Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Көкрекбаев К.Н.
Жамбыл облысының әкімі
Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Көшербаев Е. Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Бердияров Оспан Ағабекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Әмірханов Ж.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Қайнарбеков Г.Т.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Қойбақов С. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Бейбитбек Шындалиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нұржігітов Н. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Нүркенов Б. Б.

Мойынқұм ауданының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою


Блог авторы: Нүркенов Б. Б.
Санат:
 
Медицина қызметкері күнімен құттықтауы
Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өмірде «ұлы» аталатын екі мамандық бар. Бірі - ұстаз, енді бірі - дәрігер мамандығы. Атамыз қазақта «Бірінші байлық- денсаулық» деп бекер айтпаса керек-ті. Жан жылуы мен аялы алақан, жүрек мейірімділігі мен адамға деген ілтипат өмірдің өзегі болып қала бермек. «Медицина - ғылым атаулының асылы»-деп Гиппократ қалай тауып айтқан. Адамның ақаусыз денсаулығы қоғамның тірегі, байлығы. Ал бай қоғам -жарқын болашақ екені даусыз.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер санасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамысз етуде маңызды үлес болады» деп баса көрсеткен.
Елбасымыздың халыққа Жолдауының жүзеге асуы мен халықтың денсаулығын жақсарту Сіздерге тікелей байланысты. Сондықтан Сіздердің биік парасаттарыңыз бен асқан-іскерліктеріңіз, жоғары біліктіліктеріңіз қоғам үшін аса маңызды.
Сіздерге аудан тұрғындары атынан шексіз алғысымды жеткізе отырып, қуатты өмір, еңбектеріңізге толайым табыс, отбастарыңызға береке-байлық тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ желеңді аялы алақан иелері!

 

 
 
Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтауы
 
Қымбатты мойынқұмдықтар! Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Жеңіс күнін сыйлаған жаужүрек жауынгерлер!
Баршаңызды жарқын да тарихи мереке-Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекелердің құны өте жоғары. Жүрегі туған жер, Отан деп соққан, рухы биік жауынгерлеріміз бен тыл еңбеккерлері елін, жерін қорғауға бір тамшы қанын аямай, тек елімізді ғана емес, бүкіл әлемді фашистік басқыншылықтан сақтап қалды. Осы орайда, біздің мойынқұмдықтардың да Отан алдындағы борышын өтеудегі табанды қайсарлықтарының өскелең ұрпаққа өнеге екендігін мақтанышпен айта аламыз.
1992 жылдың 7 мамырында Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрылғалы бері әскеріміздің ел қорғаны болып келе жетқанына 21 жыл болды. Біздің елімізде Отанды қорғаушылар күні мемлекеттік мереке ретінде биыл алғаш рет аталып өткелі отыр. Осыған байланысты биылғы мереке күні Қордай ауданындағы «Мәтібұлақ» полигонында жауынгерлік парад өтеді. Осы жолғы жауынгерлік парадтың өзіндік бірқатар ерекшеліктері болады. Ол тек Қарулы Күштер жауынгерлерінің кәсібилігін ғана көрсетіп қоймайды. Қазіргі заманғы қаруларды және әскери техникаларды қолданудың шынайы үлгісін көрсету-жауынгерлік парад мақсатының бірі.
Біздер бүгінгі ұрпақ, аға буын өкілдерінің өшпес өнегелі ерлік ісін ұмытпаймыз. Туған елінің тәуелсіздік алып, көк байрағын желбіреткен бақытты шағын көре алмай, кескілескен майданда бақилық болған жерлес боздақтарымыздың және өмірден өткен ардагерлеріміздің рухтарына тағзым етіп, басымызды иеміз. Олардың ерен ерліктері тарих бетінен берік орын алып, халық жадында мәңгі қала береді.
Ардақты ардагерлер! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілеймін. Аспандарыңыз әрдайым ашық болып, бейбіт өміріміз берекеге тола берсін.
 
 
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы
 
Құрметті мойынқұмдықтар!
Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл –береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мереке. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып, керегеміз кеңейген 21 жылдан бері еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы үйлесімділік тұрақты сипат алды. Сонау Жәнібек пен Керей хандардан басталып, Алаш арыстарына дейін аңсаған тәуелсіздік туының биік тұғыры жыл санап нығая түсуде. Бүгінгі таңда әлем қауымдастығы алдында еліміздің беделі биіктей түсті. 1996 жылдан бастап Елбасымыздың Жарлығымен 1 мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні ретінде аталып келеді.
Бұл мейрамның елімізде алар орны ерекше. Себебі, 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», тәуелсіздігіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Бұл тонның ішкі бауындай татулықта тұрып жатқан Қазақстан халықтарының бірлігінің көрінісі.
Қадірлі жерлестер! Ата-бабаларымыздың біздерге аманат етіп қалдырған мұрасының бірі-ел татулығын, бірлігін қастерлеп, Отанымыздың көркеюіне барынша үлес қосу бас-ты парызымыз. Қоғамдағы саяси және экономикалық міндеттердің барлығын шешу-Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігінсіз мүмкін емес екені белгілі.
Лайым, осының бәрі мәңгілік болып, отауларыңызға құт дарысын, еңбектеріңіз жемісті болып, отбастарыңызға береке қонсын!
Мереке құтты болсын! 
 
 
Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтауы
 
 
Қымбатты аналар, аяулы қыз-келіншектер! Сіздерді көгілдір көктеммен ілесе келетін 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құт-тықтаймыз!
 
Жер бетіндегі адамзат баласына әлемнің жарығын сыйлаған әйелдер күнінің көктеммен бірге басталуының терең мағынасы бар. Бүгінде қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық саяси, рухани және басқа да салаларында жүзеге асырылып жатқан өміршең өзгерістерге белсене араласып, тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына өзіндік үлестерін қосып келді. Олар әрбір шаңырақтың отын маздатып, қана қоймай береке мен бірліктің тірегі болуда.
 
Бұл мерекені барлығымызда асыға күтеміз. Себебі, ол адамзаттың әдемі бөлігі - әйел аналардың мерейлі мерекесі. Әйел-ана бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербейді. Сондықтан да оларға деген құрмет-сыйымыз үнемі толастамайды.
 
Әйел заты жылы шуаққа, махаббатқа, мейірімге әбден лайық. Себебі өмірдің бастауы, мерекесі, берекесі де соларда. Әдеміліктің де, әсемдіктің де негізі аналар.
 
Әрдайым айналамызға, маңайымызға жылуын беріп, нұрын шашатын, әр отбасының алтын діңгегі қанша қадірлесекте артық емес. Бар жақсылық аналарға жасалуы керек.
Қымбатты аудан әйелдері, мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізге тек бақыт, бақ, береке, мереке тілеймін! Шаңырақтарыңыз үнемі шаттыққа толып, жарқырап, жайнап тұра берсін.
 
 
Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы
Құрметті мойынқұмдықтар, ардақты ағайын!
 Сіздерді жаңа 2013 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Иә, тағы да үлкен бел-белестен өтіп, шын ниет, шынайы көңілмен жаңа жылды қарсы алып отырмыз!
Ендеше табылдырығымыздан аттап, есігімізден ентелеп еніп отырған 2013 жылға «Қош келдің!» деген ақжарма тілегімді айтамын. Бұл жылда Тәуелсіз мемлекетімізге, Егеменді елімізге бақ-береке, мереке,  байлық,  бақыт әкелсін дейміз.
Өткен жыл бүкіл республикамыз үшін оның ішінде ауданымыз үшін де жаман болған жоқ. Мемлекетіміздің экономикасы дамыды. Әлеуметтік сала алға басты. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Атап айтарымыз, бұл ел игілігін ойлаған Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың арқасы. 2012 жылда тарихқа айналып барады. Ақиқатына келсек, оған еш өкпе жоқ.
Егемен еліміз тағы да үлкен белеске көтеріліп, өнді, өсті, өркендеді, нығайды, нықталды. Ендеше бәріміздің ендігі міндетіміз - осы алға басудың жақсы жалғаса беруіне үлесімізді қосу болса керек.
Жаңа жыл құтты болсын, қадірлі ағайын! Әрбіріміздің отбасымызда қуаныш, шаттық бола берсін!

  

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А У 

 
Құрметті аудан тұрғындары!
Еліміздің Тәуелсіздігіне, міне, жиырма жылдан астам уақыт та өтіп барады. Осы жылдардың ішінде мемлекетіміздің тұғыры биіктен көрініп, даңқымыз асқақтап тәуелсіз ел ретінде әлемге танылып, туымыз биікте самғап келеді. Мұның бәрі еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ақиқатты, сарабдал саясатының нәтижесі деп білеміз. Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, зайырлы және бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде қалыптасуы еліміздің тұңғыш Президентінің тұлғасымен ажырамас байланыста.
Тарих беттеріне жүгінсек, Н.Назарбаев 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы, 1999 жылдың 10 қаңтарындағы, 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы, 2011 жылдың 3 сәуіріндегі жалпыхалықтық сайлауларда сайлаушылардың басым дауысын алып, ел Президенті болып сайланды. Ал 1995 жылдың 29 сәуірінде өткен тағы бір жалпыхалықтық референдумнан соң Елбасымыздың өкілеттілігі  2000 жылға дейін ұзартылды.
Мінеки, осы сайлаулардың барлығында Елбасымыздың жинаған дауыстары басқа үміткерлерге қарағанда басым болуы – халықтың ұлт көшбасшысына деген нық сенімінің айғағы болғанын көрсетті. Өткені, Елбасымыз мемлекетімізді ауыр экономикалық дағдарыстардан алып өтіп, азаматтардың тең құқықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етті, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрды. Мемлекеттік құрылыс, әлеуметтік-экономикалық – экономикалық дамудағы қазіргі Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы еліміздің ұстанымдарының нығаюы – Елбасымыздың халқы алдындағы ерен еңбегінің жемісі деп білеміз.
Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы – сыртқы саясаттағы беделі, абыройы биіктен көрінген, халық алдында аса зор құрмет пен ілтипатқа ие тұлға. Осыған орай, алдымызда келе жатқан ортақ мереке – 1 -желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні құтты болсын дегім келеді. Елбасымыздың абыройы мен көптеген жылдар бойы халқы үшін сіңірген еңбегінің арқасында еліміз гүлденіп, даңқы көкке шарықтай берсін!
 
18 Маусым 2013 Жыл · 2431 көріп шығу · пікір жазылған 0
АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Блог авторы: Нүркенов Б. Б.
Санат: БІЛІМ

 Құрметті ұстаздар! Қадірлі оқушылар, ата-аналар! Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қоңыр күздің алғашқы арайлы ақ таңымен ілесіп келетін, халықтық қуанышқа айналған бұл күн бәріміз асыға күтетін мерекеге айналды.

Елімізде жас жеткіншек-тердің мектеп қабырғасынан жан-жақты терең білім алып, тәрбиелі әрі мәдениетті азаматтар болып шығуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ұлт болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі - ұстаз қолында. Сапалы білім беру, жақсыдан үйрену, жаңалыққа құштар болу үнемі жақсартуды, заман талабына сай алға қадам басуды қажет етеді.
Сондықтан да игі істермен, жаңа идеялармен еңбек ету  - білім сапасын жақсартуға қол жеткізеді.
Халық «Білімдінің жолы ашық» дейді. Біз ұрпақ тәрбие-сінде осы қағиданы барлық кезде де жоғары қоямыз.
Барша мұғалімдерді Білім күнімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен игіліктер тілеймін.
17 Қараша 2012 Жыл · 2720 көріп шығулар · пікір жазылған 0
АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Блог авторы: Нүркенов Б. Б.
Санат: СПОРТ

 Құрметті аудан спортшылары!

Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің егемен елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыруға да үлкен көңіл бөлінеді. Оған барлық қалалар мен ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін стадиондар, спорт алаңдары дәлел бола алады. Сондай-ақ спорт мектептері мен жалпы білім беретін мектептердегі әр түрлі спорт секцияларында жүздеген оқушыларымыз өздері таңдаған спорт түрімен айналысуда. Олардың қол жеткен жетістіктері де бар.
Аудан орталығындағы жасанды шағын футбол алаңы жастардың  жиі бас қосатын жерлеріне айналып отыр. Алдағы уақытта тағы осындай спорт алаңдарын ауылдық жерлерде соғу жоспарда бар.
Күні кеше ғана Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ Жазғы Олимпиада ойындары мәреге жетті. Міне осы айтулы додада біздің спортшыларымыз 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды иеленіп, командалық есепте 12 орынға қол жеткізді. Велошабандоз А.Винокуров, зілтемірші З.Чиншанло, М.Манеза, С.Подобедова, И.Ильин, жеңіл атлет О.Рыпакова, боксшы С.Сәпиев, Ә.Ниязымбетов, И.Дычко, М.Вольнова, палуан А.Таңатаров, Д.Гаджиев, Г.Манюрова тәрізді саңлақ спортшыларымыз жүлделі орындарды иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Міне осынау спортшыларды қолдаған жанкүйерлер арасында мойынқұмдықтар да болды.
Спортпен айналысқандардың денсаулығы мықты, бойы сергек болады. Ал ондай адамдардан қоғамға көп пайда келетіні сөзсіз. Ендеше, дене тәрбиесі мен спорт бәріміздің де жансерігіміз болсын!
Құрметті аудан спортшылары, Сіздерге зор денсаулық, спорттық жетістіктер тілеймін!
17 Қараша 2012 Жыл · 2582 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы  1  келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Мойынқұм ауданының әкімі

Нүркенов Бахытжан Балтабекұлы 1960 жылы 18 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданы Ленинское селосында дүниеге келген.

1967-1977 жылдары Шу ауданының Ленинское ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінде оқыған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ленин атындағы совхозда жұмысшы болған.

1978-1983 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқып инженер-гидротехник мамандығын алған. Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетін 1999 жылы сырттай құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

1983-1986 жылдары Шу ауданы «Чусовхозводстрой» тресті техникалық бөлімнің инженері, ПМК-47 мекемесінің шебері.

1986-1991 жылдары Шу ауданы Ленин атындағы совхозда инженер-гидротехник, комсомол комитетінің хатшысы, Шу аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1991-1992 жылдары Шу аудандық партия комитетінің партия ұйымдастырушысы, Ленин атындағы совхоздың инженер-гидротехнигі.

1992-1998 жылдары Шу ауданы әкімінің көмекшісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Шу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.

1998-2004 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары.

2004-2007 жылдары Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі.

2007-2013 жылдары Жамбыл облысы, Шу ауданы Шу қаласының әкімі, Шу ауданы әкімінің орынбасары.

2013 жылдың маусым айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.

2015 жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп отыр.


Соңғы сұрақтар
Marina. A
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Сәлеметсізбе аудан әкімі! Ауылда су жоқ болғанына 15 күннен асты. ...
Мақсат Серік
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Бахытжан Балтабекұлы ауданда мүйізді ірі қара малы жаппай қырылуда, бір үйден 3,4 бастан қырылып жатыр халық шарасыз. Мемлекеттен не ...
Мешіт жамағаты
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Ассаламу алейкум Бахытжан Балтабекұлы. Сізге АЛЛА разы болсын сіз келгелі ауданымыз бір-шама жөнге келіп, біраз жақсы игі істер ...
Марат
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Аудан басшысы амансызба! Мына Радай көпірі не болды бір движение жоққой. Екі жанын қазды Аспалы көпір жасаймыз деп сомен тоқтап қалды. ...
Мирный ауылының тұрғыны Жәнібек
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Бахытжан Балтабекұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Мирный ауылына су келетін құрылыс жұмыстары басталған. Водопроводтың жұмыстары ...
АягановатСауле
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Құрметті аудан әкімі!Меркі-Шу- Бурылбайтал тас жолы көлік жүруге мүлдем жарамсыз күйде. Қашан ...
Аманқұл Шыңғыс
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Бхытжан Балтабекұлы амансызба!Жақында өткен мемлекеттік қызметшілердің тапсырған тестілерінің қортындысын білсек болама? Өтпей ...
Архабаева Замзагуль
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Құрметті Бахытжан Балтабекұлы! Мен 2016 жылы жоғары оқуды тәмамдап келген жас маманмын. мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Үкіметтің ...
Серікұлы Мақсат
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Ассаламуалейкум құрметті Бахытжан Балтабекұлы! Аудан жастарының бір көкеиінде жүрген мәселені сізге жеткізсем деймін. Аудандық ...
Ахметова Нұруман Сабырқызы
Сұрақ: Нүркенов Б. Б.
Сәлематсыз ба әкім мырза?Мен кезінде өзім елге көп көмек берген кәсіпкер едім.Қайтейін,денсаулығым күрт нашарлап,енді өзім сізден көмек ...

При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Разработано: Агентство '5-й Элемент'