Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Блог-платформа
 
Авторлар тізімі
Мырзахметов А. И.
Жамбыл облысының әкімі
Әбдірайымов Ғ.Р.
Тараз қаласының әкімі
Рахманбердиев Р.С.
Байзақ ауданының әкімі
Байтоле Б.Б.
Қордай ауданының әкімі
Досаев Қ. Ә.
Шу ауданының әкімі
Қазанбасов Б. А.
Жамбыл ауданының әкімі
Мұсаев М. Т.
Мойынқұм ауданының әкімі
Өмірбеков М. А.
Меркі ауданының әкімі
Нарбаев Б. Ж.
Сарысу ауданының әкімі
Көпбосынов Б.
Жуалы ауданының әкімі
Алиев Д.Қ.
Талас ауданының әкімі
Қрықбаев А. С.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Бердияров О.А.
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы
Алчинбаев Р.М.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы
Мерманкулова Ш. М.
Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы
Жұманқұлов М.С.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы
Құрманғали Б.У.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Мәтен М.М.
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жауынбекова Г.Ә.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Ахатаев Ә. Б.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Тұрмаханбетова Р.С.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысы
Баубеков Ж. Н.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Рыспаев А. М.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Айдапкелов С. Ө.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
Нұржігітов Н.М.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Тапеев С. М.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омаров Ж. Ж.
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы
Жайлыбаев Б.Ш.
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Бықыбаев Д. Д.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Айткулов Канат Онгарулы
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Санаттар

БІЛІМ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ (МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ

ИПОТЕКА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТРАНСПОРТ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҒЫЛЫМ

СПОРТ

АУДАНДАР

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

ТУРИЗМ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ

ФОТОАЛЬБОМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОРҒАУ


Баннеры:

Қрықбаев А. С.

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Автор жазбалары Сұрақтар Сұрақ қою

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен еңбеккерлері!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен  еңбеккерлері!

Ауданның  агроөнеркәсіп саласының барша мамандарын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке- ауылдық жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің, ауданымыздың  азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың  кәсіби мерекесі. Бүгінде мал шаруашылығы саласының жұмыскерлері де оң көрсеткішткерге қол жеткізіп отыр. Мал мен құстың саны артып, мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі ұлғайды.
Бидай, ет, сүт, майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу, оны шикізат ретінде сату көп еңбек пен белсенділікті талап етеді.Мемлекет тарапынан бөлінетін үздіксіз қолдау шаралары жаңа жетістіктерге қол жеткізу үшін мүмкіндіктер туғызып отыр. Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің кәсіби шеберлігі, табандылығы мен өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық.Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен озаттарына адал және өлшеусіз еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіреміз.Қырманды қызыл дәнге толтырғандар, төрт түлікті төлдетіп, мал басын көбейткендер  назардан тыс қалмайды. Олардың барлығы жылдың 4 мезгілінде тынбай еңбек етеді.Берекесі мен бірлігі  біте қайнасқан еңселі ауданның бүгінгі тірлігі де жарасымды. Бұл егін, мал шаруашылығын дамытып, туған жердің қамын көксеп жүрген  азаматтардың арқасы екені  талас тудырмайды. Көктемде дән сеуіп, жазда егінді өңдеп, күзде шашаусыз жинап алған диқандар енді аздап бір дем алып, келер жылғы дала жұмыстарына кіріспек.Олар техника паркін тағы бір жаңалап, қыстан қысылмай шығуға қамдануда. Агросекторды дамытуға басым бағыт беріліп отырған шақта шаруаларға жүктелер міндет те зор. Заманауи жаңа технология мүмкіндіктерін мол пайдалануға терең білім және өлшеусіз еңбек, жаңаша көзқарас  қажет. Әрбір шаруа жайын күйттеген жан заман көшінен қалмаудың амал-тәсілдерін қарастырып, шаруасын шалқыта беруі тиіс. Осындай жауапкершілігі мол еңбектеріңізге мол табыс пен жетістіктер тілейміз!  
Құрметті, жерлестер!Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Барлықтарыңызды кәсіби мерекемен құттықтап, шын жүректен зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміз Қазақстан Республикасының  игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiн!
 
Т.Рысқұлов ауданы әкімі    А.Қрықбаев 
16 Қараша 2018 Жыл · 1 көріп шығу · пікір жазылған 0
Құрметті,қаржы саласының қызметкерлері!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

 

Құрметті,қаржы саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қаржы саласы терең білім мен тиянақтылықты,мол тәжірибе мен ыждаxаттылықты қажет ететін күрделі сала екені белгілі. Ауданның әлеуетін арттырып,экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әр қаржы қызметкерінің еңбектеріне табыс,мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Бай,қуатты болыңыздар! Еселі еңбектеріңіз абырой биігін бағындырып,беделдеріңіз арта берсін! Мереке құтты болсын! Ізгі тілекпен,аудан әкімі А.С.Қрықбаев

15 Қараша 2018 Жыл · 1 көріп шығу · пікір жазылған 0
Құрметті ұстаздар, білім саласы қызметкерлері!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Құрметті ұстаздар, білім саласы қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Адам бойындағы ең асыл қасиеттер - ізгілік пен білімділік дейтін терең мәнді сөз бар. Ал адам жанына осы асылды дарытушы - Мұғалім. Ендеше, Мұғалімдер күні - өмірдегі орны бөлек, ең ұлық мереке.Біздің елімізде білім көшін бастап келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет әрдайым арта бермек!

Елбасы Н.Назарбаев: “Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бө­лігі болып табылады. Сіздер біздің бала­ларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын  жетілдіресіздер. Олар үшін кейде ата – аналарына  қарағанда, Сіздердің бедел­деріңіз зор. Жас ұрпақтың  болашақ азаматтық бағдары олардың патриотизмі, туған жерге деген махаббаты көп ретте Сіздерге байланысты”, – деген еді. Білім-тәуелсіз мемлекет ретінде даму мен 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттер сапына қосылудың басты шарты. Білім саласының мақсаттары мен нысаны, әдістері мен талаптары өзгергенмен, өскелең ұрпақты қалыптастыратын мұғалімнің орны еш уақытта өзгермейді. Мұғалім-мектептің басты тұлғасы. Тәрбиелі  де білімді, саналы да салихалы ұрпақты тәрбиелеу ұстазға зор жауапкершілік пен мол міндет жүктейді.

Қазіргі таңда аудан мек­тептерінде  1871 мұғалім шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие бесігінде тербеуде. Міне, осы ұлағатты ұстаздардың арқасында оқушылар биіктерден  көрініп, ауданның  мәртебесін асқақтатуда.Қазіргі кезең –ақпараттық технологиялық мәдениеттің қарыштап дамыған уақыты. Өркениет көшіне ілесе отырып, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мен интеллектісі дамыған азамат тәрбиелеу терең білім мен көп ізденісті қажет етеді. Сондықтан да ұстаз қауымына қойылар міндет те мол, артылар жүк те ауыр.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деген ұлы Абай бабамыз.Сіздер жас ұрпақтың санасына білім нәрін сеуіп, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге  бересіздер! Ұстаз болашақ ел азаматтарын ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастырады. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірт бойына жеткізе білумен қатар, оқушылардың білімді де парасатты болып шығуына ықпал жасап, болашақтың іргетасын қалап келесіздер. Бақытын еңбектен тапқан әр шәкірт Сіздер үшін ерекше қымбат.Сіздердің еңбектеріңіз бала жадында, әріптестеріңіздің есінде мәңгі қалары сөзсіз. Сіздерге мың алғыс, ардақты ұстаздар!

Қоғам мен адамзат алдындағы ерен еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге жас  ұрпақты тәрбиелеудегі жұмыстарыңызға сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.Шәкірттердің құрметі мен махаббатына бөленіп, биік белестерді бірге бағындырыңыздар! Тәуелсіз еліміздің және ауданның  білім саласының дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңізге шексіз алғыс білдіремін! Қадірлі ұлы мамандық иелері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға бақытқа толы ғұмыр, еңбектеріңізге сәттілік, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Еліміздің, ауданның атын әлемге танытар білімді де талантты шәкірттер көбейе берсін! Мереке құтты болсын!

 

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімі                              А.Қрықбаев

 

3 Қазан 2018 Жыл · 47 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрметті қариялар, ардақты ардагерлер, аяулы аналар!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 Құрметті қариялар, ардақты ардагерлер, аяулы аналар!

Баршаңызды халықаралық қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! 1990 жылы желтоқсанның 14 күні  Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын.
Бастапқыда қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға,  қарт зейнеткерлер мен  мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылған. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы тағайындалған.  Бұл мерекенің ауқымы кеңейді, жоғары деңгейде аталып,  жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiніп келеді.  Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көп балалы аналарға қамқорлықпен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Елімізде әр адамның өмірі мен бостандығы, құқығы заңмен қорғалады. Мемлекет қарт азаматтарға үздіксіз қамқорлық танытып келеді.Біздің ауданда да қарт азаматтар мен мүгедек жандарға көрсетілер қызмет көп.

Құрметті, ардагерлер! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тәрбиелеріңіздің орны бөлек. Себебі сіздердің ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасар өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпайсыздар.Ортамызда аман-сау жүре беріңіздер, ардақты ардагерлер!

2 Қазан 2018 Жыл · 28 көріп шығулар · пікір жазылған 0
Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!
Блог авторы: Қрықбаев А. С.
Санат: ЕРКІН ТАҚЫРЫП

 

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!

Дін тірегі -имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет, парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, ізгі еліміз күн санап өркендеуде. Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық пиғылдағы келісім арқасында қазақ жерінде 140-тан аса  этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Ауданымыздың мұсылман қауымы осында мекендейтін өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын мақтан етуге болады.

Құрбан айт татулықты басты тірегі еткен Тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Елбасы мерейлі мейрамды Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Парасатты шешім халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді.

Құрбан айт- отбасылық мереке. Отбасын шаттыққа бөлеп, ағайын-туыс, көршілерді аралап, жағдайын сұрау – сауапты іс. Құрбан айт араздасқан адамдар татуласып, бір-бірін кешірісіп, туысқандық байланысты күшейтуге себепкер ұлық мейрам. Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амал үшін құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршілерді, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады.

Еліміздің барлық азаматтары өздері таңдаған дінді уағыздап, өздерінің туған тілінде сөйлеп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауда. Мұның бәрі Мемлекет басшысының салиқалы саясатының жарқын дәлелі және ол біздің мемлекетімізде адамның құқықтары мен бостандықтарына, наным мен сенім еркіндігіне кепілдік беретін демократиялық қағидаттардың беріктігін білдіреді.Елімізде сүттей ұйыған конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан және тән тазалығын ғана уағыздайтын Ислам дінінің ұлтаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесі де зор.Ендеше, қадірменді ағайын, әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, береке тілейміз. Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!

А.Қрықбаев –аудан әкімі       

22 Тамыз 2018 Жыл · 98 көріп шығулар · пікір жазылған 0
басы ... <-алдынғысы  1  2 3 4 5 6 келесісі-> ... соңы
Автор туралы

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Қрықбаев Асқар Санатұлы 1965 жылы туылған, білімі жоғары, 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» және 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Луговой ауданы Қорағаты совхозының егіс бригадасында жұмысшы болып бастаған. 1988-1989 жылдары — Алматы орта кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, лаборант, 1989-1993 жылдары — Алматы облыстық автосервис және сауда кәсіпорнында инженер, шұғыл жөндеу шебері, бастықтың экономика және сауда жөніндегі орынбасары, 1993-2012 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалдарында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшы лауазымын атқарған.


Соңғы сұрақтар
Ташкентов Бердібек Қалмаханұлы
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Қайырлы күн! Асқар Санатұлы мен ауданымызда балық шаруашылығымен айналысайын деп едім. Ауданды толығымен балықпен қамтамасыз ету ...
Ташкентов Бердібек Қалмаханұлы
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Қайырлы күн! Асқар Санатұлы мен ауданымызда балық шаруашылығымен айналысайын деп едім. Ауданды толығымен балықпен қамтамасыз ету ...
Саркулова Шаттык
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Саламатсыз ба. Каменка ауылының Жібек жолы көшесінің соңғы аялдамасын ауыстырды. Бірақ орындықтары жоқ. Соңына дейін аяқтаған жоқ. Сол ...
Кайнарбаев Аскар Жумагалиевич
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Орталық алаңдағы жасыл бағдаршамның уақытын ұзартуға бола ма? жаяу жүргінші болғандықтан өтіп кетуге мүмкіндік аз.ал қызыл бағдаршам ...
Шукирова Мадина Нурмаханбетовна
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Сәлеметсіз ба? Асқар Санатұлы. Мен Көгершін ауылының тұрғыны. Сіздер биылғы жылы Абылайхан көшесіне су жүргізіледі деп есеп бергенде ...
Нусибалиев Рашит
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Курметты Аскар мырза сизге сурагым мен Нусибалиев Рашит Жанатурмыс ауылында турамын менин омир бойына берилген жерим бар еди колеми 15 ...
Наметкулов Адепбай
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Я Наметкулов Адепбай 1925 г прожив.с.Жаксылык прошу Вас оказать помощь по устранению весенних паводковых разрушении у меня дома. Ранее 14 ...
Намекулов Адепбай
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Мен Наметкулов Адепбай 1925 ж Рысқулов ауд№ қурметі азаматы Жақсылық аулында турамын№Осы ақпан аинда болган табиғат апаты,су тасқын ...
Умерзакова Фариза
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Салеметсиз бе!Аким мырза мен Умерзакова Фариза Кокдонен ауылында турамын сиздерден комек сурайын меним 2балам бар 3ши баламды туайын ...
Бауыржан Сейтов
Сұрақ: Қрықбаев А. С.
Ауылда (Абайда) интернет жок есебi. Жылдамдыгы оте томен. Телеком га барсам жылдамдык бары сол-дейдi/ Барi жеке меншiк. Билайын, теле2 ...