Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Рысмендиев Б.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қырықбаев А. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алиев Д. Қ.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ


    Санаттағы жазбалар Санаттағы сұрақтар

Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық барысы туралы
Блог авторы: Бықыбаев Д. Д.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 26-30 шілдесі аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді. Аталған шараға байланысты Басқарма тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары мен бағдарламасының жобасы жасалып, қажетті қаражат көлемі қаралды. Бүгінгі таңда жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде. 26 шілде күні Жамбыл облысы ЭКСПО аумағындағы «Амфитеатрда» мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізеді. Яғни, осы күні облыс күндерінің ашылуын өткізу жоспарланып отыр. Онда түрлі форматтағы шаралармен қатар көрмелер, театрлардырылған көрініс және облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Бағдарламаға сәйкес 5 күн бойы жоспарланған шаралар өз кезегімен өте береді (көрмелер, театр қойылымдары, концерттер). Оған алдын-ала Астана қаласының әкімдігі ұсынған қала аумағында орындар қарастырылған. Атап айтқанда, Жастар театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы аумақ. Ал, 28 шілде күні «Қазанат» қалалық ипподромының аумағында салынатын «Этноауылда» іс-шаралар ұйымдастыру Жамбыл облысына жүктелген. Ол жерде күні бойы шеберлер ауылы, шеберлердің туындыларын сатуға арналған «Шығыс базары», концерттер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт ойындары және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Соңғы күні, яғни 30 шілдеде «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Жамбыл облысы күндерінің жабылуына арналған облыс өнерпаздары мен Жамбыл өңірінен шыққан белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концерт ұйымдастырылады. Сонымен қатар, халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтарға «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихымен таныстыру мақсатында 2017 жылғы 20 мамырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құлмұхамедтің қатысуымен «Көне Тараз» тарихи мәдени орталығынан «Көне Тараздан - Асқақ Астанаға» этнографиялық керуені салтанатты түрде жөнелтілді. 26 шілдеде Астана қаласына жетуі жоспарланып отыр. Керуен құрамында: 20 түйе (5 бота) оның 5-не адам отырады, қалған 15 түйеге жүк артылады. 46 ат, оның 6-ы ат арба және 10 жүк автокөлігі, 3 автобус (50 орындық), 6 қызметтік автокөлік (ұйымдастырушылар, МАИ, жедел жәрдем, төтенше жағдай т.б.), керуеншілер 150 адам. Керуеннің жол бойында тоқтайтын 9 орындар белгіленді. Олар: Тоқтайтын орындар Мерзімі «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы 20 мамыр «Үшбұлақ» керуен-сарайы («TAU DOS» кешені) 26 мамыр Құлан ауылы, Дендросаябақ 2 маусым Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы 8 маусым Шу ауданы, Тельман ауылы 15 маусым Мойынқұм ауданы, Хантау 21 маусым Қарағанды облысы Балқаш қаласы 3 шілде Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы 15 шілде Астана қаласы 26 шілде Керуен Астанаға жеткенше әрбір тоқтайтын бекеттерде ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол жерде қазақ үйлер тігіліп, үлкен сахна, шатырлар орнатылады. Қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері көрсетілетін көріністер, ұлттық спорт ойындары, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Әр тоқтайтын бекетте ұйымдастырылатын салт-дәстүр көріністері бір-бірін қайталамайтын болады. Ал, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келетеін қонақтарды облыста күтуге байланысты бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда келетін қонақтарға ұсынылатын тарихи орындар, музейлердің көрнекілік безендірілуі, буклеттер, деректі фильмдер, кәдесыйлар (сувинир) жинағы даярлануда. Сонымен қатар, өнер ұжымдары (фольклорлық топ, көнцерттік бағдарламалар, театрландырылған тарихи қойылымдар, көрмелер, қолөнер шеберлері, суретшілер, музей, т.б.) көрсететін қызметтердің тарифы жасақталып, туристік компанияларға ұсынылды. Келісім-шартқа тұрып жан-жақты қызмет көрсететін болады. Жоспарға сай көрме барысында шетелден келетін туристер мен қонақтарға облысымыздағы туристік бағыттарға енгізілген, бірегей болып табылатын тарихи-мәдени нысандармен таныстыру ұсынылып отыр. Олар: Қарахан кесенесі мен сквері, Айша бибі, Бабаджа хатун және Тектұрмас кесенелері, Көне Тараз тарихи-мәдени орталығы, Төрткүл керуен сарайы мен Қали Жүніс моншасы, ортағасырлық Баласағұн қалашығы мен Ақыртас сарай-кешені, Қазақ хандығы және Тәуелсізіктің 25 жылдығы монументтері, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс», Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков Мамыр саябақтары. Сонымен қатар, мәдени қызмет көрсететін орындар облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме залы, облыстық қазақ драма театры, «Баласағұн» ОКЗ, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы, «К.И.Скрябин үй музейі» ұсынылады. «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай, 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында облыс көлемінде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын қайта жаңғыртып, Қазақстанның жағымды бейнесін қалыптастыратын бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар, танымдық концерттер, жылжымалы көрмелер, түрлі сайыс, фестивальдар және т.б. бұқаралық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.
5 Шілде 2017 Жыл · 46 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

 

Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтауы

 

 

Ардақты аудан тұрғындары! Сіздерді сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңарудың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Бұл күн – тіршіліктің дәстүрлі құндылықтары аясында бәріміздің бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдіруіміздің нышаны. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтың сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, ынтымақ пен бірлікті, бейбітшілік пен түсіністікті ойлаған адам баласының жан-дүниесі жаңғыра түседі. 

Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз ресми мереке болып жарияланды. Содан бері бұл мейрам дәстүрлі түрде тойланып келеді. Тағдырдың талай соқпақтарынан сүрінбей өткен қазақ халқы Наурызды жыл басы деп санаған. Ендеше, егемен еліміздің есігінен енгелі тұрған айтулы мереке елімізге тек жақсылығымен келгей.

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болғалы тұр. Елбасының билік тармақтарын қайта бөлу мен халқына жолдаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы елімізге ерекше серпіліс бергені анық. Ал, төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтуі – еліміз үшін үлкен абырой.

Елімізбен бірге жыл сайын әлеуеті мен қуаты артып келе жатқан ауданымыздың ажары мен айбыны осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.

Құрметті аудан жұртшылығы! Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын! Наурыз әрбір отбасына құт-береке, молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

 

18 Наурыз 2017 Жыл · 211 көріп шығу · пікір жазылған 0
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Д.Бықыбаевтың кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзі
Блог авторы: Бықыбаев Д. Д.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

                                                                                                               

 

 

Облыстың мәдениет, архивтер саласында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2017 жылға қойылған міндеттер туралы

 

Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!

Құрметті алқа мәжілісіне қатысушылар!

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында есепті жылы облыстағы мәдениет, архив саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бүгінде халықтың мәдениетін арттырып, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық өнерімізді дәріптеп отырған облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 546-ға жетті.

2016 жылы жоспарланған шаралар орындалып, көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.

Мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 4,7 млрд. теңгені құрап, бюджет қаражаты 100%-ға игерілді. (2015 ж. – 5,4 млрд. теңге)

2016 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 242 млн. 317 мың теңгеге 29 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Жалпы алғанда 2009 жылдан бері «Жол картасы» инвестициялық жобасы мен «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд. 331,5 млн. теңгеге облыс көлемінде 249 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.

«Тарихи мұра - баға жетпес қазына» – дейді дана халқымыз. Сондықтан киелі мұраны сақтау, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз. Қазіргі таңда облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіші 3 365-ті құрайды. Оның ішінде:        741 тарихи – мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған, мұның      711 ескерткіші жергілікті дәрежедегі, 25-і республикалық дәрежедегі, ал 5-уі Бүкіл әлемдік халықаралық дәрежедегі ескерткіштер.

Ұлы Жібек Жолы бойындағы ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік Мәдени Мұра» тізбесіне енген 5 нысанға (Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары және Ақыртас кешені)  2016 жылдың 31 қазан – 9 қараша аралығында Дүниежүзілік мұра орталығы, ИКОМОС, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі сарапшыларының қатысуымен мониторинг жүргізу жөніндегі реактивтік миссия өтіп, комиссияның қорытындысымен жергілікті маңыздағы ортағасырлық Қостөбе және Өрнек қалашықтарына Республикалық дәрежедегі мәртебесі берілді.

Өткен жылы Жамбыл өңірінің рухани мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалар мен ірі қайраткерлердің еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы «Руханият» орталығы ашылды.

Сонымен қатар, академик «К.И.Скрябиннің үй-мұражайы» және Қарахан кесенесі жанында орналасқан «Ортағасырлық мешіт» қайта қалпына келтіріліп, туристер баратын орынға айналдыру жұмыстары жүргізілді.

Облыс театрлары 71 271 көрерменге 419 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында 15 жаңа қойылым сахналады.

Театр ұжымдары көшпелі қойылымдармен облыстың 6 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм) және Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Қызылорда облысына гастрольдік іссапарлар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, 80 жылдық тарихы бар театрымыздағы айтулы жетістігіміз Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бірінші дәрежелі актрисасы Салыкова Нұрсифат Рахымбайқызы «Құнанбай» кинофильміндегі Зере ролін жоғары актерлық шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі                         Рахат Сапаралиева Халықаралық театр күніне орай, 56 театрдың ішінде «ЕҢЛІКГҮЛ-2016» Кәсіби Театр Сыйлығы» республикалық байқауының лауреаты атанып,  «Жыл театр суретшісі» номинациясының жеңімпазы ретінде 1 млн. теңге арнайы сыйлыққа ие болды.

2016 жылдың қараша айында Жамбыл облыстық қазақ драма театры өзінің 80 жылдығын атап өтіп, облыс әкімдігі тарапынан жаңа автокөлік және тағы да басқа марапаттарға ие болды.                          «Ішкі театр фестивалі» ұйымдастырылып, қазылар алқасының шешімімен бірқатар артистер қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Театрдың 80 жылдығына орай, 2 кітап жарық көріп, 1 фильм түсірілді.

 

Құрметті әріптестер!

Облыстағы бірден-бір үлкен өнер ұжымы облыстық филармония 2016 жылғы жоспарларын асыра орындады.

Жыл барысында өткен барлық даталы мерекелерге атсалысып, құрамындағы шығармашылық ұжымдар 316 концерт ұйымдастырып, оған 127 690 көрермен қамтыды.

«Жастық шақ», «Тәуелсіз елдің ұландары», «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламаларымен 6 ауданда (Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас) және республиканың 2 қала, 3 облысында (Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары) өнер көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.

Шығармашылық ұжымдар мен әншілердің репертуарларынан «Тәуелсіздікке тарту» атты 4 топтамадан тұратын СD форматтағы  үнтаспалары шығарылды.

Жамбыл облыстық филармониясы тарапынан 5 әншіге аранжировкалар жазылды.

Бүгінгі таңда облыста 7 музей халыққа қызмет көрсетеді. Облыс музейлерінде 99 мыңға жуық экспонаттарды 52 312 келушілер тамашалады. 2 999 экскурсия, түрлі тақырыптарда 756 көрме ұйымдастырылды.

Облыстық музейдің 85 жылдығы қарсаңында «Музей - уақыт пен ұрпақтар байланысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп, «Музей - тарих айнасы» атты журнал-альманах жарық көріп, «Музей - уақыт пен ұрпақтар байланысы» атты бүктемелер мен құнды жәдігерлер топтамасынан құралған фотосуреттер жинағы шығарылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты Жамбыл облысының мәдениет күндері аясында облыс музейлері қорынан «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты көрме өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Меркі ауданының тумасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері Берік Әлібайдың қолөнер көрмесі Меркі аудандық музейінде жоғары деңгейде өткізілді.

Көрмеге шебердің құнды 25 зергерлік бұйымдары қойылып, музей қорына зергерлік бұйымдар топтамасын сыйға тарту етті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Қазақ киносы ұлт руханиятын өркендетуге қызмет етуі тиіс». Бұл тұрғыда облысы көлемінде біршама жұмыстар атқарылды.

«Қазақфильм» мекемесінің түсірген кинотуындыларын облыс көлемінде, шалғайдағы елді-мекендерге таратып, отандық фильмдерді насихаттауға «Облыстық кино орталығы» сүбелі үлесін қосып келеді.

Бүгінгі таңда орталықтың қорында ленталы – 1 210 көркем фильм, 1 644 деректі фильм, 25 мультипликациялық топтамалар бар.

Жыл басынан бері «Құнанбай», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Анаға апарар жол» көркем фильмдері жалға алынып, Тараз қаласының мемлекеттік мекемелері мен білім мекемелерінде көрсетілді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік таңдары», «Тәуелсіздік толғауы», «Рәміздер рухы»,  «Ежелгі Қазақстан», «1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыс», ағы да басқа фильмдер жоспарға сай көрсетілді.

Облыс бойынша 2 кинотеатр, клубтар мен мәдениет үйлерінде     22 киноқондырғы, 10 «Зерде» бейнемобильдері халыққа кино көрсету жұмысын атқарып келеді.

Жыл ішінде облыс бойынша 3167 кино көрсетіліп,                   121 907 көрермен қамтылды.

Ай сайын аудандарға репертуарлық жоспарлар мен даталы күндерге іс-шаралар өткізу үшін, деректі және көркем фильмдердің тізімі таратылып, сұраныс бойынша фильмдер жіберіліп тұрады.

 

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

 

Құнды қазынамыз – ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттау және одан әрі жаңарту жолында облыстағы кітапхана саласының да қосар үлесі көп.

Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде ауыл тұрғындарының білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және жаңа кітапхананың стандартын дамыту мақсатында, мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын 288 мемлекеттік кітапхана облыс халқына қызмет көрсетіп отыр. Оның 3-уі облыстық,                     8-і қалалық, қалған 277-сі аудандардағы кітапханалар.

Облыс кітапханаларында кітап қорын толықтыру жұмысы жылдан жылға ілгерілеп келеді. Жергілікті бюджеттен, мемлекеттік тапсырыспен, сый кітаптардан түскен кітаптармен толықты.

Бүгінгі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры                              3 млн. 434 мың 746 дананы  құрап, оның мемлекеттік тілдегісі                  1 млн. 638 мың 327-ге жетті. Оқырман саны 261 280-ге толып отыр. Есепті жылы облыс кітапханаларының қорына барлығы                            151 млн. 117,8 мың теңгеге 103 128 дана басылымдар келіп түссе, оның ішінде 117 млн. 888,1 мың теңгеге алынған 81 149 данасы ауылдық кітапханалар үлесінде.

288 кітапхананың Интернетке қосылғаны 245 (85%). Компьютермен қамтылғаны – 265 (92%). Кітапханалары интернет желісіне 100 пайыз қосылған Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандарын атап өтуге болады.

Облыс кітапханаларын автоматтандыру бағытында жалпы 262 кітапхана (91%) арнайы кітапханалық бағдарламалармен жұмыс жасауда. 2016 жылы дерекқорға барлығы – 522 364 дана әдебиеттер енгізілді.

Жергілікті ақын-жазушыларға қолдау көрсету мақсатында  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен  17 млн. 400 мың теңгеге 5 426 дана кітап алынды.

Жыл ішінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ауыл кітапханаларының инновациялық бағыттағы жұмыстарымен жете танысып, кәсіби білімін жетілдіру мақсатында мамандармен тренингтер және шеберлік сыныптарын өткізді.

Есепті жылы Қордай ауданында «Тәуелсіздік және кітапхана ісі» тақырыбында тәжірибелік семинарлар өткізілді.

Заман талабына сай пайдаланушыларына қызмет көрсету мақсатында 2016 жылы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық балалар кітапханасы «Үлгілі кітапхана» атағына ие болды.

Тараз қалалық мәдениет үйінде аудан кітапханашылары арасында «Жылдың үздік кітапханашысы» облыстық байқауы өтіп, бас жүлдені Меркі аудандық кітапханасының кітапханашысы Тұрсынай Керімқұлова иеленді.

Ауыл кітапханаларының тұрғындарға бүгінгі күн талабына лайықты кітапханалық қызмет көрсетудегі ұйымдастыру біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау мақсатында облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауы ұйымдастырылып, Т.Рысқұлов ауданының Мақпал ауылдық кітапханасы «Үздік кітапхана» атанды.

Кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 13 млн. 589,6 мың теңге жұмсалды.

Облыс халқының мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру - басты назарда болды. Бұл бағытта бүгінгі күні облыста 199 мәдениет үйлері мен клубтар тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді.

Облыс көлемінде 766 клуб құрылымдарына 8 715 адам тартылған.

Сондай-ақ, өнер ұжымдарының шығармашылық деңгейін саралау мақсатында өткен «Халықтық», «Үлгілі» атағын беру, халықтық дәрежесін қайта қорғау аттестациясының қорытындысымен облыс мәдениетіне жаңадан ұжымдар қосылып, «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар саны 59-ға жетті. Оған қатысушылар саны - 1557.

Жергілікті бюджеттен 2016 жылы барлығы 103 млн. 322,5 мың теңге бөлініп, облыстағы клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базалары едәуір жақсарды.

Өздеріңізге белгілі 2015 жылы облыс аудандарының жыл бойы атқарған жұмыстары нәтижесіне сәйкес «ҮЗДІК АУДАН-2015» байқауына облыс әкімінің арнайы жүлдесі жарияланып, үздік деп танылған Шу ауданына Бас жүлде «Газель» автокөлігі табыс етілген болатын.

Міне, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жыл бойы өткізілген мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруда үлгілі мәдени қызмет көрсетіп, жыл қорытындысы бойынша ауданның мәдениет саласында зор жетістіктерге қол жеткізгені үшін «Үздік аудан - 2016» деп танылған Қордай ауданы бас жүлде «Уаз» автокөлігімен марапатталды.

Архив саласына тоқталатын болсақ, Жамбыл облысының өткен тарихы жөніндегі сан мыңдаған деректер мен нақты құжаттар облысымыздағы мемлекеттік мұрағаттарда сақталуда. Мұндағы мол тарихи құжаттар қоры өлкеміздің шежіресі, алтын қоры.

Жыл қортындысы бойынша облыс архивтерінде 4473 қорда 880579 сақтау бірлігі жинақталды.

Архив мамандарының басты міндеттерінің бірі - Ұлттық архив қорын қалыптастыру жұмыстары әрдайым үздіксіз іске асырылуда. Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығы сарапталып, нәтижесінде өткен жылы архив қызметкерлерінің ұсынуымен 14962 тізімдемелер қалыптастырылып, басқарманың сараптау-тексеру комиссиясы отырысында бекітілді.

Бүгінде архивтер арнайы семинарлар өткізіп, нақты әдістемелік көмек көрсетуді жұмыс стиліне айналдырды. Өткен жылда іс жүргізу, құжаттардың сақталу тәртібі бойынша 231 мекемеге әдістемелік көмек көрсетіп, 29 семинар өткізіп, 1040 мекеменің істер номенклатурасының жүргізу реті келісілді.

Есепті жылы 19203 мұрағат анықтамасы беріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті.

Архив құжаттарын пайдалана отырып маңызды, қызықты фактілерге байланысты ғылыми-көпшілік кітаптар, архив құжаттарының жинақтарын шығару жұмысы да қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін архив қоры негізінде 20-ға жуық кітап, он шақты кітапшалар мен жөнсілтемелер шығарылды. Жамбыл облысының 75 жылдық тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы облыстың тыныс-тіршілігі,  майдан хаттары, Жамбыл облысынан шыққан Совет Одағының Батырлары, облыстағы монументальды ескерткіштер, саяси қуғын-сүргін құрбандары, ашаршылық қасіреттері жеке-жеке кітап болып жарық көрді. Сонымен бірге, Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдық тойы және Тәуелсіздігіміздің 25 жылының шежіресі хроника ретінде  жазылып, кітап болып шыққанын ерекше атап өту керек.

 Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жасампаз 25 жыл», «Жамбыл облысының Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы (1991-2016 жж.)» тақырыптарында 2 кітап жарық көрді.

Ал енді облыс мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелердің бірі - кадр мәселесіне тоқталар болсақ, мәдениет, архив саласында бүгінгі күні нақты 2991 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер - 1584.

Облыс бойынша 1584 қызметкердің  890-ы жоғары білімді, 585-сі арнаулы орта білімді, 109-ы орта білімді мамандар. Осы санат 2015 жылмен салыстырғанда 21-ге кеміген.

(Өзге сала мамандары (мұғалім, экономист, зоотехник, инженер, заңгер т.б)  көп шоғырланған аудандар – Мойынқұм, Талас, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов, Сарысу.   Ал, кызметкерлері мектептен кейінгі, яғни орта біліммен шығармашылық саласында толыққанды жұмыс істетіп отырған мекемелер – Сарысу (11), Шу (10), Қордай (9), Талас (9), Т.Рысқұлов (7) аудандарында кездеседі. Аталған мәселе барлық ауданға тән).

Шығармашылық құрамның білім сапасының сәйкестігі -           66 пайызды құрап отыр. Яғни 2015 жылмен салыстырғанда 3 пайызға өскен.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша соңғы              5 жылда 44 жас маман ауылдық жерлерге тұрақтандырылды.

(Оның 9-ы 2016 жылдың үлесінде. Олар: Жамбыл ауданы-1, Жуалы ауданы-1, Т.Рысқұлов ауданы-3, Байзақ ауданы -1, Шу ауданы – 2, Қордай ауданы-1).

Аталған бағдарлама аясында барлық аудандарда жұмысты жандандыру қажеттігі туындауда.

 

Құрметті әріптестер!

 

Өздеріңізге белгілі, өткен жыл еліміз үшін ерекше мерейлі жыл болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойладық.

Мерейтой аясында көптеген айтулы іс-шаралар ұйымдастырылып, облысымыздың бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері жоғары дәрежедегі атақтарға ие болды.

Бекітілген жоспарға сәйкес 1 халықаралық, 5 республикалық және бірқатар облыстық іс-шаралар өз деңгейінде өтті. Атап айтқанда, «Ән-жырым саған, туған ел!» ІІ Халықаралық Алтынбек Қоразбаев атындағы ән конкурсы, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты жыршы-термешілер байқауы, III Республикалық Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» атты конкурс, Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты VІІІ республикалық әншілер конкурсы, «Ұлы дала сазы» республикалық дәстүрлі музыка фестивалі, Астана қаласында «Тарихы терең Тараздан тағзым» атты Жамбыл облысы күндері және тағы да басқа іс-шаралар.

Сонымен қатар, бекіткен кестеге сәйкес 28 қазан-29 қараша аралығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданаралық мәдениет байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - тұғырым, мәдениетім - мәртебем!» атты облыс аудандарының мәдениет және өнер күндері (Сарысу-Талас, Жамбыл-Байзақ, Жуалы-Т.Рысқұлов, Меркі-Шу, Қордай-Мойынқұм) жоғары деңгейде өтті.

Еліміздің өзге елдермен өзара мәдени ынтымақтастығын нығайтухалықаралық мәдениетті жақындастыру мақсатында «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымының шақыруымен жыл сайын Туркияның қалаларында өтетін Наурыз мерекесіне арналған шараларға 2016 жылдың 18-29 наурызы аралығында Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосы қатысып, Туркиядағы өнер сүйер отандастарымыздың ризашылығына бөленіп қайтты.

3-8 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен «Екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» фестиваліне Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Жақсылық Қалтешов пен Қарлыға Жамбаева қатысып, тәжірибе алмасып, сертификатпен марапатталды.

Осы жылдың 6 - 15 қаңтары аралығында Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» ұлттық би ансамблі Нью-Дели қаласы Камани концерт залында Үнді Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Халықаралық халық биі және ән фестивалінің» 7-қойылымына қатысып қайтты.

Сондай-ақ, өнер ұжымы Үнді елінің Порт блэр аралында, Мувахати, Шиллонг, Нью-Дели қалаларында тұрғылықты халыққа бір сағаттық концерттік бағдарламасын ұсынып, қазақ елінің мәдениеті мен өнерін паш етті.

Енді алдағы уақытта, наурыз айында Жамбыл облыстық орыс драма театрының ұжымы Белград қаласында (Сербия) өтетін халықаралық театр фестиваліне қатысқалы отыр.

Сондай-ақ, 2-12 маусым аралығында Румыния елінде өтетін халықаралық өнер шеберлерінің байқауына Жамбыл облыстық қазақ драма театры шақырту алып, «Қыз Жібек» музыкалық драмасымен қатысу жоспарлануда.

Міне осындай жетістіктеріміз аз емес.

Дегенмен, алдағы уақытта шешімін табуды қажет ететін біраз мәселелер бар.

Атап айтар болсақ, Облыс кітапханаларын арнайы кітапханалық бағдарламамен толық қамту керек (Қордай 85,3%, Меркі 60,7%, Мойынқұм 50%).

Және де аудан кітапханаларына тән кемшілік - жиһаздар жетіспеуі, тозығы жетуі, стеллаждардың заманауи талапқа сай келмеуі, мерзімді басылым мен кітап қорын толықтыруға қаражат жеткіліксіз бөлінуі.

Бұл ретте, жөндеуден өтіп, жиһазсыз отырған Меркі аудандық орталық кітапханасын атап өтуге болады. Талас, Т.Рысқұлов аудандарында кітапханалардың материалдық-техникалық базасына ешқандай қаржы бөлінбеген.

Ал, кітап қорын толықтыруда ең төменгі көрсеткіш Меркі, Қордай аудандарын атап өтуге болады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол қартасы» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен мәдениет мекемелерінің материалдық жағдайын жақсартып, штаттық бірліктер беріп, толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек.

Облыс әкімі Қ. Бозымбаевтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиындағы
Блог авторы: Бозумбаев К.А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

 

2011 жылдың 4 наурызы
Сағ. 15.00, «Баласағұн»



Құрметті аналар!
Әпке-қарындастар!
Қадірменді замандастар!


Жыл сайын көктеммен бірге келетін тамаша күндерді бәріміз күтіп жүреміз.
Жылы жаққа құстай сағынышпен келіп жететін мейрам – сегізінші наурыз – Халықаралық әйелдер күні – біз үшін ерекше мереке.
Асыл анасын сыйлайтын, қамқор әпкесін құрметтейтін, тілеулес қарындасын қадірлейтін, және өзінің сүйікті жары мен қызын жанындай жақсы көретін, адамдардың бәрі дәл осындай сезімде болады.
Адамзат тарихында, қазақ халқының арғы-бергі өмірінде ананың бақытын бәрінен биік қойған.
Ақ жаулықты аналарымыз болса, еріне – тірек, ел бірлігіне – тұтқа болған. Көкжиектен тамыр тартқан, тарихи оқиғаларға зер салсақ, біздің қыздарымыз адалдық пен сұлулықтың, батырлық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен.
Халқымызда «Ананың ақ сүтін адал емген» деген қанатты сөз бар. Мұның мағынасы өте терең. Мазмұны жан-жақты. Жер бетіндегі тіршілік күннің көзінен нәр алса, адам баласы ананың сүтінен қуат алады.
Туған Отанына, сүйікті еліне адал еңбек ету, жеке тұлғалық қызметімен адамзат өркениетіне үлес қосу, адамгершілік қасиеттерімен құрметке бөлену - әрбір азаматтың арманы.
Жақсылықты армандамайтын адам жоқ. Бірақ, елдік арманға жету үшін көп ақыл керек. Терең ой керек. Талмай іздену керек. Талап керек. Талант керек.
Ал мұның бәрі ананың сүтімен келеді. Сондықтан, ананың ақ сүтін ақтау - өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің дамуына үлес қосумен айқындалады.
“Отан отбасынан басталады”, дейді дана халқымыз.
Ал, отбасының ұйытқысы, «Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» - алтын жүрек аналарымыз біздің халқымыздың ең құнды қазынасы боп саналады.
Ана алдында бас имейтін жан жоқ.
Өйткені, ананың жүрегі нәзік, рухы мықты.
Ананың әлдиімен бала кезден санаға сіңген Отан, Туған жер, Атамекен деген ұғымдар кім-кімге де жақын.
Ғасырдан ғасырға жеткен, аты аңызға айналған Ұмай ана, Домалақ ана, Бопай аналарымыз және көптеген қазақ қыздары, қазақ әйелдері бұтағына жемісі сыймаған, құшағына досы сыймаған қалың жұрттың жүрегінде жатталған.
Айша бибі, Қыз Жiбек пен Баян Сұлу секілді арулар адал махабаттың мәңгі үлгісіне айналған.
Заманында Тұмар мен Зарина ханшайымдар, шығыстың жұлдыздары Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспановалар ел басына күн туғанда батыр қыздардың өнегесін көрсеткен.
Жаңа дәуірде Қазақстанның дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып, гүлденуіне елеулі үлес қосқан қайраткер аналарымызды, апа-қарындастарымызды біз ерекше мақтан етеміз.
Қазақстандық әйелдер билік пен бизнесте, ғылым мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда.
Олардың бойында шығыс мәдениетіне тән нәзіктік пен ұстамдылық, батыс өркениетіне тән ой тәуелсіздігі мен еркіндік бар.
Елбасының «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады.
Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Олар – геолог, олар – археолог, олар – педагог, олар – дәрігер, олар – құрылысшы, олар – металлург...
Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, жалпы алғанда, жаңа заманға сай қызмет атқарып жүргендеріңізді атап айтқымыз келеді.
Сіздерге бүгінгі мерекелік жиын үстінде адал қызметтеріңіз үшін рахмет айтамыз!
Құрметті замандастар!
Бүгінде облыста мемлекеттік қызметте жүргендердің арасында әйелдердің үлесі 47 (қырық жеті) пайызды құрап отыр.
Істің көзін таба білген кәсіпкерлердің қырық пайызға жуығы әйел азаматтар. Білім саласындағы қызметкерлердің 81,0 (сексен бір) пайызы, денсаулық сақтау саласында - 85,0 (сексен бес) пайызы, үкіметтік емес сектордағы жұмыс істейтіндердің үштен екісі әйел-кісілер.
Облыста бүгінгі таңда отыз мыңға жуық көп балалы ана бар. Олардың төрт мыңға жуығы «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған. Ардақты аналарымыздың дүниеге сәби әкеліп, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегін біз ерекше құрметтейміз.
Бүгінгі мерекелік салтанатта өнегелі еңбек жолымен абыройға бөленген аналарымыз бен қыз-келіншектердің есімдерін айта кеткеніміз орынды. Олардың қатарында атақты Еңбек ері, диқан апамыз Мәрзия Ибрагимова, Қордай ауданындағы «Байнұр» шаруа қожалығының жетекшісі Айман Әшімова, Шу ауданының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, жеке кәсіпкер Шымшық Мадалиева, Меркі ауданындағы неміс этномәдени орталығының жетекшісі Валентина Артющенко, өзінің бай тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген Еңбек ері Тамдыкүл Жамбылова, тағы да көптеген асыл жандар бар.
Бүгін осы залда отырған әйелдер қауымының әрқайсысы еліміздің өсіп, өркендеуіне өз үлесін қосқан асыл ана, қайраткер әйел, еңбексүйгіш жандар деп білеміз.
 

Скачать полный текст поздравления

 

4 Наурыз 2011 Жыл · 8193 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзі (Текст выступления акима на торжествах в честь 100-летия Б.Момышулы в Жуалынском районе)
Блог авторы: Бозумбаев К.А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

Ардақты ағайын!

Қымбатты қонақтар!

Бүгін біз қасиетті есімі ұлт мақтанышына айналған даңқты командир, артына тарихи мұра қалдырған жауынгер-жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ғасыр тойында бас қосып  отырмыз.

 Асқақ рух пен елдіктің айбынындай болған Бауыржан Момышұлының батыр тұлғасы, қайсар мінезі, от ауызды, орақ тілді бейнесі мен айнымас қасиеттері халқымызбен мәңгі бірге жасап келді.       

 Дана халқымызда «Ерлік – Ерімен биік» деген сөз бар. Батыр Бауыржанның бойындағы айрықша дарындылық пен адалдық, әділдік пен шыншылдық қасиеттері көптің көңілінде,  ұрпағының есінде сақталған.      

 Айналасында мың бұлағы бар Көлбастаудан түлеп ұшқан  жаужүрек Бауыржан Момышұлы взвод командирінен – дивизия командирі деңгейіне дейін көтерілген дара сардар. Айнымас мінезді ер Баукең әскери қызмет жолында темір тәртіптің тізгінін қолына берік ұстап, артында айрықша із қалдырды.

Сол үшін де халқы ерлігімен еліне танылған Баукеңді көзінің тірісінде  «Батырым» деп бағалап, алақанында аялады.

Егер, өмірде адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, ұлтын сүю – парыз десек, осы киелі қасиеттердің барлығы да Бауыржанның бойынан табылған.

Ал, Батыр Бауыржанның «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген рухы биік қанатты сөзі – бүгінгі жастардың бойында патриоттық  мінезді қалыптастыруға шақырған ең жоғарғы ұран деп білемін.

"Ерлік ескірмейді, ол халқымен бірге мәңгі жасайды» - дейді дана халқымыз. Батырлық рухтан сусындаған  Баукең – халқының болашағы үшін күрескен батырлардың жеңісін жалғастырған азаматы, барша қазақтың бас иген  Батыры.

Соғыстан кейінгі жылдары қаруын қаламға айырбастаған гвардия полковнигі Б.Момышұлы – көптеген көркем туындылары мен әскери жазбалары арқылы әрбір оқырманның жүрегіне жол тапқан жауынгер-жазушы. Ол – қазақ әскери әдебиетінің негізін салған қаламгер.

 Егемендігіміздің алғашқы жылдары Кеңес өкіметі тұсындағы әділетсіздіктің «уақытын кері қайтарып» – халқымыздың ерлік символына айналған Бауыржандай батырға Кеңес Одағының Батыры атағын алып беруде Елбасының тарихи еңбегі ерекше екенін айтуға тиіспіз.

Осы абыройлы атақ арқылы қабырғалы қалың елдің еңсесін көтерді. Тұтас бір халықтың тоналған тарихтан есесін қайтарды. Сарыла күткен ел сенімі ақталды.

Бұл – біздің Тәуелсіз еліміздің алғашқы рухани жеңістерінің бірі еді. Баукеңнің жұлдызды болған  күні – халықтың жұлдызы жанған күн еді!   

Қадірменді қауым!

Бүгінде Бауыржан Момышұлының есімін есте қалдыру және ерлік жолдарын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында елімізде көптеген тірліктер жасалып келеді. Еліміздің бас қаласы – Астананың 10 жылдық мерекесі қарсаңында Бауыржан Момышұлы атындағы жаңа саябақ ашылып, Батырдың  ескерткіші орнатылды.          

Ал, Мәскеу қаласы маңындағы атақты Дубосеково мен  Крюково селоларында Бауыржан Момышұлына ескерткіш-бюстері қойылды. Биыл Мәскеуде бір мектепке есімі берілді.  Күні кеше алғаш рет 30 томдық кітаптары жарық көрді.

Ардақты ағайын!

Қадірменді бауырластар!

 Бүгінгі Бауыржан Момышұлының  жүз жылдық тойының осылайша кең көлемде  аталып жатуы –  тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше оқиға деп білемін.

Баукең – табиғи болмысына дақ салдырмай, нөмірі бірінші Бауыржан болып халқының жадында сақталған, қасиеті – қымбат, сипаты – сирек, жүз жылда бір келетін қайсар тұлға.

Өйткені, ол – Батыр болып туды, Батыр болып – соғысты, Батыр болып - өмір сүрді, мына дүниеден де – Батыр болып өтті! 

Олай  болса, біз халқының сүйіспеншілігіне ие болған Батыр – Бауыржанды, Ұлтжанды – Бауыржанды, Қайсар – Бауыржанды  қазақтың ең бақытты  перзенті деп зор мақтанышпен айта аламыз.           

 Ендеше баршаңызды халқының бақыты үшін жүрек жалынын сөндірмеген, өмірден өтсе де, көңілден кетпейтін Бауыржандай Батырдың рухы қолдап, қорғай жүрсін!

 

25 Қыркүйек 2010 Жыл · 9057 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы  1  2 келесісі-> ... соңы
Соңғы сұрақтар
Батчаева Тамара Борисовна
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Акиму города Тараз господину Даулет Р. Р. ...
Сауле
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Неге менің сұрағыма осы мен 2 ай бұрын қойғам сұраққа жауап жоқ??? Қала прокурорына жазу керек пе? № 7061 Байзак Батыр көшесі 185/187 этаж ...
Алихан
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
По адресу: город Тараз, массив «Коктем», улица Фресно, дом 65 «а» расположенном между домами № 65 и № 67 по улице Фресно, массива «Коктем» ...
Жексенбин.Б
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Рустем Рыспаевич Даулет мырза! Нуржан Сабитович бар кезде жаксы еди, гос службага кiру онай едi, сiз келе киындап кеттi неге?! Аппарат ...
Ирина
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич,обращаются к Вам,в моем лице, жители улиц Памирская и Лермонтова. Помогите решить вопрос с ликвидацией ...
Жанар
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Құрметті Рустем Рысбаевич Менин кояр сурагым мынадай: 1 - кыркуйек балалар мектепке баратын кез такап калды балалар жолдан отуге ...
Арман Маратұлы
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қайырлы күн, Рүстем Рысбайұлы. Тараз қаласындағы Пацаев көшесінің тұрғындары атынан жазып отырмын. Біздегі басты мәселе - көшені ...
Мавзюда
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Я, обращаюсь к вам от лица жителей дачных массивов Кумшагал, Шолдала по вопросу роста цен на уголь. Цена на ...
Гульнара
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Уважаемый Карим Насбекович! Прошу вас разобраться с проблемой. Мы с мужем не можем иметь детей, поэтому долго обумывая пришли к выводу ...
Федор
Сұрақ: Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Уважаемый Рустем Рысбаевич! Что у нас происходит с горячей водой? Это в самые жаркие летние дни. Люди приходят с работы, ни умыться, ни ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'