Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыруға облысымызда барлық мүмкіндіктер бар.
Тек қана ел бірлігі мен қоғамдық келісімде, жалпыға ортақ еңбек қоғамына аяқ баса отырып, барлығымыз жұмыла кірісуіміз қажет.
Ендеше, облысымыздың өткен жылғы даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталуға рұқсат етіңіздер

Уважаемые жамбылцы!
За прошлый год сохранилась положительная динамика развития экономики области.
За 9 месяцев прошлого года валовой региональный продукт составил 655,3 млрд.тенге и увеличился на 1,4% по сравнению с аналогичным периодом 2013 года.
(прогноз за 2014 г - 937 млрд.тенге, ИФО -104 %).
Темп роста экономики области обеспечивался за счет развития промышленности, сельского хозяйства и торговли.
Позитивная динамика в социально-экономическом развитии региона способствовала значительному росту бюджета.
Бюджет области по доходам реально исполнен на 201 млрд. тенге, т.е. 100,3% к плану или за год увеличился на 12,6%.
Расходы бюджета области составили 200,1 млрд.тенге или исполнены на 99,9%.
В государственный бюджет поступило налогов и других обязательных платежей на сумму 64,7 млрд. тенге, что на 0,7% больше прогноза (за 2013 год – 63,7 млрд. тенге).
В том числе собственные доходы выросли на 1,5% и составили 37,8 млрд. тенге (за 2013 год – 34,8 млрд. тенге).
Рост объема розничного товарооборота составил 13% (178,4 млрд. тенге), оптового товарооборота – 11,4 % (231,8 млрд. тенге).
Объем внешнеторгового оборота вырос на 5,1 % ($617,6 млн.). В том числе, со странами Таможенного союза за 11 месяцев 2014 года увеличился на 45%.($102,0 млн.),
в том числе экспорт в 2 раза ($27 млн.), импорт – на 33,2% ($75 млн).
Рост обеспечен и в сфере оказания услуг.
Объем перевозки грузов всеми видами транспорта возрос на 0,6%, услуги связи – на 8 процентов.

Продолжается работа по сдерживанию инфляционных процессов.
Уровень инфляции в декабре прошлого года к декабрю 2013 года составил 107,5%.
Это выше среднереспубликанского показателя на 0,1 процентный пункт (РК- 107,4%).
Потребительские цены на продовольственные товары выросли на 7,6%, непродовольственные - на 7,3%, платные услуги - на 7,6%.

Сохраняется хороший темп экономического роста в промышленности.
Объем промышленного производства вырос по сравнению с 2013 годом на 5,7%, что является самым высоким показателем по республике (РК – 100,2%).

Рост объемов производства обеспечен в горнодобывающей промышленности и разработке карьеров - на 12,0% (20,8 млрд.тг), обрабатывающей промышленности - на 2,3% (200,8 млрд.тг), электроснабжении, подаче газа и тепловой энергии – на 20,1% (50,3 млрд.тенге).
Хочу отметить значительный вклад наших крупных предприятий в развитии экономики области.
Это - ТОО «Казфосфат», которое увеличило объем производства желтого фосфора на 11,4% (99,9 тыс.тонн) и гексаметофосфата – на 35,1% (3,5 тыс. тонн), азотных удобрений – на 7,1% (13,2 тыс. тонн) и фосфорных удобрений –на 9,4% (71,0 тыс. тонн).
Таразский сахарный завод увеличил объем производства сахара на 42 % (248,1 тыс. тонн).
В Жамбылской цементной производственной компании производство цемента возросло на 22% и достигло 1 млн. 270 тысяч тонн.
«Жамбылская ГРЭС» произвела электроэнергии на 66,6% больше, чем в 2013 году (2520,5 млн. кВтч).
В данное время ГРЭС работает в 4-х блочном режиме и впервые за последние 20 лет электроэнергия станции стала конкурентоспособной.
В акционерной компании «Алтыналмас» объем выпуска золота увеличен на 2,8% (1026 кг).
АО «Запчасть» увеличило объем производства нелегированной стали на 33,2% (25,9 тыс. тонн).
Я еще раз хочу выразить благодарность руководству и трудовому коллективу данных предприятий.

Большая работа проведена по программе Форсированного индустриально - инновационного развития.
Все это, несомненно, повлияло на рост промышленного производства.
В рамках Карты индустриализации в прошлом году было реализовано 6 проектов на сумму 22,8 млрд. тенге, создано около тысячи новых рабочих мест.

Введены в эксплуатацию домостроительный комбинат, (мощн 19,5тыс.м³/год), мини завод по производству алюминиевых радиаторов (250тыс.шт/год), завод по производству драгоценных металлов (500кг/год), рыбоперерабатываюший завод (1200 тонн в год).
Завод по производству цианида натрия в г.Каратау (15тыс.тонн) и Кордайская ветроэлектростанция (21Мвт) были запущены во время телемоста с участием Главы государства.
В целом в первой пятилетке программы (2010-2014г.г.) реализовано 33 проекта стоимостью 123 млрд.тенге, создано около 5-ти тысяч новых рабочих мест.
 

загрузить весь текст

20 Ақпан 2015 Жыл · 1836 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жаңа жыл мерекесімен аудан жұртшылығын құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Жаңа жыл мерекесімен аудан жұртшылығын құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа - 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке.

Жаңа 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді баға­лау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болмақ. Қазақ хандығының  550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың  20 жылдығын, Ұлы Же­ңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы жарасқан елімізде жаңа 2015 жыл  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.

Жаңа жылды біз іргесі берік, мемлекеттігі бекем, аты әлемге танылған қуатты ел ретінде қарсы алып отырмыз. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Осының барлығы Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының жеңісі мен жемісі.

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің қазынасы жыл өткен сайын көбейіп, бюджетіміз артып келеді. Елімізбен бірге ауданымыздың да экономикасы өрлеп, бақ-дәулеті артып, тұрмыс-тіршілігі жақсаруда. Ауданда шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Құрылыс саласында Луговой ауылынан 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Апатты жағдайдағы Подгорное орта мектебінің құрылысы басталды. Ақыртөбе, Болтай батыр, Гагарин, Қ.Сәтбаев мектептерінің ғи­мараты мен Көкдөнен, Құмарық, Қорағаты ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Юбилейное ауылында емхана, Қазақ ауылы мен Луговой ауылы әскери қалашықта медициналық пункт ғимараттары жаңадан соғылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылшаруа ауылында ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Құлан ауылында кәріз суын қайта жаңғырту және  тазалау ғимаратының құрылысы аяқталды.

Қадірлі ағайын!

Осындай жетістіктерге біз аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі, еңбекқорлығының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл жеткен жетістіктеріміз 2015 жылы да жаңа идеялық ізденістермен және бастамашыл қадамдармен жалғасын таба беретін болады.

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа жақсылық пен табыс, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке алып келсін.  Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әрбір істеріңізге сәттілік тілейміз.

Аудан әкімі Ж.Айтақов                                  Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

 

30 Желтоқсан 2014 Жыл · 1455 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Ұлттық мерекесіне арналған құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Ардақты ағайын!

         Қадірменді аудан тұрғындары!

         Баршаңызды ел өміріндегі орны бөлек Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – көпұлтты еліміздің халқы үшін ең ұлық мереке. Бұл күнді барша қазақстандықтар әрқашан асыға күтеді.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі  туралы» Конституциялық Заң қабылданып, жас Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Сол күннен бастап егемен еліміздің көгінде азаттықтың туы желбіреп, шаңырағымызға тәуелсіздіктің ақ құсының қонғанына биыл жиырма үш жылдың жүзі болды.

         Дана халқымызда «Өткенін білмей, болашақ болмас» деген аталы сөз бар. Олай болса, тәуелсіздік басымыз бен бағымызға бірден қона қоймағандығын, оған жету үшін халқымыз талай тар жол тайғақ кешулерден өткенін ұмытпауымыз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген ойында бостандықтың босағасынан аттау жолындағы күрестің сан ғасырлық шерлі шежіресі көрініс тапқан.

         Татулығы мен бірлігі жарасқан қабырғалы қалың жұрт тәуелсіздік жылдары өсу мен өркендеудің өр белесін бағындырған телегей-теңіз тірліктер атқарып, сырғыған жылдар ағысымен тәуелсіздік деп аталатын тәтті ұғымның жетістіктері мен жемісін, жеңісі мен қуанышты сәттерін бірге көріп келе жатыр. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасуының қайнар бастауы болған осынау ғасырға теңдесі жоқ тарихи жылдар әрбір қазақстандықтың жүрегінің түбінен терең орын алғанына бүгінде ешкім де шүбә келтіре алмас.

         Қазақстан осы жылдары дүрбелең дүниенің додасында қалып қоймай, түрлі дағдарысқа қарсы тұрып, біртұтас мемлекет, еркін ел екендігін айқын дәлелдеді. Ата Заңымыз халқымыздың бас құжатына айналды. Төл рәміздеріміз төрге шығып, ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Мемлекетіміздің мызғымас қорғаны – Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды. Ұлттың ұлы қасиеттерін айғақтайтын білімділік пен біліктілікке жол ашылды. Ғылым мен жаңа технологияны игеру басты мақсатымызға айналды.

Сондықтан, дербес мемлекет ретінде өркендеу жолында нығайып келе жатқан Отанымызға үлкен мақтаныш сезіммен қарауымыз қажет. Қасиетті Тәуелсіздік ұғымы өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Бұл – біздің қасиетті борышымыз.

         Бүгінде мемлекетіміздің келешегін айқындаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты болашақтың сара жолында Тәуелсіздік танымына сергек қарап, оны нығайтудың басты бағыттарын белгілеп берді.

         Тәуелсіздіктің жиырма үш жылында еліміздің барлық саладағы қол жеткізген толағай табыстары мен жетістіктері, игілікті істері алдағы уақытта жарасымды жалғасын тапсын.

Береке-бірлігіміздің кілті болған – тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұлтымыз ғұмырлы, еліміздің келбеті келісті, кемелі жеңісті болсын!

         Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!   

 

 

Аудан әкімі   Ж.Айтақов                                    Мәслихат хатшысы Б.Шамаев

 

16 Желтоқсан 2014 Жыл · 1279 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен құттықтау
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын!

 

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті күні­мен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстан­дық­тар­дың бірауызды дауыс беруімен сайланған Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­ден­ті Н.Ә.Назарбаев осы жылдары елімізді өр­кен­дету мен мемлекетімізді нығайтудың жар­қын болашағына даңғыл жол бастады.

Бүгінде Ұлт Көшбасшысының биік сая­си бей­несі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен ажы­ра­мас егіз ұғымға айналды. Елбасының сын­дар­лы саяса­ты арқасында елімізде әлеу­­­­­мет­тік-экономикалық және қоғамдық-саяси ре­­­формалар табысты жүзеге асып, Қазақ­стан­ды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етті.

Қазақстан аграрлық елден индустриялық даму бағытындағы мемлекетке айналып, әлем­­дегі қарышты дамыған елу елдің қата­рынан орын алды. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­­зарбаевтың көреген саясаты мен ерен еңбегін ерекше бағалаған қос палаталы ел Парламенті 1 желтоқсанды – Қа­зақстан Рес­пуб­лика­сының Тұңғыш Президенті күні – мем­лекеттік мерекесі етіп бекітті.

Елбасы ұсынған «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясы бүгінде ел дамуының бас құ­жатына ай­на­лып отыр. Елбасы елімізде де­мократиялық үрдістерге басымдықтар бере отырып, ұлтаралық татулық пен келісім, ын­тымақ пен бірлік саясатына қанат бітіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір­ге әкелді. Еліміздің Тұңғыш Президенті әлем елде­ріне бейбіт өмір, еркін даму, қауіпсіздік және тұ­рақ­тылық бағытындағы геосаяси идеяның бас­тамашысы ретінде кеңінен танылды.

Елбасының тікелей қолдауымен «Ехро-2017» ха­лықаралық көрмесінің Астанада өте­тіні де бүгінде төрткүл дүние назарын Қазақ­станға ау­дарып отыр.

От шашқан домна пешінің ыстығында  шың­далған Елбасын алға жетелеген елінің  арма­ны, жігерін жаныған ұлтының намысы екені ақиқат. Ол – қазақ халқының қаһармандыққа толы өткенін, жасампаздыққа толы бүгінін ке­мел келешегін жалғаушы заман заңғары!

«Мәңгілік ел» идеясымен ұлт қамын терең ой­лаған, туған елінің туын көкке көтерген Нұр­­сұлтан Назарбаев – Ұлы Даланың Ұлы Пер­зенті! Сондықтан да, оның өмірі мен қыз­меті – ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге.

Қадірлі аудан тұрғындары!

Баршаңызды   мерейлі  мерекемен  құттықтай  отырып,  дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.  Еліміздегі  ынтымақ-бірлік,  ырыс пен бақыт баянды  бола  берсін!

 

Аудан әкімі      Ж.АЙТАҚОВ   

                      

  Мәслихат хатшысы           Б.ШАМАЕВ

1 Желтоқсан 2014 Жыл · 1263 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2 3  4  5 6 7 8 9 10 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Жалгас
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Саламатсыздарма! Мен массив Арайдын тургыны едим, алгашкы 3 кошеде коше жарыгы бар да биз туратын 4ши кошеден бастап жарык жок, тас ...
Халыкова Шарбану Джаксынбетовна
Сұрақ: Жұманқұлов М.С.
Саламатсыз ба Марат Сейітбекұлы. Менің қызым Берікқызы Азиза 20.08.2009ж. туылған. Біз Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылында тұрамыз.Туылғаннан ...
Наталья Сергеевна
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Доброго времени суток. Окажите пожалуйста помощь в поиске и географической принадлежности организации. Ищу организацию (в народе ...
Жанат
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
2-ой вопрос по поводу отопления в жилых домах. Постановление вышло начать отопительный сезон с 7 октября 2017 года, но в нашем доме по улице 4 ...
Жанат
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте. У меня вопрос по поводу детского седа № 7.Мой сын ходит в данный детский сад в группу "Акбота" . Там маленькие дети 2015 ...
Айдос Рахатбайұлы
Сұрақ: Өмірбеков М. А.
Ассалау мағалейкум Меирхан Азаматұлы, Жол мәселесі бойынша сізден сұрайын деп едім. Мен Таразда тұрамын бірақ туған жерім Меркі. Жылына ...
Виктория
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Здравствуйте! Скажите пожалуйста, почему в нашем городе не ремонтируют дороги для пешеходов? Прогуляйтесь вокруг любого микрорайона. ...
ронни
Сұрақ: Өмірбеков М. А.
здравствуйте. по случаю дня учителя меркенский отдел образования вручил какую то грамоту учителю меркенской музыкальной школы ...
Жалгас
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Саламатсыздарма! Мен массив Арайдын тургыны едим, алгашкы 3 кошеде коше жарыгы бар да биз туратын 4ши кошеден бастап жарык жок, тас ...
Кенжебек
Сұрақ: Досаев Қ. Ә.
Здраствуйте Рустем Рысбаевич!У меня и у всех водителей ездиющих по трассе Бурылбайтал-Чу один единственно важный и больной для нас ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'