Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Сапарбаев Б. М.
Жамбыл облысының әкімі
Қарабалаев А.Д.
Тараз қаласының әкімі
Нұржігітов Н.М.
Байзақ ауданының әкімі
Дәулет Р.Р.
Қордай ауданының әкімі
Айтақов Ж.Ә.
Шу ауданының әкімі
АрубаевС.К.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбек М. А.
Меркі ауданының әкімі
Мәдібек Қ. Қ.
Сарысу ауданының әкімі
Ергебеков Н.Ә.
Жуалы ауданының әкімі
Қазанбасов Б.А
Талас ауданының әкімі
Садырқұлов Е. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Алдамжаров Н.Ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Бейсенкулов Д.И.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Аралбекова Қ.Ә.
Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы –Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы
Берікқожа С.Қ.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Шалдаров Ж.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы
Бекбатырова Ж.Е.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Исаева Р.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы
Нұрымбетов Т.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Досанов Д. І.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы у. а.
Досаев К.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Жамбыл облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы
Оразбеков А. Ұ.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы
Сариев Ж.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Көпбосынов Б.Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Нығмашев Б. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алиев Д.К.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Жүнісбеков Н.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Жамбыл әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

АрубаевС.К.

Жамбыл ауданының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

Жамбыл ауданының әкімі М.Мұсаевтың аудан жұртшылығын 16 желтоқсан ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығы мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат:

Жамбыл ауданының әкімі М.Мұсаевтың аудан жұртшылығын 16 желтоқсан

ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығы мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан жұртшылығы!

Баршаңызды ел өміріндегі орны бөлек Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – көпұлтты еліміздің халқы үшін ең ұлық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы әрқашан асыға күтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, жас Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Сол күннен бастап егемен еліміздің көгінде азаттықтың туы желбіреп, шаңырағымызға тәуелсіздіктің ақ құсының қонғанына биыл 24 жыл толып отыр. Дана хылқымыз да: «Өткенін білмей, болашақ болмас» - деген аталы сөз бар. Олай болса, тәуелсіздік басымыз бен бағымызға бірден қона қоймағандығын, оған жету үшін халқымыз талай тар жол, тайғақ кешулерден өткенін ұмытпауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген ойында бостандықтың босағасынан аттау жолындағы күрестің сан ғасырлық шерлі шежіресі көрініс тапқан. Татулығы мен бірлігі жарасқан қабырғалы қалың жұрт тәуелсіздік жылдары өсу мен өркендеудің өр белесін бағындырған телегей-теңіз тірліктер атқарып, сырғыған жылдар ағысымен тәуелсіздік деп аталатын тәтті ұғымның жетістіктері мен жемісін, жеңісі мен қуанышты сәттерін бірге көріп келе жатыр. Қазақстан осы жылдары дүрбелең дүниенің додасында қалып қоймай, түрлі дағдарысқа қарсы тұрып, біртұтас мемлекет, еркін ел екендігін айқын дәлелдеді. Ата Заңымыз халқымыздың бас құжатына айналды. Төл рәміздеріміз төрге шығып, ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Мемлекетіміздің мызғымас қорғаны – Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды. Ұлттың ұлы қасиеттерін айғақтайтын білімділік пен біліктілікке жол ашылды. Ғылым мен жаңа технологияны игеру басты мақсатымызға айналды. Сондықтан, дербес мемлекет ретінде өркендеу жолында нығайып келе жатқан Отанымызға үлкен мақтаныш сезіммен қарауымыз қажет. Қасиетті Тәуелсіздік ұғымы өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Бұл – біздің қасиетті борышымыз. Тәуелсіздік жылдары аясында Елбасының сарабдал саясаты мен парасатты пайымының арқасында жұлдызды сәттерге қол жеткіздік. Бүгінде мемлекетіміздің келешегін айқындаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы болашақтың сара жолында Тәуелсіздік танымына сергек қарап, оны нығайтудың басты бағыттарын белгілеп берді. Елбасының биылғы кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында жаңа жаһандық ахуалдағы мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Бұған дейін де талай сыннан сүрінбей өткен Қазақ елінің ендігі ұстанар бағыты мен жүрер жолы Елбасының жаңа Жолдауында жан-жақты көрсетіліп, халықты қиыншылыққа ұрындырмай, дағдарыс жағдайының өзінен пайда тауып, елдің әлеуметтік ахуалын арттырып, ел экономикасын ары қарай дамыту көзделген. Дамудың даңғыл жолына түскен барша қазақ елі үмітпен күтетін Жолдаудан бастау алған игі істердің жемісін біз көріп келеміз. Елдікті, бірлікті, өркениетті ту еткен халқын ерен еңбектерге жетелеген кемеңгер Көшбасшының биылғы Жолдауы да ауқымды істерге бастаған кезекті қадам десек қателеспейміз. «Қазақстан-2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы қарқынды іске асып отыр. Кемел келешекке айшықталған айқын жолдағы игілікті істердің шарапаты Жамбыл аудынына да жаңа леп берді. Тәуелсіздік жылдары елімізде үдемелі индустриалды-инновациялық, «Болашақ», «Бизнестің жол картасы –2020», «Дипломмен ауылға», «100 мектеп, 100 аурухана» секілді түрлі бағдарламалары жүйелі жүргізіліп, бүгінде өз нәтижесін беруде. Елдік пен егемендіктің символы болып Астанамыз бой көтеріп, әлем назарын ұланғайыр қазақ даласына аударды. Елбасының бекіткен «Саламатты Қазақстан» елдік бағдарламасы аясында сан-салалы жұмыстар жалғасын табуда. 2012-2014 жылдары арасында 250 адамдық аудандық емхана, Өрнек, Қызылқайнар, Жасөркен, Айшабибі, Тастөбе, Жамбыл ауылдарында замануи үлгідегі жаңа дәрігерлік амбулаториялары пайдалануға берілсе, биылғы жылы Конституциямыздың 20 жылдығына орай Жалпақтөбе ауылында 100 келушіге арналған емхананың ашылу салтанатының куәсі болдық. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы Білім күні мерекесіне орай Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылындағы 120 оқушыға арналған «Еңбек» мектебінің жаңа ғимараты, Ел Конституциясының 20 жылдығына орай Бесағаш ауылы «Абай» атындағы орта мектептің жанынан құрылған шағын орталығы және күні кеше ғана еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Жалпақтөбе ауылында 280 орындық «Болашақ» бөбекжайы балалардың қуанышына пайдалуға берілді. Алтын тамырымыз ауылдың әлеуеті әрдайым басты бағытымыз. Нәсібін кәсіптен тапқан ауылшаруашылық иегерлеріне еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бәсекелестікті өрістетуге бар қажыр-қайратымызды жұмсап, ойдағыдай орындауға ұмтылудамыз. Қазақстан мемлекеті мен халқы үшін биылғы жыл өте маңызды саяси тарихи оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздіктің арқасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» мен «Ата Заңымыздың 20 жылдығын», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығын», «Қазақ хандығының 550 жылдығын» жоғары дәрежеде атап өттік. Аталған мерекелік даталар еліміздің рухын көтеріп, бірлігін нығайтып, Қазақ елінің халықаралық қауымдастықтағы беделін арттырғаны сөзсіз. Бірлігі бекем ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы ұядай жарасқан өңірімізде 30-ға жуық өзге ұлт өкілдері тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуде. Достықтың мекені болған Қазақстан аймағында түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір ұлт пен ұлыс өкілдері Тәуелсізідіктің туын көтерді. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген даналық сөзді қанатына байлаған егемен елдің ертеңі айқын болмақ.

Қадірменді көпшілік!

Тәуелсіздіктің 24 жылында ауданымыздың барлық саласында қол жеткізген толағай табыстар мен жетістіктері, игілікті істері алдағы уақытта да жарасымды жалғасын таба бермек. Мемлекет басшысының өзі атап айтқандай: «Тәуелсіздік бізге той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін қажет». Күллі Алаш жұртының еткен еңбегін, тарих пен шежірені қастерлеп, ұрпақа ұлықтаған ұлы мереке баршаларыңызға жігер беріп, күш-қайратымызды еселей түспек. Егеменді, Елбасылы, Елордалы азат та озат ел болғанымызға тәубе етіп, болашағымызға бағалы еңбек пен жақсы жетістіктермен жетейік. Алдымызда атқарылар қыруар істер әлі де жетерлік. Өркениетті жолдағы өрелі істерді бағындырарда баршамыздың бір кісідей атсалысуымыз маңызды. Береке-бірлігіміздің кілті болған – тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұлтымыз ғұмырлы, еліміздің келбеті келісті, кемелі жеңісті болсын! Баршаңызға мықты денсаулық пен ырыс, бақ-береке тілеймін. Жанымыз аман, жұртымыз тыныш болғай!

15 Желтоқсан 2015 Жыл · 3129 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жамбыл ауданының әкімі М.Мұсаевтың 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

Жамбыл ауданының әкімі М.Мұсаевтың

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтауы

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күн Елбасына Қазақстан халқының жоғарғы сенімі, терең құрметі мен ардақ тұтуының айқын айғағы болып табылатын барлық қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Бұл мереке - тәуелсіздіктің қадірін түсінген, бағасын білген ел екеніміздің белгісі Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы, ақмаңдай асыл ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің тұңғыш президенті атанғаны белгілі.

Ел сенімін артқан Елбасы сол сәттен бастап мемлекет құру, өркениетті қатарына қосылу сияқты ұлы мақсаттарды жүзеге асырып келеді. Сол жылдардан бері сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасының еліне еткен еңбегі ерекше. Тәуелсіздігімізге тәубе еткен 24 жыл ішінде бағалы бастамалардың нәтижесінде қоғамымыз түбірімен қайта түлеп, қайта жаңғырды. Елдігіміздің абыройы асқақтай түсті. Елбасы нұсқаған нұрлы жолы, ақылы мен парасаты халық санасына сәуле құйды. Еліміз Елбасының арқасында жасампаздықтың ұясына айналды.

Тарлан тарихтың таралғысы – жол. Үзеңгісі – үміт. Тұрлаулы тарихымызда, тұңғиық шежіремізде халқымыз талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Кеңес Одағы тарағаннан кейін еліміздің экономикасы қиын жағдайға тап болып, халық күйзеліске ұшырады. Жұрт бойында ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болып, үрей биледі. Осындай қиын кезеңде елдікті, егемендікті сақтап қалу мен мемлекетті биік дәрежеде ұстап тұру Елбасыға жүктелді. Елі сенген Елбасы да “Азаттық жолы – азапты, тәуелсіздік жолы – тәуекел”, - деп алға қадам басты.

Осындай сындарлы шақта Нұрсұлтан Әбішұлы бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.

Бүгінде артымызда ғасырға бергісіз жылдар қалды. Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, жоспарларды аброймен жүзеге асырған жылдардың тәтті жемісін бүгінгі ұрпақ көруде. Шын мәнісінде де, Елбасының сара жолда ұстанған салмақты да салиқалы саясатының негізінде тұрақтылықтың туы тігілген Қазақстандағы атқарылып жатқан жемісті де жеңісті істерді ешкім де жоққа шығара алмайды.

Елбасы еліміздің бірлігін қамтамасыз етті, Конституцияны, республика азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғады. Тәуелсіздік жылдары оның дана басшылығымен еліміз ертеңгі күніне сеніммен қарай бастады. Бүгінде болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенімдіміз. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орныққан. Бұл біздің ең басты байлығымыз, оны әрбір қазақстандық мақтан тұтады.

Талай жыл ата-баба арманын ақиқатқа айналдырған Елбасының елі үшін жасаған жұмысы орасан. Сондықтан да, 1 желтоқсанды – Тұңғыш Президент күні деп бекіту Елбасымызға деген елінің шынайы ризашылығы мен шексіз құрметін білдірмек.

Мемлекет басшысының даналығы мен саяси көз қарасы одан бергі «тар жол, тайғақ кешу» жылдары еліміздің экономикалық дамуының дәйекті стратегиясын жасауға, күрделі реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Тіптен, бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың маңдайына ғана емес, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік, ынтымақ, тұрақтылықтың негізін қалаушы тұлға ретінде танылды.

Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - бүгінгі жас ұрпақ үшін де үлгі мен тағылымның мектебі болып табылады.

Алдағы уақытта да егеменді еліміз Елбасының маңызы ауқымды Жолдауларын негізге ала отырып, көш ілгері баса бермек.

Елбасы өз Жолдауында: «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биiктерiнiң ең басты себебi — бiрлiк- берекесi»,- деп атап көрсеттi.  Шын мәнiнде мемлекетiмiздiң қол жеткiзген жетiстiгi бiр шаңырақ астындағы ұлттар мен ұлыстардың ынтымағымен тығыз байланысты. Бiздiң барша табыстарымыздың кiлтi - елiмiздегi келiсiм мен тұрақтылықты бағалай бiлгенiмiз абзал. Бүгінгі мерекенің мәнін, Елбасының қамқорлығы мен жанашырлығын жүрекпен сезініп, біз де өз кезегімізде мемлекетімізге адал қызмет етіп, Отанымыздың өсіп-өркендуіне бар күш-қайратымызды жұмсауға тиістіміз.

Құрметті көпшілік!

Қай уақытта да ат үстінде жүріп, айбыны асқан азаматтарымыз жұртын жақсы жолға бастауымен бағаланған. Алыс күндерді бетке алып, қайраттана қозғалып келе жатқан қазыналы керуен - Қазақ елінің ұлы сапарының тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлының сүрлеуі салтанатты, мәртебесі мархабатты болсын!

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында арта берсін! Сіздерді баянды болашағымыздың биік тұғыры, дамуымыздың басты нышаны болып отырған мерейлі күн – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен» тағы да құттықтай отырып, аспанымыз ашық, халқымыз тату, болашағымыз баянды болсын демекпін! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін. Елбасымен бірге кемел келешекке қадам баса берейік!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

               

 

30 Қараша 2015 Жыл · 2708 көріп шығулар · пікір жазылған 0

Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат:


Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесінде құттықтау сөзі

 

 

Құрметті аудан жұртшылығы!

Қадірменді әлеумет!

Биыл Қазақстан халқының тікелей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Республика Конституциясына 20 жыл толып отыр. Сондықтан да баршаңызды 30 тамыз күнгі еліміздің басты құжаты - Конституция күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Конституция күні барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке. Себебі, Конституция - егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат.

Еліміздің дамуы мен гүлденуінің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздікпен егіз ұғым!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогресске қол жеткіздік. Халықаралық қауымдастық бүгінгі Қазақстанды кеңінен танылған белгілі аймақтық көшбасшы, құрметті әрі жауапкершілігі жоғары серіктестік ретінде қабылдайды»,- деп атап өткен болатын.

Біз кемел Конституцияны Тәуелсіздік арқылы қабылдадық. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың  аясында жүзеге асып келеді.

Біз тәуелсіздіктің арқасында ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы далада жаңа тұрпатты қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстырдық. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз еселеп артып, шуақты Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды. Арқаның төсінде азаттығымыздың асқақ нышаны болған әсем Астананы тұрғыздық. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып,  абыройымыз асқақтады.

         Ата Заңның «Мемлекеттің міндеті – адамдардың еңбек етіп, өмір сүруінің тиісті заңдық тетіктерін жасау, конституциялық құқықтарына кепілдік беру» деген ұстанымы егемен елдің азаматтарының болашаққа сенімін нықтап, Отан алдындағы жауапкершілігін арттырды.

         Еліміздің жаңа тарихында Қазақстанның Тәуелсіздігі ең басты ұлттық құндылық ретінде танылғанын мақтанышпен айта аламыз. Осы уақыт ішінде Ата Заңымыз коғам мен мемлекеттің басты құжаты ретінде кеңінен мойындалды, әлеуеті еселеніп өсті. Қазақстан Республикасының Конституциясы айбынды елдің азаттығының айғағына, Тәуелсіздігінің тірегіне, ел бірлігінің қайнар бастауына, еліміздің әрбір азаматының мақтанышы мен қорғанына айналды. 

Конституцияда жалпы адамзатқа да, ұлтқа да тән құндылықтар баянды етіліп, Қазақстан халқының ортақ тілегінен туындаған ерік-қалауы, оның интеллектуалдық әлеуеті мен халықаралық қоғамдастықтың негізгі стандарттары паш етілген.

Ата Заңымызды қабылдау арқылы Қазақстан бүкіләлемдік демократиялық қоғамға батыл еніп, қазіргі күні дүниежүзілік жаһандану үдерістерінің белсенді мүшесіне айналып отырғандығы баршамызға айғақ. Конституция ең алдымен көпұлтты Қазақстан азаматтарының өзара теңдігін қамтамасыз етіп, олардың мемлекет пен қоғамдағы алар орнын айқындады, міндеттері мен құқықтарын белгіледі.

Ұлтына, дініне, әлеуметтік тегіне қарамастан қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың теңдігі туралы қағида конституциялық тәртіптің діңгегі болып табылады.

Еліміздің көпұлтты тұрғындарының өзара түсіністігі, беріктігі, болашаққа деген нық сенімін қамтамасыз ете отыра Ата Заңымыз мемлекеттің экономикалық қуаттылығын іске асырумен қатар оның халықаралық сахнадағы лайықты орын алуының да қозғаушы күші болып отырғандығын бүгінгі күнгі Қазақстанның әлемдік бірлестіктегі лайықты орны дәлелдей түседі.

Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғары беделі - бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, Елбасы ұстанған бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылдығымыздың нәтижесі.

Конституция қабылданғаннан бері өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылады. Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды. Конституциямызға енгізілген өзгерістер нәтижесінде елімізде демократияның өрісі кеңейіп, президенттік-парламенттік басқару жүйесі өмірге келді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - мәслихаттың рөлі артты. Алғаш рет кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті мәслихат депутаттары арқылы сайланып, халықтың жергілікті жерлердегі маңызды мәселелерді дербес шешуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.

Қадірменді көпшілік!

Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата  Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек!

Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар!

Баршаңызды мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі – Конституцияның 20 жылдығымен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Шаңырағымыз шайқалмасын, керегеміз сөгілмесін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

30 Тамыз 2015 Жыл · 2590 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Жамбыл ауданының әкімі М.Т.Мұсавтың 6 шілде - Астана күніне арналған мерекелік құттықтауы
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат:

Жамбыл ауданының әкімі М.Т.Мұсавтың

 6 шілде - Астана күніне арналған мерекелік

құттықтауы

 

 

         Ардақты ағайын!

Қадірменді әлеумет!       

         Баршаңызды  киелі  тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы, республикамыздың бас қаласы – Елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Астана – ең алдымен азаматтығымыздың символы, мемлекетіміздің жаһан алдындағы жаңаруының нышаны, халқымыздың ғасырлар бойы арман-тілегінің шынайы болмысы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

Елорданың бүгінгі келбетінен – ұлтымыздың танымы мен талғамын, көпұлтты халқымыздың тоғысқан арман-тілектерін арқалаған жасампаз күш-қуатын көреміз.

Сұлулығы мен ажары, сәні мен салтанаты жастығына қарамастан әлемнің мыңжылдық тарихы бар астаналарымен қатар аталып, иықтас тұрған байтағымыз - Астана ел мерейінің асқақ шыңы. Өйткені, Астана азаттық алған еліміздің өз қалауы.

Тәуелсіздікке жаңадан тәу еткен ел үшін қысқа ғана уақыттың ішінде өз Елордасын тұрғызып, оны орасан деңгейге көтеру оңай емес. Бұл – ең бірінші қиын-қыстау кездерде басын дауға, ішін жауға алдырмаған халық бірлігінің нәтижесі.

Қазақстанның жаңа Астанасының іргетасын қалау идеясының бастамашысы болып табылатын  Елбасының көреген шешімінің оңдылығына бұл күнде уақыт-таразы, тарих – төреші.

Батыс пен Шығыс сәулет өнерінің өрнектерін ұлттық нақышымызбен үйлестіре отырып, құрылыс ғажайыптарының тың туындысын танытқан Елордамыз әлемдік сенім мен келісім, достық пен татулық ордасына айналуда.

Өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша ірі халықаралық кездесулердің Астанамызда өткізілуі осының дәлеліндей.

Жаңа астананың жұмылдырушы қуаты Қазақстанның барлық өңірлерінің мүлгіген әлеуетін оятып, Астанаға жақын қалаларды ғана емес, айтарлықтай алыс жатқандарын да қамтыған үдемелі даму толқынын таратып, кең ықпалын тигізуде. Осындай игі өзгерістер біздің аймаққа да тән.

 

Құрметті көпшілік! Биыл жер-жерлерде Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Ендігі кезекте Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығын салтанатты түрде атап өткелі отырмыз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол.

 

         Құрметті қауым! 

Осы салтанатты сәтте біз Астананың көп кешікпей әлемнің ең тартымды және бәсекеге қабілетті Елордаларының қатарына кіретініне сенімдімін. Әрбір ел азаматының жүрегіндегі мақтанышы, көзіндегі қуанышы – Астана болса, ендігі жерде осы мақтанышымызды одан әрі қарай өсіріп, әрі қарай өркендету – баршамыздың парызымыз деп ойлаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында «Біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!» деп ерекше атап өткеніндей, еліміздің ауызбіршілігі мен үйіміздегі татулық қана біздің жарқын дамуымыздың кепілі болмақ.

Баршаңызды тәуелсіз Отанымыздың жүрегі, елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сүйікті Астанамыздың абыройы асқақтап, әлемдік қоғамдастықта өз ұстанымын нығайта берсін! Отанымыздың жүрегі мәңгі соқсын! Астана күні құтты болсын ағайын!

 

 

2 Шілде 2015 Жыл · 2118 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті Жамбыл ауданы әкімі аппаратының сайтын пайдаланушылар!
Блог авторы: АрубаевС.К.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

Құрметті Жамбыл ауданы әкімі аппаратының сайтын пайдаланушылар!

         Жамбыл ауданы Жамбыл облысының батыс аумағында орналасқан, алаңы 431,8 мың шаршы метр. Ауданының әкімшілік-аумақтық бөлігіне 17 ауылдық округтер, 43 елді мекендер, аудан орталығы – Аса  ауылы. Аудан Қазақстан Республикасының өзіндік кіру карточкасы болып табылады. Өзге елмен шекаралас жатқан аудан мәртебесі басшылықты және тұрғындарды көпке міндет етеді. Бүгін ол күшті инфрақұрылыммен, қуатты кадрлық потенциалмен Жамбыл облысының экономикалық даму ауданы болып табылады.  Аумағымыз туралы жедел, объективті және нақты ақпарат алу үшін, біздің сайтымыз  қамтамасыз ететініне сенімдімін. Жемісті қарым-қатынысқа үміттенемін! Жұмыстарыңызда береке, табыс тілеймін!

7 Шілде 2014 Жыл · 3190 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы 1 2 3  4  келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Жамбыл ауданының әкімі

Арубаев Сәкен Қаланұлы 1976 жылы туылған, білімі жоғары.

М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 1998 жылы «жерге орналастыру инженері», 2006 жылы «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.

1999-2003 жылдары Жамбыл облыстық жер инспекциясының бас маманы, 2003-2004 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2013 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.


Соңғы сұрақтар
Амангелді
Сұрақ: АрубаевС.К.
Құрметті аудан әкімі Сәкен Қаланұлы! Мен Бектөбе ауылының Аңырақай көшесінде үй соғып жатырмын. Қазір үйіміздің іргетасын қаладым. ...
сатымбеков мирас
Сұрақ: АрубаевС.К.
саламатсызба акiм мырза. жана кызметiнiзге табыс тiлеимiз. бiздiн кала манындагы бектобе ауылы аныракаи кошесiнде жер телiмiмiз бар едi. ...
Нураділ
Сұрақ: АрубаевС.К.
Құрметті Қазанбасов.Б.А мырза сізге айтар дәт :Алматының іргесіндегі Жанбыл ауданына қарасты Қасымбек ауылының тұрғыны ұлты ...
дулат
Сұрақ: АрубаевС.К.
саламатсызба менiн бектобе ауылы аныракаи кошесiнде жер телiмiм бар едi сол жерден уи салмас бурын кызыл сызыктын(красная ...
Бахыт
Сұрақ: АрубаевС.К.
Саламатсызба құрметті әкім мырза! Менің сұрағым тұрғын-үй кезегінің жылжуы жөнінде. 2019 жылғы толық мәлімет беріңізші қай санат бойынша ...
Алтынай Төребекқызы
Сұрақ: АрубаевС.К.
Құрметті Бақыт Алпысбайұлы! Алдыңғы сұрағыма жауап бергеніңізге алғысымды білдіремін. Алайда, тікелей сұрағыма тікелей жауап ала ...
Алтынай Төребекқызы
Сұрақ: АрубаевС.К.
Қайырлы күн!Жамбыл ауданына қарасты Айша-бибі а.о. құрамына енетін "Квант" саяжайында қазіргі уақытта су құбырларын өткізу ...
Жанерке
Сұрақ: АрубаевС.К.
Здравствуйте, 5 августа 2019 года мы поставляли товар «гигиенические подгузники для взрослых» для организации КГУ «Отдел занятости и ...
Айдосова Перизат Ерегуловна
Сұрақ: АрубаевС.К.
Саламатсызба,қызым Ердалы Шынарды 19.05.2000жылы туылған,Алматы-Ресей медицина университетіндегі "Жалпы медицина" оқуын оқытуға ...
Амирова Еркежан Мажитқызы
Сұрақ: АрубаевС.К.
Саламатсыз ба, Бақыт Алпысбайұлы!Мен Еркежан Мажитқызы,Жуалы ауданының тұрғыны, 3 баласының анасымын.Елбасымыздың биылғы жылды ...