Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Тараз қаласының әкімі
Нұржігітов Н.М.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбек М. А.
Меркі ауданының әкімі
Мәдібек Қ. Қ.
Сарысу ауданының әкімі
Ергебеков Н.Ә.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Садырқұлов Е. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Алдамжаров Н.Ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Аралбекова Қ.Ә.
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы –Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы
Абдралиев Ф.Ү.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Шалдаров Ж.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Исаева Р.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Нұрымбетов Т.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Досанов Д. І.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы у. а.
Нарбаев Б.Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Көпбосынов Б.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нығмашев Б. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Акбердиев Е.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшы міндетін уақытша атқарушы
Жүнісбеков Н.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Жамбыл әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Бейсенкулов Д.И.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

№ 9236

Акжол
Блог авторы: Бейсенкулов Д.И.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Жамбыл облысы әкімінің ішкі саясат басқармасының бпсшысы Дауыл Бейсенқұловқа Құрметті Дауыл Ынтықбайұлы! Біз, облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы, Сізге редакцияның директор-бас редактор қызметін атқарып жүрген Көсемәлі Сәттібайұлына қатысты көптеген мәселемен қайырылуымызға тура келді. Ол басшылық құзыретін пайдаланып, лауазымына сай келмейтін қоғамдық тәртіп бұзушылықтардан бөлек, ұжымға да қысастықтар жасауда. Сонымен қатар, редакция қаражатын өз мүддесіне оңды-солды пайдалануда. Сөзімізді нақты мысалдармен жалғасақ. 1. Көсемәлі Сәттібайұлы облыстың бас басылымының басшысы бола тұра, Фейсбуктағы жеке парақшасына мынадай жазба жариялады: «Ит үреді, керуен көшеді. Осы уақытқа дейін қанша күшік үріп, қаншама ит қаппады дейсің. Ішінде жүні жидіп түсіп қалғандары да, құйрығын бұтының арасына қысып алатын «қораға тышарлары» да, шәуілдеген кәндендері де, әр төбетпен бір жанасып күн көретін қыңсылаған қаншықтары да бар... «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты»! Қайран, Абай, айтудайын айтып кетіпсің ғой». Ол осылайша өзіне әбден қарсы қойып біткен ұжымына тіл тигізіп отыр. 2. Өткен жұмада Тараз жас ақындары «Авангард» деген кеш өткізді. Сол кешті әлеуметтік желіде жарнамалаған бір топ жастардың жазбасына жоқ жерден ши шығарып, негативті пікір айтып, жастармен салғыласқан Көсемәлі Сәттібайұлы «Ақ жол» газетінің журналисінің газетке ұсынған сол кешке қатысты материалын шимай-шатпағын шығарып, өзіне дәйекті жауап айтқан жастардың есімдерін мақаладан сызып тастап, біраз адамның аттарын көрсетпеуге тырысты. 3. Жалпы ұжымдағы психологиялық ахуал қиын. Оған қарсылық білдіріп ұжымның барлық мүшелері қол қойып облыстың бұрынғы әкімінен араша сұрап арыз да жазған. Бірақ 4-5 айда сот арқылы жеңіп, орнына қайта келген соң, көпшілігі шағым жасаудан да қорқып қалған. Сол арызда жалпы ұжым қарсы болған қызметкердің бірі жақында қайтадан өз орынына келді. Көсемәлі Сәттібайұлы оны жиналыста «Бұл облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктайдың тағайындауымен орынбасарлық қызметке келіп отыр» деп айтты. Білдей бір бас редактордың бұл сөзінің өзі қате! 4. Жалпы ұжым қазір екіге жарылып отыр. Оның жақтастары үнемі мадақ, мақтау естиді. Ал өзіне ұнамайтындардың әр ісінен ілік іздеп, журналистердің жүйкесіне тиіп отырады. Сондай бір іс-әрекеттің құрбаны болған декреттік орынға уақытша тілші болып қабылданған Есен Өтеулиев. Оны жұмыстан кетіру үшін Қарлығаш Есбергенованы мерзімінен бұрын жұмысқа қайта шақыртып, Өтеулиевті өз еркімен кетуіне мәжбүр етті. Ал араға бір ай салып, Есбергенова қайта декреттік демалысын жалғастыруға өтініш берді. Сөйтіп өзіне көңілі жақындарына айтып жүретіндей (кіші жүздерден құтыла алмай жүрмін) "бір кіші жүзден құтылды". Оның орнына республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, жерлесі әрі руласы Ерман Әбдиевті жұмысқа алды. 5. Өзін мақтап қолпаштамағандарды кабинетіне шақырып, «мені қолдамағандар өздері қаңғырып қалады» деп үстелінің үстіне файлға салып қойып қойған белгісіз графикада жазылған дұға ма, сүре ма әйтеуір соған қарап маңғазданады. «Мені ешкім кетіре алмайды» деп айтатын кездері де бар. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғанда «өз адамымыз келді» деп күпінді. 6. Редакцияға өткен жылдың соңында келген аудиторлық тексеріс нәтижесін қарауыңызды сұраймыз. Онда жарнамадан түскен қаражаттан бақандай 1 миллион 8 жүз мың теңге кем шығып, оған редакцияның жарнама менеджері Жүрсінгүл Жақып кінәлі деп танылып, әлгі сумманы қалтасынан құйды. Осы қаражатта Көсемәлінің де үлесі болса керек, ол Жүрсінгүлді жұмыстан босата алмады. Бірақ, сөгіс беріп, қызметін төмендетті. Ал заң бойынша екі жаза қатар қолданылмауы тиіс еді. Осы жерде айта кетерлігі, осы тексеріс нәтижесінде Көсемәлінің редакция қаражатына өзіне бағасы 3 жүз мың теңге тұратын «Айфон» ұялы телефонын және одан да қымбат ноутбук алдырғаны анықталды. Кейін телефонды қайта өткізіп, ақшасын құйды. Алайда, оған сөгіс те берілген жоқ, қызметі де төмендемеді. 7. Көсемәлі жақында ғана еңбек демалысынан оралды. Ол үйінде болған отыз күннің бірінде де қызметтік көлігін редакцияға берген жоқ. Қаланың ішінде өзінің жеке жұмыстарына мініп жүргенін бірнеше рет көрдік. 8. Редакцияның екінші қызметтік көлігін жақында тағайындаған орынбасары мінеді. Ол ескі көлік болғандықтан, жиі «бұзылатыны» бар. Ал оны бір мәрте жөндеуге редакциядан 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады. Ал 4 миллион теңгеге салоннан жаңа көлік алуға болатынын ескерсек, мұның да астарында сыбайластық барын аңғарамыз. 9. Жақында Көсемәлі қызметтік көлігін алкагольдік ішімдік ішіп басқарып, түннің бір уақытында жол полициясының құрығына түскені бар. Ол қиындықтан да Сіздің кеңесшіңіз Біржан Сөктай құтқарып қалған көрінеді. 10. Осы жазда Көсемәлі Сәттібайұлы 60 жасқа толып, той жасады. Өзінің тойында төбелес шығарып, қырғын салғанын да көзімізбен көрдік. «Билік немесе ағайын-туыс машина мінгізбеді» деп мас болып айғайлап жүргенін көрдік. Ал бұл оның лауазымына сай әрекеттер емесі айдан анық емес пе? 11. Директор-бас редактор Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына зәулім үйін, ауласын фото, видеоға түсіріп, мақтанып салды. Лауазымды тұлғаның бұлай мақтануы да қызметтік этикаға жата ма? Бұл мақтанышынан редакцияның 12 млн. ақшасы осы зәулім үйді тұрғызуға кеттіме деген ой туындайды. Осы ақшаның есебі әлі табылмады. Осыны дұрыстап тексерсе бәрі шығар еді. Қашанғы ақшамен жаба береді. 12. Жақында облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызының төрағалығымен өткен жиында Көсемәлі Жамбылдың жаңа ескерткішіне қатысты теріс пікірін айтқан болатын. Сол жиынның хаттамасын алдырып, қайта қарауыңызды да сұраймыз. 13. Көсемәлі іссапарға жиі шығады. Оның ішінде өз жұмысымен басқа ауданға немесе қалаға баратын болса да, редакция қаражатымен, көлігімен барады. Осыны да тексерсеңіз екен. Құрметті, Дауыл Ынтықбайұлы! Көсемәлінің қызметін асыра пайдалану әрекеттері редакция ұжымының әбден қитығына тиіп бітті. Қит етсе, айқайлап, дауыс көтеріп, басынатыны әбден шаршатты. Редакция ішін бір- бірімен шағыстырып, бір-біріне айдап салып отырады. Біздің шағымымызға құлақ асып, Көсемәлі Сәттібайұлыдан құтқаруыңызды сұраймыз. Облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы! (Хат астына қол қоймауымыздың себебі, осы уақытқа дейін Көсемәлі Сәттібайұлының үстінен жазылған көптеген арыз-шағымдардың ешқайсысынан нәтиже шықпады. Алайда, «Ақ жолдың» ұжымы арызқой» деген ат қалыптасты. Сондықтан үнімізді осылай жеткізуді жөн таптық. Тізімдегі айтылғандарды тікелей өз қадағалауыңызбен тексеріп, әділ шешім шығаруыңызды сұраймыз).
26 Тамыз 2019 Жыл · 257 көріп шығулар · Жауаптар 0

№ 9235

Акжол
Блог авторы: Бейсенкулов Д.И.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке Құрметті Асқар Исабекұлы! Біз, облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы, Сізге редакцияның директор-бас редактор қызметін атқарып жүрген Көсемәлі Сәттібайұлына қатысты көптеген мәселемен қайырылуымызға тура келді. Ол басшылық құзыретін пайдаланып, лауазымына сай келмейтін қоғамдық тәртіп бұзушылықтардан бөлек, ұжымға да қысастықтар жасауда. Сонымен қатар, редакция қаражатын өз мүддесіне оңды-солды пайдалануда. Сөзімізді нақты мысалдармен жалғасақ. 1. Көсемәлі Сәттібайұлы облыстың бас басылымының басшысы бола тұра, Фейсбуктағы жеке парақшасына мынадай жазба жариялады: «Ит үреді, керуен көшеді. Осы уақытқа дейін қанша күшік үріп, қаншама ит қаппады дейсің. Ішінде жүні жидіп түсіп қалғандары да, құйрығын бұтының арасына қысып алатын «қораға тышарлары» да, шәуілдеген кәндендері де, әр төбетпен бір жанасып күн көретін қыңсылаған қаншықтары да бар... «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты»! Қайран, Абай, айтудайын айтып кетіпсің ғой». Ол осылайша өзіне әбден қарсы қойып біткен ұжымына тіл тигізіп отыр. 2. Өткен жұмада Тараз жас ақындары «Авангард» деген кеш өткізді. Сол кешті әлеуметтік желіде жарнамалаған бір топ жастардың жазбасына жоқ жерден ши шығарып, негативті пікір айтып, жастармен салғыласқан Көсемәлі Сәттібайұлы «Ақ жол» газетінің журналисінің газетке ұсынған сол кешке қатысты материалын шимай-шатпағын шығарып, өзіне дәйекті жауап айтқан жастардың есімдерін мақаладан сызып тастап, біраз адамның аттарын көрсетпеуге тырысты. 3. Жалпы ұжымдағы психологиялық ахуал қиын. Оған қарсылық білдіріп ұжымның барлық мүшелері қол қойып облыстың бұрынғы әкімінен араша сұрап арыз да жазған. Бірақ 4-5 айда сот арқылы жеңіп, орнына қайта келген соң, көпшілігі шағым жасаудан да қорқып қалған. Сол арызда жалпы ұжым қарсы болған қызметкердің бірі жақында қайтадан өз орынына келді. Көсемәлі Сәттібайұлы оны жиналыста «Бұл облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктайдың тағайындауымен орынбасарлық қызметке келіп отыр» деп айтты. Білдей бір бас редактордың бұл сөзінің өзі қате! 4. Жалпы ұжым қазір екіге жарылып отыр. Оның жақтастары үнемі мадақ, мақтау естиді. Ал өзіне ұнамайтындардың әр ісінен ілік іздеп, журналистердің жүйкесіне тиіп отырады. Сондай бір іс-әрекеттің құрбаны болған декреттік орынға уақытша тілші болып қабылданған Есен Өтеулиев. Оны жұмыстан кетіру үшін Қарлығаш Есбергенованы мерзімінен бұрын жұмысқа қайта шақыртып, Өтеулиевті өз еркімен кетуіне мәжбүр етті. Ал араға бір ай салып, Есбергенова қайта декреттік демалысын жалғастыруға өтініш берді. Сөйтіп өзіне көңілі жақындарына айтып жүретіндей (кіші жүздерден құтыла алмай жүрмін) "бір кіші жүзден құтылды". Оның орнына республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, жерлесі әрі руласы Ерман Әбдиевті жұмысқа алды. 5. Өзін мақтап қолпаштамағандарды кабинетіне шақырып, «мені қолдамағандар өздері қаңғырып қалады» деп үстелінің үстіне файлға салып қойып қойған белгісіз графикада жазылған дұға ма, сүре ма әйтеуір соған қарап маңғазданады. «Мені ешкім кетіре алмайды» деп айтатын кездері де бар. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғанда «өз адамымыз келді» деп күпінді. 6. Редакцияға өткен жылдың соңында келген аудиторлық тексеріс нәтижесін қарауыңызды сұраймыз. Онда жарнамадан түскен қаражаттан бақандай 1 миллион 8 жүз мың теңге кем шығып, оған редакцияның жарнама менеджері Жүрсінгүл Жақып кінәлі деп танылып, әлгі сумманы қалтасынан құйды. Осы қаражатта Көсемәлінің де үлесі болса керек, ол Жүрсінгүлді жұмыстан босата алмады. Бірақ, сөгіс беріп, қызметін төмендетті. Ал заң бойынша екі жаза қатар қолданылмауы тиіс еді. Осы жерде айта кетерлігі, осы тексеріс нәтижесінде Көсемәлінің редакция қаражатына өзіне бағасы 3 жүз мың теңге тұратын «Айфон» ұялы телефонын және одан да қымбат ноутбук алдырғаны анықталды. Кейін телефонды қайта өткізіп, ақшасын құйды. Алайда, оған сөгіс те берілген жоқ, қызметі де төмендемеді. 7. Көсемәлі жақында ғана еңбек демалысынан оралды. Ол үйінде болған отыз күннің бірінде де қызметтік көлігін редакцияға берген жоқ. Қаланың ішінде өзінің жеке жұмыстарына мініп жүргенін бірнеше рет көрдік. 8. Редакцияның екінші қызметтік көлігін жақында тағайындаған орынбасары мінеді. Ол ескі көлік болғандықтан, жиі «бұзылатыны» бар. Ал оны бір мәрте жөндеуге редакциядан 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады. Ал 4 миллион теңгеге салоннан жаңа көлік алуға болатынын ескерсек, мұның да астарында сыбайластық барын аңғарамыз. 9. Жақында Көсемәлі қызметтік көлігін алкагольдік ішімдік ішіп басқарып, түннің бір уақытында жол полициясының құрығына түскені бар. Ол қиындықтан да Сіздің кеңесшіңіз Біржан Сөктай құтқарып қалған көрінеді. 10. Осы жазда Көсемәлі Сәттібайұлы 60 жасқа толып, той жасады. Өзінің тойында төбелес шығарып, қырғын салғанын да көзімізбен көрдік. «Билік немесе ағайын-туыс машина мінгізбеді» деп мас болып айғайлап жүргенін көрдік. Ал бұл оның лауазымына сай әрекеттер емесі айдан анық емес пе? 11. Директор-бас редактор Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына зәулім үйін, ауласын фото, видеоға түсіріп, мақтанып салды. Лауазымды тұлғаның бұлай мақтануы да қызметтік этикаға жата ма? Бұл мақтанышынан редакцияның 12 млн. ақшасы осы зәулім үйді тұрғызуға кеттіме деген ой туындайды. Осы ақшаның есебі әлі табылмады. Осыны дұрыстап тексерсе бәрі шығар еді. Қашанғы ақшамен жаба береді. 12. Жақында облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызының төрағалығымен өткен жиында Көсемәлі Жамбылдың жаңа ескерткішіне қатысты теріс пікірін айтқан болатын. Сол жиынның хаттамасын алдырып, қайта қарауыңызды да сұраймыз. 13. Көсемәлі іссапарға жиі шығады. Оның ішінде өз жұмысымен басқа ауданға немесе қалаға баратын болса да, редакция қаражатымен, көлігімен барады. Осыны да тексерсеңіз екен. Құрметті, Асқар Исабекұлы! Көсемәлінің қызметін асыра пайдалану әрекеттері редакция ұжымының әбден қитығына тиіп бітті. Қит етсе, айқайлап, дауыс көтеріп, басынатыны әбден шаршатты. Редакция ішін бір-бірімен шағыстырып, бір-біріне айдап салып отырады. Біздің шағымымызға құлақ асып, Көсемәлі Сәттібайұлыдан құтқаруыңызды сұраймыз. Облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы! (Хат астына қол қоймауымыздың себебі, осы уақытқа дейін Көсемәлі Сәттібайұлының үстінен жазылған көптеген арыз-шағымдардың ешқайсысынан нәтиже шықпады. Алайда, «Ақ жолдың» ұжымы арызқой» деген ат қалыптасты. Сондықтан үнімізді осылай жеткізуді жөн таптық. Тізімдегі айтылғандарды тікелей өз қадағалауыңызбен тексеріп, әділ шешім шығаруыңызды сұраймыз).
26 Тамыз 2019 Жыл · 242 көріп шыққандар · Жауаптар 0

№ 8386

Арман Маратұлы
Блог авторы: Бейсенкулов Д.И.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Қайырлы күн, Берік Уәлиұлы. Тараз қаласында болатын барлық мәдени шаралар жайлы хабарлап тұратын дереккөз-сайт қажет сияқты. Қай жерде және қай уақытта концерт, жиын, мәдени шаралар болатынын білмейміз. Алдын ала 1 ай бұрын көрсетіліп тұрса жақсы болар еді.
8 Қаңтар 2019 Жыл · 1062 көріп шыққандар · Жауаптар 1

№ 8215

Амантай
Блог авторы: Бейсенкулов Д.И.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП
Саламатсыз ба? Ағымдағы жылы облысымызда аналогты телевизия өшіп, сандық телевизияға көшірілетінінен хабардармыз. Осы шара бойынша облысымыздың қай елді мекендері сандық телевизиямен қамтылмақ?
4 Қараша 2018 Жыл · 1339 көріп шығулар · Жауаптар 1

№ 8159

Жайдар Кайратулы
Блог авторы: Бейсенкулов Д.И.
Санат: МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)
Саламатсыз ба Берик Уалиевич! Калыныз калай?! Өткенде Сіздің басқармаңызға қарасты мекемеде вакансия бар деп қарындасым естіп, резюмесін апарған болатын, алайда вакансия жоқ деп шығарып салды?! Қарындасым жұмыс іздеп жүр еді, көмектесесіз ба?!
9 Қазан 2018 Жыл · 1390 көріп шығулар · Жауаптар 1
басы ... <-алдынғысы  1  2 3 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы

Бейсенкулов Дауыл Интыкбаевич 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «Инженер-механик», 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
1998-1999 жылдар аралығында Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы, 1999 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас маманы, 2000-2003 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2003-2005 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімияты ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2011-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2019 жылдың 4 мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы.


Соңғы сұрақтар
Акжол
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімінің ішкі саясат басқармасының бпсшысы Дауыл Бейсенқұловқа Құрметті Дауыл Ынтықбайұлы! Біз, облыстық «Ақ жол» ...
Акжол
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке Құрметті Асқар Исабекұлы! Біз, облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы, Сізге редакцияның ...
Арман Маратұлы
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Қайырлы күн, Берік Уәлиұлы. Тараз қаласында болатын барлық мәдени шаралар жайлы хабарлап тұратын дереккөз-сайт қажет сияқты. Қай жерде ...
Амантай
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Саламатсыз ба? Ағымдағы жылы облысымызда аналогты телевизия өшіп, сандық телевизияға көшірілетінінен хабардармыз. Осы шара бойынша ...
Жайдар Кайратулы
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Саламатсыз ба Берик Уалиевич! Калыныз калай?! Өткенде Сіздің басқармаңызға қарасты мекемеде вакансия бар деп қарындасым естіп, ...
Нұрболат Ерболатұлы
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Құрметті Кәрім Насбекұлы! Қазір заманауи технологияның, сандық жүйенің, инновациялық жобалардың уақыты. Оны Елбасымыз да үнемі айтып ...
Марат
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Тараз қаласының ұстаздарына Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұстаздарға неге премия берілмейді жатыр. Барлық облыстар алып қойды. ...
Динара
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Будьте добры подсказать какие будут программы празднования молодежи 550 летия Казахского ...
Ануарбеков А.
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар Шу, Мойынқұм аудандарында өткізіледі ма жоқ әлде тек Тараз қаласында ...
Арман
Сұрақ: Бейсенкулов Д.И.
Здравствуйте! Сайт Таразского Отдела (Управления) образования или Управления образования по Жамбыльской области (не знаю как правильно) - ...