Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Әбдірайымов Ғ.Р.
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Р.С.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Нүркенов Б. Б.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Құрманғали Б.У.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Нұржігітов Н.М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Б.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мамажанов Б. С.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Қазанбасов Б. А.

Жамбыл ауданының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың аудан тұрғындарын "9 мамыр-Жеңіс күні" мемлекеттік мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

 

Ардақты аудан жұртшылығы!

        Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан болса, Ұлы Жеңіс - аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршаңызды бүгінгі Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бүгінгі мерекенің ел өмірінде алатын орны ерекше. Осыдан 73 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

 «Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз.    Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан осындай батыр ата-апаларымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халқы үшін жанын құрбан еткен жандар.  Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангерлердің есімдері ұмытылмай, олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақтың санасында мәңгі қалмақ.

Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша аталып өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

 

        Ардақты ағайын!

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.Ардагерлеріміздің жасаған ерліктері болашақ ұрпақ үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылар үшін жарқын үлгі болып қала бермек. Бүгінде ардагерлердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктері мен тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруде.Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

 

Құрметті көпшілік!       

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт пен отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!

5 Мамыр 2018 Жыл · 61 көріп шығу · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың аудан тұрғындарын "7 мамыр-Отан қорғаушы күні" мемлекеттік мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ


Құрметті Отан қорғаушылар, қымбатты көпшілік!

 

        7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.

Баршаңызды ел тыныштығын қорғауда қырағылық танытқан «Отан қорғаушы күніне» орайҚазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 26 жылдығымен және алдағы келе жатқан Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

        Бұл күн - бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап,өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше. «Отан қорғаушы» - қасиетті де құдіретті сөз.Кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз - Туған жерін, Отанын қорғау.

        Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері елімізде қыруар тірлік тиянақталды. Мемлекетіміздің шекарасы бекемделіп, әскеріміздің айбыны асқақтай түсті. Елімізді қорғайтын, шекарамызды мызғымастай ұстайтын өз әскерімізді құрдық. Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әскери техникалардың саны артып, сапасы жақсарды. Ел сенімін ақтаған сардарлар Отан алдындағы антына, бабалар аманатына адалдық танытып келеді. Отан қорғау туралы сөз қозғағанда, тарихқа зер салмау, күндей күркіреп өткен Ұлы Отан соғысын ұмыт қалдыру мүмкін емес.

 Әлемге алапат қасірет алып келген екінші дүниежүзілік соғыстың жаңғырығы жыл өткен сайын алыстағанымен, оның тарттырған азабы мәңгі жүректе. Ел басына күн туғанда «Кеңес Одағы» деген үлкен мемлекеттің миллиондаған халқымен бірге Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жан пида еткен боздақтарды жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету - біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Халқымыздың басына түскен 30-шы жылдардағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейіндегі үлгісін көрсетті. Ардагерлердің жанқиярлық ерлігінің арқасында Жеңіс туы желбіреді.

  Ал, осы жеңісті жақындатуға, туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, майдангерлерден қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен азаматтар да әркез құрметке лайық жандар.

Сан миллиондаған көкөрім боздақтардыңқанымен жеткен жеңіс күнін ұлықтап, бейбіт күнді көздің қарашығындай сақтау - біздің басты міндетіміз.

        Қымбатты жерлестер! Ел өміріндегі елеулі қос мерекеде баршаңызға бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздің іргесі берік, қорғанысы қуатты болсын!

 

 

 

5 Мамыр 2018 Жыл · 65 көріп шығулар · пікір жазылған 0

Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың

1 мамыр    Қазақстан халқының

бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

 

Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді көпшілік!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап 1 мамырды бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелеп келеміз. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.

Тұрақтылық - біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік - баға жетпес басты байлығымыз. Жаңару – келер күнге, кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз.

Бүгінде осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып отыр.

Елбасының бастамасымен дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі» екенін атап өтті.

Қоғамдағы ұлтаралық  келісім мен саяси тұрақтылық - ең әуелі Отанымыздың жан-жақты дамуы мен еліміздегі тыныштықтың кепілі. Бұл тұрғыда мемлекетімізді ортақ Отаны мен құтты мекеніне айналдырып отырған 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінде ауданымызда бір үйдің баласындай болып 30-дан аса ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Достық пен бірлікті ту етіп, аудан көлемінде әрекет ететін дүнген, түрік, күрді халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары Қазақстан халықтарының Ассамблеясы атты шаңырақтың астында жемісті жұмыстар атқарып келеді.

Құрметті жамбылдықтар!

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастап кеттік. Ендігі кезекте жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді. Ең бастысы достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық ағайын.

 

 

Қадірменді жерлестер!

Бейбіт ұранына үн қосқан біздің аудан жұртшылығы да бірлік мерекесін лайықты еңбек тартуларымен қарсы алып отыр. Бүгінде өңірімізде жүзі басқа болса да, жүрегі бір сан түрлі этникалық топтың өкілдері татулықтың үлгісін көрсетіп жүр. Баршаларыңыз бір кісідей бірігіп, елеулі еңбек етулеріңіздің арқасында  өңіріміздің өркені өсіп, бірлік пен берекенің тал бесігінде тербетіліп отыр. Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.  Баршаларыңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!

Халқымыздың береке-бірлігі арта берсін, ағайын.

2 Мамыр 2018 Жыл · 67 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

 

 

Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтауы

 

 

Ардақты аудан тұрғындары! Сіздерді сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңарудың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Бұл күн – тіршіліктің дәстүрлі құндылықтары аясында бәріміздің бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдіруіміздің нышаны. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтың сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, ынтымақ пен бірлікті, бейбітшілік пен түсіністікті ойлаған адам баласының жан-дүниесі жаңғыра түседі. 

Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз ресми мереке болып жарияланды. Содан бері бұл мейрам дәстүрлі түрде тойланып келеді. Тағдырдың талай соқпақтарынан сүрінбей өткен қазақ халқы Наурызды жыл басы деп санаған. Ендеше, егемен еліміздің есігінен енгелі тұрған айтулы мереке елімізге тек жақсылығымен келгей.

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болғалы тұр. Елбасының билік тармақтарын қайта бөлу мен халқына жолдаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы елімізге ерекше серпіліс бергені анық. Ал, төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтуі – еліміз үшін үлкен абырой.

Елімізбен бірге жыл сайын әлеуеті мен қуаты артып келе жатқан ауданымыздың ажары мен айбыны осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.

Құрметті аудан жұртшылығы! Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын! Наурыз әрбір отбасына құт-береке, молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

 

18 Наурыз 2017 Жыл · 794 көріп шыққандар · пікір жазылған 0
Аудан әкімі М.Т.Мұсаевтың жаңажылдық мерекеде құттықтау сөзі
Блог авторы: Қазанбасов Б. А.
Санат:

Аудан әкімі М.Т.Мұсаевтың

 жаңажылдық мерекеде

құттықтау сөзі

 

 

         Құрметті аудан жұртшылығы!

         Уақыт көші алға зымырап, тағы бір Жаңа жыл табалдырықтан аттағалы отыр. Бұл - өзімен бірге қашанда сән-салтанат пен шаттық, келешекке деген сенім мен үміт әкелетін мереке.

Міне, енді аз ғана уақыттан кейін 2015 жыл да тарих еншісіне енеді. Өзіндік айшықты ізін қалдырып, өтіп бара жатқан жылдың ауданымыз үшін де маңызы айрықша. Өткен жылдың жалпы аудан үшін биік табыстар мен жетістіктердің жылы болды десек артық айтпаймыз.       2015 жыл еліміз үшін атаулы мерекелерге толы болды.

Бүкіл жұрт болып бірігіп, Ұлы жеңістің жетпіс жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығын, Ата заңымыз Конституцияның жиырма жылдығын жоғары деңгейде өткіздік. Сонымен қатар «Қазақ хандығының 550 жылдығын» барша әлем елдері алдында абыроймен атап өттік. Осы мерекелердің өткізілуіне баршаңыздың сүбелі еңбектеріңіз бар. Осы орайда сіздерге егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін, сапалы атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін.  

Алдағы жылдың қандай болатындығы біздердің туған жерімізді гүлдендіруге деген ынта-жігерімізге байланысты. Табыс тек қана бірлескен белсенді жұмыс, қоғамдар мен биліктің барлық салаларының өзара үйлесімді әрекеті нәтижесінде мүмкін болады.

Аймақты дамыту үшін бізді алдағы жылы да асқаралы міндеттер күтіп тұр. Ауылшаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік, индустрияландырудың екінші бес жылдығы салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру халқымыздың әл-ауқатының деңгейін арттыруға ерекше серпін бермек. Осы тұста мына нәрсені ерекше атап өткім келеді, еліміздің әрбір тұрғынына лайықты жұмыс істеу мен өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттік билік орындарының негізгі басым жұмысы болып табылады. Біз сіздермен бірге өмірімізді бұдан да жақсарта алатынымызға сенім мол. Ол үшін, әрине, еңбектену қажет.

Қадірменді жерлестер!

Барлық жетістіктер мен табыстар – Сіздердің ынта-жігерлеріңіз бен еселі еңбектеріңіздің нәтижесі деп білемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, аудан әлеуетін арттырудағы игі істеріңізді жоғары бағалаймын.

         Сіздерді 2016 – Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

         Жаңа жыл да игілікті істерге толы болатынына және біздің үмітімізді ақтайтынына сенімдімін.

         Әрбір шаңыраққа шаттық, зор денсаулық, мол бақыт, жаңа табыс, бейбітшілік, келісім мен сүйіспеншілік, жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй тілеймін!

 

 

 

 

31 Желтоқсан 2015 Жыл · 1621 көріп шығу · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы  1  2 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Жамбыл ауданының әкімі

Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының инженер-технолог, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қаржы мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1981 жылы Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында слесарь болып бастаған.

1983-2001 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында үгітуші, аға үгітуші, ұнтақтаушы, цех бастығы, бөлімше меңгерушісі, цех бастығы, қосалқы шаруашылық меңгерушісі,

2001 – 2003 жылдары «Ақ бидай» АҚ-ның директоры;

2003 – 2008 жылдары «Зар –Замин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосалқы шаруашылық меңгерушісі;

2007 – 2008 жылдары Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты;

2008 – 2011 жылдары Аса ауылдық округінің әкімі;

2011 – 2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2013 – 2017 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2017 жылдың 4 тамызынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқаруда.

Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.



Соңғы сұрақтар
Максат Избасар
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Здравствуйте уважаемый Бакыт Алпысбаевич! Я являюсь жителем улицы Абраимова, села Бектобе, Жамбылского района, Жамбылской Области. Мое ...
Умаров Усен Ахназарович
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Уважаемый Бакыт Алпысбаевич! Общественный фонд "Народный бизнес" предлагает простое и быстрое решение проблем самозанятости и ...
Айсель
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Здравствуйте, уважаемый Аким!!! Я Мирханова Айсель, студентка первого курса университета КазНУ. Мне при поступлении обещали ...
Роза Кошманова
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі Б.А.Қазанбасов мырзаға Аса ауылының тұрғындарынан 2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Денсаулық ...
Токбергенов Орынбасар
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Құрметті! Мәден Тоқтарбайұлы, Мен Токбергенов Орынбасар Құмшағал 11- округінен өтінішімді білдіргім кеп отыр.Біз Тараз қаласының ...
Токбергенов Орынбасар
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Ассалаумағалейкум Мәден Төқтарбайұлы! Құмшағал11-аумағынан хабарласуымыз.Кезінде Жамбыл ауданына қарасты болатынбыз.2007-2008 жылдары ...
Шетбаев Нұркелді Мәдішерұлы
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Здраствуйте К, Я житель села Бектобе Жамбылского района Жамбылской области, По улице Жамбыла каждый день отключается электричество ...
Дастанбай аксакал.
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Уважаемый Маден Токтарбаевич! Когда будут устанавливать освещение улицы Караой в пос. Седовка Пригородного села? От имени жителей пос. ...
Дамира
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Құрметті Мәден Тоқтарбайұлы! Мен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса аулының Кемелбек Жүнісов көшесінің тұрғынымын. Біздің көшеде ...
Кулайша
Сұрақ: Қазанбасов Б. А.
Құрметті Мәден Тоқтарбайұлы! Мен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, 27 разъезд (Аса) ауылының басты мәселесі-ГАЗ. Біздің ауылға газды қашан ...