Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №407-ө өкімімен Мамажанов Бекежан Самижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Мамажанов Бекежан Самижанұлы 1965 жылы мамыр айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Алматы құрылыс техникумы «сәулетші», 2005 жылы Еуразиялық Ұлттық университеті «заңгер», 2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау инспекторы», 2011жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «құрылысшы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Пригородный ауылында жұмысшы болып бастаған.
1983-1985 жылдары Кеңес әскері қатарында.
1985-1992 жылдар аралығында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Пригородный ауылында, Пригородный кеншарының бригадирі, экономист, бас бухгалтер болып қызмет атқарған.
1992-1996 жылдары Алматы қаласында «Шанышқылы-Бек» ЖШС-нің бас директоры.
1996-2000 жылдары Алматы қаласының «Сорбұлақ» насосты станциясының басқарма бастығының орынбасары және бастығы болып қызмет атқарған.
2000 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында Астана қаласының «Казахойл-Продактс» ЖШС-нің Менеджері.
2000-2002 жылдары Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығының маманы, Архив бөлімінің бастығы.
2002-2003 жылдары Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары, әкімшісі болып қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары Астана қаласының «Недвижимость» ЖШС-нің директоры.
2004-2005 жылдары Астана қаласының «Квартирное бюро» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бөлімінің бастығы.
2005-2007 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің орынбасары.
2008-2010 жылдары Алматы облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.
2010-2011 жылдары Талдықорған қаласының «Жастар» Спорт сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.
2011-2012 жылдары Астана қаласының «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» Акционерлік Қоғамының атқарушы директоры.
2013-2014 жылдары Алматы облысы, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары.
2014-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Үйленген, екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде. |